Skip to content
Home » Қиямет соты: Қариа, Тәкәсур сүрелері және Мәсіх

Қиямет соты: Қариа, Тәкәсур сүрелері және Мәсіх

  • by

Қариа сүресі болашақтағы қиямет сотын былай суреттейді:

Ол зор уақиға не нәрсе?Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе? Ол күні адам баласы таралған паруанадай болады. Таулар түтілген жүндей болады.Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса, Онда ол, разы болатын бір тіршілікте болады. Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса, Онда оның орны «һауия» болады.

Қариа 101:2-9

Қариа сүресі таразы басындағы жақсылық істерге толы адамдар қиямет сотында жақсылықтан үміттері болады деп ескертеді. 

Ал енді жақсылықтары салынған таразысы жеңіл біздің жағдайымыз не болмақ? 

Тақасур сүресі былай ескертеді: 

Сендерді көбейтуде бәсекелесу айналдырды. Тіпті қабірлеріңе барғандарыңа дейін. Жоқ олай емес. Тез білесіңдер. Тағы олай емес. Жуырда білесіңдер. Жоқ олай емес. Анық білген боласыңдар; Әлбетте тозақты көресіңдер. Сонан кейін әрине көзбен көресіңдер. Сол күні, (дүниеде берілген) әр нығметтен әлбетте сұраққа тартыласыңдар.

Тәкәсур 102:1-8

Тәкәсур сүресі жердегі барлық істеріміз ашылған кезде, біздерді тозақ оты күтіп тұр дейді. 

Егер жақсылық таразымыз жеңіл болса, біз қиямет сотына дайындала аламыз ба? 

Иса Мәсіх (ғ.с.) игілікті істері аз адмдар үшін арнайы келді. Інжілде ол былай суреттеледі:

Сонда Иса оларға былай деді: — Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді! Бірақ Мен сендерге: «Мені көрдіңдер, алайда сенбейсіңдер» дегенмін. Әкем қарамағыма берген адамдардың барлығы Маған келеді, ал Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін. Себебі өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындау үшін көктен келдім. Ал Әкемнің еркі — Оның қарамағыма берген адамдарының бірде-біреуін тозаққа түсірмей, бәрін де ақырғы күні қайта тірілтуім. Себебі Әкемнің еркі мынау: Өзінің рухани Ұлына назар аударып, сенім артқан барлық адамдарға мәңгілік өмір сыйлау. Мен соларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын. Сонда Исаның көктен түскен «нан» Менмін дегеніне діндар яһудилер күңкілдеп наразылық білдірді: — Мынау біз әке-шешесін білетін Жүсіп ұлы Иса емес пе? Онда Ол қалайша «Мен көктен түстім» дейді? — Иса оларға былай деп жауап берді: — Өзара күңкілдеспеңдер! Мені жіберген Әкем Өзіме жақындатып тартса ғана, адамдар Маған келе алады; ал Мен оларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын. Пайғамбарлар жазбаларында «Бәрі де Құдайдан тәлім алмақ» делінген. Әкемді тыңдап, Одан тәлім алған әркім Маған келеді. Әрине, Құдайдан Келгеннен басқа ешкім Әкені көрген емес, Әкені көрген — тек Сол ғана.

Исаның құрбан болғанына сеніп мәңгілік өмірді иемдену

Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім Маған сенім артса, сол мәңгілік өмірге ие. Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Ата-бабаларың айдалада тәтті нанды жесе де, ақырында өлді. Бірақ қазір көктен түскен «нан» мынадай: одан «жеген» адам рухани өлімге душар болмайды. Көктен түскен «тірі нан» Менмін. Одан «жеген» әркім мәңгілік өмірге ие болады. Бұл «нан» — Менің денем, оны адамзат шынайы өмірге ие болсын деп құрбан етемін.

Жохан 6:35-51

Иса Мәсіх (ғ.с.) өзіне сенген әркімге мәңгілік өмір сыйлау үшін «көктен келгенін» растап отыр. Оның сөзін естіген яһудилер сондай билігінің барын дәлелдеу үшін одан керемет көрсетуін талап етті. Өз істерінің дұрыстығын дәлелдеу үшін Иса Мәсіх (ғ.с.) өзі және істейтін істері туралы жазып қалдырған, ежелгі пайғамбарлар жазбаларына сүйенді. Біз оның келуі жайлы айтылған Таурат және кейінгі пайғамбарлар жазбаларын қарастырдық. Бірақ оған сену дегеніміз не? Сіз ол сұрақтың жауабын осы жерден таба аласыз. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) адамдарды сөз билігімен сауықтырып қана қоймады, сонымен бірге табиғат күштерін де бағындыра алды. Ол өз тәлімінде былай түсіндіреді: 

 Мейрамның жартысы өткен кезде Иса ғибадатхананың ауласына барып, жұртқа тәлім берді. Яһуди діндарлары таңғалып: — Арнайы дайындықсыз Мынау Киелі жазбаларды қалай түсіне алады? — деді. Иса оларға былай деп жауап берді: — Ілімім Менікі емес, Мені Жібергендікі. Соның еркін орындағысы келген әркім осы ілім Құдайдан ба, әлде Мен өз бетіммен сөйлеп тұрмын ба, соны білетін болады. Өз бетімен сөйлеген әркім өзінің ғана беделін ойлайды. Ал Өзін Жібергеннің беделін ойлаған Кісіге сенуге болады, Оның ойында әділетсіздік жоқ. Сендерге Мұса пайғамбар Таурат заңын бермеп пе еді? Шындығында бірде-біреуің сол заңға бағынбайсыңдар. Әйтпесе неге Мені өлтірмексіңдер? — Жұрт Оған: — Жын соқты ма? Кім Сені өлтірмек? — деп қарсылық білдірді. Иса оларға былай деп жауап берді: — Мен (демалыс күні) бір керемет іс жасадым, ал бәрің соған абыржулысыңдар. Мұса сүндеттеуді бұйырды. Расында бұл рәсім Мұсадан емес, одан бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған. Сендер бұйрыққа сай балаларыңды туғаннан кейінгі сегізінші күні, демалыс күні болса да, сүндеттей бересіңдер. Сонымен Мұсаның заңы бұзылмасын деп, балалар демалыс күні де сүндеттеліп келеді. Ендеше біреуді демалыс күні ауруынан құлантаза сауықтырғаным үшін қалайша Маған ашуланасыңдар? Сырт көрінісіне ғана қарамай, әділ шешіңдер!

Иса — Құдай уәде еткен Құтқарушы Мәсіх пе?

Сонда бірнеше иерусалимдік тұрғындар былай деді: — Басшылар өлтіреміз деп жүрген кісі Осы емес пе? Қараңдар, Ол емін-еркін де ашық сөйлейді, ал Оған ештеңе демейді. Сонда Оның Мәсіх екеніне басшылардың көздері шынымен жеткені ме? Мәсіх келгенде, Оның қай жақтан шығатынын ешкім білмейді. Ал Мынаның қай жерлік екенін білеміз ғой. Сол кезде ғибадатханада тәлім беріп отырған Иса қатты дауыспен: — Менің кім екенімді, қайдан шыққанымды білесіңдер ме? Мен өз бетіммен келген жоқпын. Бірақ Мені жіберген — сендер білмейтін Ақиқаттың Өзі. Ал Мен Оны білемін, себебі Содан келдім, Мені Сол жіберді, — деді. Содан біреулер Оны тұтқындамақ болды, бірақ Оған қарсы ешқайсысы қол көтермеді. Өйткені Исаның өз жанын қиятын уақыты әлі жетпеген еді. Ал халықтың көбі: «Құтқарушы Мәсіх келгенде, Ол Бұдан артық кереметтер көрсетер деймісің?» — деп, Исаға сене бастады. Халық арасында осындай күңкіл болғаны парызшылдардың құлағына жетті. Сонда басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Исаны тұтқындауға сақшыларын жіберді. Ал Иса оларға: — Тағы біразырақ уақыт араларыңда боламын, содан кейін Өзімді Жібергенге қайта ораламын. Мені іздесеңдер де, таба алмайтын боласыңдар. Себебі Мен болатын жерге сендер бара алмайсыңдар, — деді. Сонда яһуди діндарлары өзара былай десті: — Біз Оны таба алмайтындай Бұл қайда бармақшы? Шетелге тарап кеткен яһудилерге барып, басқа ұлттарға да тәлім бермекші ме? Оның «Мені іздесеңдер де, таба алмайтын боласыңдар» және «Мен болатын жерге сендер бара алмайсыңдар» дегені не сөз?

Қайнаған қызық жаңа өмір

Мейрам соңындағы ең ұлы күні Иса ел алдында тұрып: — Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»! Кім Маған сенсе, (келіп, шөлін қандырып су ішсін!) Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: оның жүрегінен өмір беретін «су» тасқындап ағады, — деді. Иса бұларды Киелі Рух туралы айтты; Оны Исаға сенгендер кейінірек қабылдады. Құдай Исаның ұлылығын адамдарға әлі білдірмегендіктен, Өзінің Киелі Рухын сенушілерге әлі де қондырмаған еді. Исаның сөзін естіген кейбіреулер: — Шынында да Бұл — келуге тиісті Пайғамбар! — деді. Басқалары: — Ол — Құтқарушы Патшамыз Мәсіх! — дегенді айтты. Енді біреулері: — Ал Мәсіх Ғалилея аймағынан келуші ме еді? Киелі жазбаларда Мәсіх Дәуіт патшаның әулетінен, оның атамекені Бетлехемнен шығады делінген емес пе? — деп күмән келтірді. Осылай ел арасында Иса туралы араздық туды. Бірнешеуі Оны тұтқындамақ болды, бірақ ешқайсысы Оған қарсы қол көтермеді .

Жохан 7:14-44

Уәде етілген тірі су, ол басқа ештеңе емес, қиямет күні бізді өлімнен құтқара алатын, елуінші күні жер бетіне келген Киелі Рух. Бірақ біз алдымен қанбайтын шөлімізді мойындауымыз керек.   

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *