Home » Шайтанның Иса Мәсіхті (ғ.с.) сынауы

Шайтанның Иса Мәсіхті (ғ.с.) сынауы

  • by

Әнфал сүресінде шайтанның адам баласын қалай сынайтыны туралы жазылған. 

Сол уақытта шайтан олардың қылықтарын өздеріне әдемі көрсетті де: «Бүгін адамдардан сендерді жеңуші жоқ. Расында мен сендерге көмекшімін» деді. Екі топ бірін-бірі көргенде, теріс айналып: «Мен сендерден мүлде беземін. өйткені, сендер көрмейтін нәрсені көремін. Алладан қорқамын. Алла қатты азап иесі.» деді .   

Әнфал 8:48

 Таһа сүресінде Ібілістің Адам атаны күнәға қалай итергені туралы жазылған. Онда былай делінген: 

Ақыр шайтан оған азғыру жүргізіп: “Әй Адам! Саған мәңгілік ағашын және таусылмайтын салтанатты көрсетейін бе?”,- деді.  

Таһа 20:120

Дәл сол амалын шайтан Иса Мәсіх (ғ.с.) қолданып тұр. Інжіл кітабында Жақия пайғамбар (ғ.с.) келген соң, шайтанның Иса Мәсіхті (ғ.с.) азғыруға тырысқаны туралы жазылған әңгіме бар. Жақия пайғамбардың (ғ.с.) адамдардың жүрегін Мәсіхтің келуіне дайындап жатқаны оған белгілі еді. Пайғамбар барлық адамдарды тәубе етуге шақырды. Інжілде Иса Мәсіх (ғ.с.) Жақия пайғамбар (ғ.с.) арқылы шомылу рәсімінен өтті деп жазылған. Осы жағдай Исаның (ғ.с.) жер бетіндегі Мәсіх ретінде қызметке кіріскен уақыттың басталғанын көрсетеді. Бірақ Иса Мәсіх (ғ.с.) қызметіне кіріспес бұрын, адамзаттың ата жауы шайтан немесе ібілістің сынағынан өтуі тиіс еді.

Інжіл кітабында осы сынақ барлық егжей-тегжейлерінде жазылған: шайтан Иса Мәсіхті (ғ.с.) үш рет азғыруға тырысты. Сол сынақтардың әр қайсысын жеке қарастырайық. (Байқасаңыз шайтан Иса Мәсіх (ғ.с.) «Құдай Ұлы» деп айтып тұр. Осы атау туралы түсіндірмені осы жерден қара). 

Нанмен сынақ

  Бұдан кейін Киелі Рух Исаны шайтанның сынағынан өтуі үшін айдалаға бастап алып барды. Иса қырық күн, қырық түн ораза тұтып, соңында әбден ашықты. Сонда азғырушы әзәзіл Оның қасына келіп: — Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыра гөр! — деді. Иса оған былай деп жауап қатты: — «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді»  деп (Тауратта) жазылған ғой! .

Матай 4:1-4


 Бұл жерде шайтанның Адам атаны Едем бағында қалай азғырғанына паралелль келтіруге болады. Бірінші жағдайда тыйым салынған жеміс жеуге жарамды түрі жағынан «көрікті» боп көрінді. Иса (ғ.с.) жағдайында, ол 40 күн ораза ұстағандықтан ол әбден ашыққан еді, сондықтан нан ол ең қажетті ас болды. Нәтижесінде бірінші азғыруда Адам ата қарсы тұра алмады, ал Иса Мәсіх (ғ.с.) шайтанның азғыруына қарсы тұра алды. 

Неге тамақ жемей 40 күн ораза ұстау керек? Бұл туралы Інжілде нақты ештеңе жазылмаған. Ал Забурда келетін қызметші яһуди арасынан шығады деп жазып қалдырған. Ал исраил халқы Мұса пайғамбар (ғ.с.) басшылығымен аспаннан түскен манна нанын жеп, 40 жыл айдалада кезіп жүрді. Құдай сөзін ғана қорек етіп 40 күн ораза ұстау, Иса Мәсіх (ғ.с.) үшін исраил халқының 40 жыл айдалада болғанына орай – келген қызметші айдалада 40 ораза ұстады. 

Құдайды сынау азғыруы

Екінші азғыру одан да қиын болды. Інжілде былай жазылған: 

  Бұдан кейін әзәзіл шайтан Оны қасиетті қалаға (Иерусалимге) апарып, ғибадатхананың төбесіне шығарып, былай деді: — Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, төмен қарай секіре гөр! Өйткені «Періштелеріне Ол Сен жайлы бұйрық береді: Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін қолдарына көтеріп Сені алып жүреді»  деп (Забурда) жазылған ғой. Иса оған жауап қайтарып: — Алайда «Құдай Иеңді еркінсіп сынама!» деп те (Тауратта) жазылған ғой! — деді .

Матай 4:5-7

Исаны дегеніне көндіру үшін әзәзіл Забурдағы аятты сөзбе-сөз қолданып тұр. Шайтан Алладан асып түсем деп жанталасып, Құдаймен күресу үшін Киелі кітаптың бар аятын жатқа білетін сияқты. Ол осы кітаптардың мағынасын теріс пайдалану үшін бар аятты мұқият жаттаған тәрізді. 

Шайтан қолданып тұрған Забурдағы аяттардың толық мәтіні мыналар, ал әзәзіл тек бір бөлігін ғана қолданған. (Қолданған сөздердің асты сызылған). 

  Басыңа енді жамандық түспейді, Үйіңе ешбір апат та төнбейді. Періштелеріне Ол сен жайлы бұйрық береді: Қай жолмен жүрсең де, олар сені қорғап күзетеді, Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін Қолдарына көтеріп сені алып жүреді. Жас арыстан мен оқ жыланды аяқпен таптайсың, Үлкен арыстан мен абжыланды жаншып тастайсың. Себебі Жаратқан Ие былай деп айтқан: «Өзімді сүйгенді Мен құтқарып аламын, Өзімді мойындағанды қорғайтын боламын,.

Забур 90:10-14


          Көріп отырсаңыз Забурдағы «Сен» деген есімдікті шайтан Иса Мәсіхке (ғ.с.) қолданып тұр. Мәтінде тура мағынада Мәсіх немесе Христос деп жазылмаған, сонда шайтан осындай талқылауды қайдан алып тұр? 

Назар аударыңызшы: «Жас арыстан мен оқ жыланды аяқпен таптайсың» (13-шы аят). «Жас арыстан»  – Тауратта келтірілген, Жақыптың батасында исраил халқы ішіндегі яһуди ұрпағын атаған: 

  Яһуда, сен жас арыстанға ұқсайсың! Ұлым, аң аулап, қайтып келе жатырсың: Ол еркек арыстан құсап қомданады, Күшігін қорғайтын ана арыстандай жатады; Оны мазалауға кімнің батылы барады? Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды, Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды, Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында, Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да! .

Жарат. баст. 49:9-10


 Тауратта Жақып пайғамбар (ғ.с.) (б.з.д. 1700 ж.) яһуди ұрпағы арыстанға ұқсайды және сол ұрпақтан көсем өсіп шығады деп болжаған. Ары қарай Забурда осы пайғамбарлық сөз басқа пайғамбарлар арқылы ашыла түсті. «Ол» деген есімдікпен берілген біреу «арыстанның басын мыжиды», яғни яһудидің патшасы болады дегенге нұсқайды. 

Сонымен бірге шайтан келтіріп тұрған үзінді де сол біреу «айдаһарды жаншып тастайды» делінген. Бұл Едем бағындағы, әйелдің ұрпағы жыланның (немесе айдаһардың) басын мыжиды деген Құдайдың алғашқы уәдесіне тікелей қатысты болып тұр. Сол уәдені пайғамбарлық сөздермен салыстырып сызбаға салып көрейік. 

Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың»,  — деді.

Осы уәде бірінші рет Адам ата нышан-белгісінде айтылды, алайда ол жерде нақтылық көрсетілмеді. Енді біз ондағы әйел Мәриям екенін білеміз өйткені тек сол ғана еркектің қатынасыз дүниеге ұл әкелді. Уәдеде айтылған әйелдің ұрпағы, ол Иса Мәсіх (ғ.с.). Сызбада осы оқиғаға қатысқандардың аттары берілген. Көне уәдеде Иса Мәсіх (ғ.с.) шайтанның басын мыжиды делінгенін көріп отырсыздар. Шайтан келтіріп тұрған Забурдағы пайғамбарлық,  осы уәдені нұсқап тұр:  

«Үлкен арыстан мен абжыланды жаншып тастайсың» .  

13 аят

Келетін «ол» өзі патша болады және шайтанның басын мыжиды деген Таураттағы көне екі пайғамбарлық сөздегі дәл сол үзіндіні шайтан қолданып тұр. Өйткені Забурдағы сол аяттар Мәсіхке арналып жазылғанын шайтан білген. Шайтанның азғыруы осы аяттардың мағынасын өзгертіп іске асыруға тырысқанын көрсетеді. Таурат пен Забурдағы пайғамбарлық сөздер толық орындалады, бірақ Шайтан азғырғандай Мәсіх храм басынан секіріп, халықтың назарын өзіне аудару арқылы емес. Ол Таурат пен Забурда жазылғандай Құдайдың еркіне толық мойынсұнып өмір сүреді. 

Шайтанға табынуға азғыру

Ең соңында шайтан Иса Мәсіхті (ғ.с.) өз билігі астындағы барлық патшалықтармен азғырды. Інжілде былай делінген: 

 Содан кейін әзәзіл шайтан Оны тағы да ертіп алып бір биік таудың басына шығарды. Оған әлемнің барлық мемлекеттері мен олардың сән-салтанатын көрсетіп: — Егер аяғыма жығылып маған ғибадат етсең, бұлардың бәрін де Саған беремін, — деді. Сонда Иса оған былай деп жауап қайтарды: — Кет қасымнан, шайтан! «Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!» деп (Тауратта) жазылған ғой! Мұнан соң әзәзіл шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Сол сәтте періштелер келіп, Исаға қызмет көрсетті

Матай 4:8-11

Мәсіх сөздің мағынасы майланған дегенді білдіреді, сондықтан Мәсіхте шынымен де патша болу құқы бар. Шайтан Иса (ғ.с.) онсыз да тиесілі дүниені ұсынып байқап көргісі келді. Оның мақсаты Иса (ғ.с.) патшалыққа басқа жолмен, яғни шайтанға табыну арқылы қол жеткізсін дегенді көздеді. Ал енді бұл мүлде қиыспайтын дүние. Иса (ғ.с.) тағы да Таураттан үзінді келтіріп, азғыруды тойтарды. Иса Мәсіх (ғ.с.) үшін Таурат киелі үзінді болды; ол оны жатқа білді және онда жазылғандарға сенім артты. 

Иса (ғ.с.) – бізді түсінетін сол

Сынақ кезінде Иса Мәсіх (ғ.с.) басынан өткерген сынақтары, сіз бен біз үшін өте маңызды. Інжілде былай жазылған: 

 Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады .

Еврейлерге 2:18


          Сондай-ақ:  

 Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әр түрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ. Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына нық сеніммен жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз .
 

Еврейлерге 4:15-16

Естеріңізде болса, Һарон бас дін қызметкері боп тұрғанда, халық үшін құрбандық шалып отырды. Сол құрбандықтар арқылы исраил халқы күнәлары кешіріліп отырды. Дәл сол сияқты Иса Мәсіх (ғ.с.) бас дін қызметкері секілді біздің әлсіз тұстарымызға жанашырлық таныта алады. Иса (ғ.с.) шайтанның азғыруы кезінде бізге көмектесе алады, өйткені өзі де сол сынақтардан өтті, бірақ күнә жасамады. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) арқасында, бізде Құдайдың алдында сенімділік пайда болады. Иса (ғ.с.) біздің бас діни қызметкеріміз – ең ауыр азғыруларды басынан өткерді, бірақ бәріне де тойтарыс бере алды, күнә жасамады. Ол бізді түсінеді және біз азғырлу мен күнәға батсақ, көмектесе алады. Бірақ сұрақ мынада: Біз оның араласуына жол береміз бе? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *