Home » фаоыв Иса Мәсіх (ғ.с.) туралы Таурат не дейді

фаоыв Иса Мәсіх (ғ.с.) туралы Таурат не дейді

  • by

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышқа шегеленгені және өлімнен қайта тірілгені әлем басталғаннан Жаратқан Иенің жоспарымен болғанын Інжіл растайды.  Пайғамбар қайта тірілгеннен кейін 50 күн өткен соң шікірттерінің ішіндегі ең бастысы Петір осы ту ралы өзінің ерекше уағызында мәлімдеді: 

 Ал Иса Құдайдың еркімен және алдын ала білуімен құрбан етілді: сендер Оны Құдайға мойынсұнбаған шетелдіктердің қолымен айқышқа шегелетіп өлтірттіңдер! Бірақ Құдай Исаны өлім тұзағынан босатып, тірілтіп алды. Өйткені Оның өлім құрсауында қалуы мүмкін емес болатын.

Елшілердің істері 2:23-24

Оның уағызынан кейін көп адамдар Құдайға сене бастады, нәтижесінде құтқарылу туралы ізгі хабар жердің бар түкпіріне еш мәжбүрлеусіз тарала бастады. Құтқарылу туралы ізгі хабардың сонша жылдам тараған себебі, осы оқиғаға дейін бірнеше ғасыр бұрын Таурат пен Забур пайғамбарлары арқылы осы жайлы жазылған еді. Адамдар Петір сөзін Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өліп, қайта тірілетіні туралы бұрынғы пайғамбарлар шынымен айтты ма деп салыстырып тексерді. Сол киелі жазбалар бүгінгі таңда еш өзгеріссіз бізге де қол жетімді.  Петірдің айтқан уағызы «Құдайдың жоспарлап пайғамбарлары арқылы алдын ала айтып отырғанын» біз де киелі жазбаларды тексеріп шындыққа көз жеткізе аламыз. Біз төменде Адам атадан бастап әлемнің жаратылысы тарихы бойы Петірдің сол күні Таураттан алған жерлеріне қысқаша шолу жасаймыз.   Осы адамдар

«шындығына көз жеткізу үшін күн сайын Киелі жазбаларды зерттеді» делінген .

Елшілердің істері 17:11

Петірдің айтқан сөзі оларға біртүрлі және ерекше болғандықтан олар киелі жазбамен салыстырып тесерді. Адамның табиғаты біртүрлі ерекше нәрсені қабылдамауға бейім. Ақыл санамыз солай жаратылған. Егер оның айатқаны Құдайдан болып және оны қабылдамаса өздерін Ғашия сүресінде айтылғандай жазалаулар күтіп тұрғанын олар білді. 

Бірақ әлде кім бет бұрса, қарсы келсе; Сонда Алла, оны зор азаппен қинайды. Расында олардың қайтар жері Біз жақ. Сосын сөз жоқ. Олардың есебі Бізге тән .

Ғашия 88:23-26

  Оның айтқандары Құдайдан екенін тексерудің сенімді жолы оның айтқандарын пайғамбарлар жазбаларымен салыстыру. Тек солай ғана Құдайдың айтқандарын менсінбей қою қауіпінен сақтана алады. Біз де ақылды болып, Иса Мәсіхтің өлімі мен қайта тірілуі ежелгі пайғамбарлар арқылы айтылды ма, жоқ па тексеру үшін Жазбаларға жүгінейік. Таураттан бастайық. 

Таурат пен Құранның бірінші тарауларында Құдайдың болашаққа жоспары көрінеді

Иса Мәсіхпен (ғ.с.) не болатынын Құдайдың білгені Таураттың бірінші беттерінде-ақ түсінікті болды. Осы төрт киелі жазбалардың бәрінде (Таурат, Забур, Інжіл және Құран) екі аптаның оқиғасы әр күні суреттеліп жазылған. Бірінші апта – Құдай жер мен көкті алты күн ішінде жаратты. Ол туралы Таураттың бірінші екі тарауында жазылған. Мән беріп қарасаңыз Құранда да әлем алты күнде жаратылған деп жазылған.  

Күдіксіз Раббыларың сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыны меңгерген. Бірін-бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді және күн мен айды, жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Сақ болыңдар! Жарату және бұйрық беру Оған тән. Өте жоғары Алла, бүкіл әлемнің Раббы .  

Араф 7:54

Ол, сондай көктер мен жерді және екі арасындағыларды алты күнде жаратып сосын ғаршыны меңгерді. Ол, тым қамқор, оны білгеннен сұра .   

Фурқан 25:59

Ол сондай Алла, көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды алты күнде жаратып, сосын ғаршыны меңгерді. Сондықтан сендердің Одан өзге ешбір иелерің де шапағатшыларың да жоқ, ойламайсыңдар ма?.  

Сәждә 32:4

Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселерді алты күнде жараттық, шаршамадық .  

Қаф 50:38

Ол сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратып, сосын ғаршыны игерді. Ол, жерге кірген нәрсені әрі одан шыққан нәрсені және көктен түскен нәрсені, оған көтерілген нәрсені біледі. Сондай-ақ Ол, қайда болсаңдар да сендермен бірге. Алла не істегендеріңді толық көруші .  

Хадид 57:4

Әр күні тәптіщтіеліп жазылған екінші апта Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өмірінің соңғы аптасындағы оқиғаларды қамтиды. Әлемдегі ешбір пайғамбардың Ыбырайым, Мұса, Дәуіт және Мұхамбет (ғ.с.) дәл осылай апта бойы әр күні тәптіштеліп жазылмапты. Таураттағы әлемді жаратқан алты күннің оқиғасын толығымен осы жерден оқи аласыз. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) соңғы аптадағы өмірі алдындағы мақалада келтірілген. Төмендегі кестеде жоғарыда айтылған екі аптадағы оқиғаның әр күні келтірілген. 

Апта күндеріЖаратылыстың алты күніМәсіхтің соңғы аптадағы өмірі 
1-ші күн Сонда Құдай: «Жарық пайда болсын!» — деп бұйырды. Осылай жарық пайда болды
 
Мәсіх Иерусалимге кріп «Мен дүниеге нұр ретінде келдім…» деп жариялады. Нұр түнекте жарқырайды.
2-ші күн Осылай Ол әуе кеңістігін жасап, соның астындағы суды үстіндегі судан бөлді
 
Иса ғибадатхананы дұға ету орны ретінде тазарту арқылы жердегі нәрселерді көктегі нәрселерден ажыратады  
3-ші күнАспан астындағы су бір жерге жиналып, құрлық көрініп тұратын болсын!
Жер жасыл өсімдіктерді: түрлеріне қарай тұқым шашатын өсімдіктерді әрі дәнегі бар жеміс беретін ағаштарды өсіріп шығарды.
 
Иса тауларды теңізге жылжыта алатын сенім туралы айтады. Иса Мәсіх (ғ.с.) қарғағанда інжір ағашы тамырына дейін қурап қалды.
4-ші күнҚұдай үлкенірегі күндізге, кішірегі түнге билік жүргізетін жарқыраған екі үлкен аспан шырағын әрі жұлдыздарды жаратты.
 
Иса Мәсіх (ғ.с.) қайта оралғанда аспандағы күн мен ай және жұлдыздар күңгірт тартады.
5-ші күнОсылай Құдай суды мекендейтін алып жануарларды, суда қаптап жүрген басқа да жануарлар мен жәндіктердің барлық түрін, сонымен бірге алып ұшатын (айдаһар) қанаттыларды да түр-түрімен жаратты
 
Шайтан, ұлы айдаһар Мәсіхті құрту үшін Яһуданың ішіне кірді.
6-шы күнҚұдай әр қилы аңдар мен малдарды және бауырымен жорғалаушыларды түр-түрімен жаратты

Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды қалыптастырып жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді.
  Құдай Ие шығыс жақта, Едем деген жерге пейіш бағын орнатып, Өзі жаратқан адамды сонда орналастырды.
  Саған бақтағы күллі ағаштардың жемістерін жеуге болады. Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жемейсің! Себебі одан жесең, сол күні өлесің»,   Сонымен адам малдар мен аңдардың және аспандағы құстардың барлық түрлеріне де өз аттарын берді. Ал адамға өзіне сай көмекші табылмады.            Сонда Құдай Ие адамды терең ұйқыға батырып
 ұйықтап жатқанда оның бір қабырғасын алып, соның орнын етімен жауып тастады.    Құдай Ие осы қабырғадан әйел жасап шығарып, оны адамға алып келді.
 
Құтқарылу мейрамына арналған малдар ғибадатханада құрбандыққа шалынды     Ал Иса қатты дауыстап жіберіп, жан тәсілім етті.
          Иса Мәсіх (ғ.с.) өз еркімен Гетсиман бағына кірді     Алайда айқыш ағашқа шегеленіп ілінген кезде Мәсіх бізге тиісті қарғысты Өз мойнына алып, бізді Таурат заңы мәлімдеген қарғыстан құтқарды! Себебі Тауратта «ағашқа ілінген әркім Құдайдың қарғысына ұшырап тұрады» деп жазылған.   Өйткені құрбанға шалынған бұқалар мен қошқарлардың қаны адамның күнәсін толығымен алып тастай алмайды. Сол себепті Мәсіх бұл дүниеге келгенде, Өзін құрбандыққа қиятыны туралы (Құдай Әкеге) мынадай сөздер айтқан: Құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың, Бірақ Маған тәндік денемді дайындадың.
  Иса Мәсіх (ғ.с.) өлім ұйқысына кіреді          — Жүр, мен саған «Қалыңдықты» — «Тоқтының үйленетін әйелін» көрсетейін, — деді.
 
7-ші күнҚұдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтап, сол күні жұмыс жасамай демалды
 
Иса Мәсіх (ғ.с.) өлім құшағында тыныштықта болды

Осы екі аптадағы оқиғалар айнадағы бейне секілді бір-бірін қайталап тұр. Олардың араларында мағыналы симетриялық байланыс бар. Олардың әр қайсысы өмірдің жаңа белесімен айқындалды және жаңа өмірдің жаралғанына куә келтіріп отыр. Адам ата мен Иса Мәсіх (ғ.с.) – қарама-қайшы бірақ ұқсас тағдыры бар. Адам ата мен Иса Мәсіх (ғ.с.) туралы Құранда былай айтады: 

«Сондай-ақ сендерге алдымдағы Тәуратты растаушы әрі Раббыларыңнан сендерге арам етілген кей нәрселерді халал ететін аят келтірдім. Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар». 

Али Имран 3:50

Інжілде Адам ата туралы былай делінген:

 Бірақ та өлім Адам атадан Мұсаның заманына дейін өзінің билігін жүргізіп келді. Дәл Адам атаның Құдайдың анық бұйрығын бұзғаны сияқты күнә жасамағандарға да өлім билігін жүргізді. Адам атаға қарайтын болсақ, кейінірек келген Мәсіх жайында көп нәрселерді жақсырақ түсіне аламыз.

Римдіктерге 5:14


          Сондай-ақ:  

 Бір адам арқылы өлім дүниеге келді, сол сияқты бір Адам арқылы өлгендер қайта тіріледі: яғни Адам атамен байланыстағылардың бәрі өлуге тиіс болғанындай, Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі де тіріледі

1-ші Қорынтықтар 15:21-22

Адам ата мен Иса Мәсіхті (ғ.с.) салыстыру арқылы біз олардың бір-біріне қарсы қойылғанын көреміз. Құдай Иеге әлемді міндетті түрде алты күнде жарату қажет болды ма? Ол әлемді бір сөзбен бір күнде жаратуына болар еді. Ол неге әлемді біртіндеп жаратты? Егер Құдай ешқашан шаршамайтын болса, онда неге Оған демалу қажет болды? Құдай жерді алты күн жаратқан себебі, Иса Мәсіхтің (ғ.с.) соңғы аптасының алты күніне сәйкес келтіріп жасап шықты. Ал алтыншы күні ерекше болды. Үзіндіде пайдаланған сөздер, болашақты болжады. Інжіл Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімінде: «Өлді» – деп емес, «Рухын шығарды» – деп суреттейді. Ол сөз жаратылыстың басталуындағы Адам атаға Құдай «тіршілік лебін үрледі» деген сөздің символикалық теңеуі. Ол теңеу Петір өз уағызында келтірген Иса Мәсіх (ғ.с.) өлімнен қайта тірілгенін айтқанындай, болашақта болатын жағдайды суреттеу. 

Таураттан келтірілген қосымша мәліметтер

Тауратта жазылған бірқатар оқиғалар мен Құдай бекіткен рәсімдер, болашақта Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құрбан болатынына болжам болды. Біз ол нәрселерден Құдайдың болашаққа жоспарын көруіміз үшін берілген. Олардың кейбірін біз жоғарыда айтып өттік. Ал төменде берілген кестеде Иса Мәсіх (ғ.с.) туғанға дейін 1000 жыл бұрын жазылған ұлы нышан-белгілер келтірілген.  

Таурат нышан-белгілеріБұл Иса Мәсіхтің (ғ.с.) болашақтағы құрбан болатынын қалай ашады
Адам ата нышан-белгілеріАдам ата Жаратқан Иеге мойынсұнбады, әйелдің ұрпағы жыланның басын мыжиды ал ол оның өкшесін шағады.  
Қабыл мен Әбілдің нышан-белгісіҚабыл көкөніс ұсынды, ал Әбіл тоқтыны құрбандыққа шалды. Қабылдікі қабылданбады, ал Әбілдің құрбандығы қабыл болды, өйткені ол болашақта Иса Мәсіхтің құрбандығын болжады. 
Ыбырайымның нышан-белгісіЫбырайым пайғамбардың ұлын құрбандыққа шалған жері мыңдаған жылдар өткен соң Иса Мәсіх (ғ.с.) құрбандыққа шалынатын орын болғандықтан, Ыбырайым пайғамбар болашақ құрбандық туралы айтқан болатын. Ұлы өлуі керек еді, бірақ ұлы тірі қалу үшін соңғы сәтте тоқтымен ауыстырылды. Бұл «Құдайдың Тоқтысы» Иса Мәсіхтің өмір сүруіміз үшін өзін қалай құрбан ететінін бейнеледі.  
Мұса пайғамбардың нышан-белгісіҚұдайдың жоспарының егжей-тегжейлері қойларды белгілі бір күні – Құтқарылу мейрамында құрбандыққа шалғанда ашылады. Тоқтыны құрбандыққа шалмаған Мысыр перғауны өлімге ұшырады. Бірақ құрбандыққа тоқты шалған исраилдіктер өлімнен аман қалды. Жүздеген жылдар өткен соң Иса әл-Мәсіх күнтізбедегі дәл осы күні – Құтқарылу мейрамында құрбандыққа шалынды.  
Һаронның нышан-белгісіҺарон арнайы дәстүр ретінде жануарлардың  құрбандықтарын енгізеді. Күнә жасаған исраил халқы күнәларын өтеу үшін құрбандық шала алатын. Бірақ құрбандық өлімі қажет болды. Халық атынан құрбандықты тек діни қызметкерлер ғана шалады. Бұл Иса Мәсіхті (ғ.с.) біз үшін өз өмірін құрбан ететін діни қызметкер ретінде күткен еді.  

Таурат және Мұса пайғамбар (ғ.с.) Иса Мәсіхтің (ғ.с.) келетінін ашық және анық айтты. Сондықтан былай делінген: 

          Таурат заңына негізделген ескі құлшылық ету жолы Құдайдың адамдарға дайындап қойған игілігінің өзі емес, оның күңгірт жобасы ғана. Сол заң бойынша жыл сайын қайталап жасала беретін бірдей құрбандықтар Құдай алдына баратын адамдарды еш уақытта түпкілікті тазартып, мүлтіксіз ете алмайды (Еврейлер 10:1).

Иса Мәсіх (ғ.с.) оның құрбандығын мойындамағандарға былай ескерту айтты:  

 Әкемнің атынан келсем де, Мені қабылдамайсыңдар. Ал басқа біреу өз атынан келгенде, сендер оны қабылдайтын боласыңдар. Бір-біріңнен құрмет күтіп, жалғыз Құдайдан болатын шынайы құрметті іздемей жүресіңдер. Сонда сендер Менің Құдайдан келгеніме қалайша сене аласыңдар? Мен сендерді Әкемнің алдында айыптайды деп ойлап қалмаңдар. Айыптаушы бар: ол — сендер үміт артып жүрген Мұса пайғамбар. Егер де шынымен Мұсаға сенсеңдер, онда Маған да сенер едіңдер, өйткені ол Мен туралы жазып кеткен. Алайда Мұсаның жазбаларына шындап сенбейсіңдер, ендеше Менің сөздеріме қалай сене аласыңдар? .

Жохан 5:43-47

Өзінің әлемге не үшін келгенін шәкәрттері толық түсіну үшін, Иса Мәсіх (ғ.с.) соңынан ерушілерге былай деді: 

 Содан кейін Мәсіх Иса: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, .

Лұқа 24:44

Мәсіхтің айтуына сәйкес тек Таурат қана емес, сонымен бірге «пайғамбарлар жазбалары мен жырлар да» ол туралы куәлік келтірген. Ол туралы толығырақ осы мақалада айтылған. Егер Таурат оның келетінін бейнелі түрде баяндаса, кейінгі пайғамбарлар оның өліп, қайта тірелітінін қайта-қата біржақты болжап жазып қалдырған. 

Келесі мақалада Иса Мәсіх (ғ.с.) уәде еткен мәңгілік өмір сыйын қалай қабылдауға болатынын қарастырамыз. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *