Тариқ сүресінде қиямет күнін мына сөздермен ескертеді:
Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тірілту күшіне ие. Сол күні сырлар ашылады. (Ол күні) адам баласына күш те, көмекші де болмайды.
Тариқ 86:8-10
Тариқ сүресі Жаратқан Ие біздің барлық қылмысымыз бен ұятты қылықтарымызды ашып береді және бізді қияметтен құтқаратын ешкім болмайды деп нақты айтып тұр. Сол сияқты Адият сүресі де сол күнді былай суреттейді:
Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді. Өйткені ол, өзі де оған куә. Сондай ақ ол, байлықты өте жақсы көреді. Ал олар білмей ме? Қабірдегілер қопарылып шығарылған кезде. Көкіректегілер ашыққа шығарылатын сәтте; Ол күні Раббылары толық хабар алушы.
Адият 100:6-11
Адият адам баласының ең кішкене ұятты нәрсесінің өзі Аллаға аян және Одан ешнәрсе де құпия емес екенін ескертеді.
Біз болашақтағы қиямет соты туралы ойламай, бізге ешқандай қауіп жоқ деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ, Тариқ және Адият сүрелері осыған байланысты нақты ескертулер келтіруде.
Сол күнге дайын болғанымыз дұрыс па? Әлде басқадай ма?
Иса Мәсіх (ғ.с.) сол күнге дайын болып барлық қару-жарақпен дайын тұратындар үшін арнайы келгенін мәлімдеді. Інжілде былай делінген:
Себебі Әкесінің өлгендерді тірілтіп жан беретініндей, Ұлы да Өзінің қалағандарын тірілтеді. Әкенің Өзі ешкімді соттамай, барлық сотты Оған тапсырған. Осылайша бәрі Әкені қалай қадірлесе, Ұлын да солай қадірлесін. Ал кімде-кім Ұлын құрметтемесе, Оны жіберген Әкесін де құрметтемейді. Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті. Сендерге тағы бір өте маңызды шындықты айтып тұрмын: рухани өлілер Құдайдың рухани Ұлының даусын естіп, Оған сенетін уақыт болады, тіпті сол уақыт келді де. Сонда Оның даусына құлақ салғандар тіріледі. Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады. Ол көктен келген Билеуші болғандықтан, Әкесі Оған қиямет сотын жүргізу билігін де тапсырған.
Жохан 5:21-27
Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің ұлы билігін жариялады – қиямет соты күні бізге көмектесетінін де анық айтты. Мәсіхтің билігі Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған Таурат кітабында әлемді алты күнде жаратқанымен расталып отыр. Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған Тауратта әлем алты күнде жаратылды. Артынан Забур және басқа пайғамбарлар Құдайдың белгілеген жоспары бойынша, Мәсіхтің келуін егжей-тегжейлі болжады. Дегенмен, «Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті» – дегендепайғамбар не айтпақ болды? Біз оны осы жерден қарастырамыз.