Skip to content
Home » Шөлдеу нышан-белгісі

Шөлдеу нышан-белгісі

  • by

 «Исраилдіктер тарихы» мақаласында исраил халқына Заң берілсе де олар өз тарихы бойынша өсиетті орындай алмады деп (Киелі кітапта) жазылған. Забурға кіріспе мақалада, Дәуіт пен Сүлейменнен кейінгі патшалар ақсүйек әулетінен шықса да олардың көбі әділетсіз болды делінгені есіңізде шығар. Алла Тағала оларды теріс жолдан қайтару үшін пайғамбарларын бірінен кейін бірін жіберіп отырды. 

Еремия – ескертуші пайғамбар

Еремия пайғамбардың уақыт сызбасында Забурдағы басқа пайғамбарлармен бірге орналасу тәртібі 

Еремия пайғамбар (ғ.с.) патшалардың соңы яғни исраил халқының күнәсі мен заңсыздықтары шектен шығып тұрған заманда өмір сүрді (пайғамбарлың өмір сүрген кезін уақыт сызбасынан қарасаң болады). Ол өз кітабында, бүгінгі күндері де етек алып тұрған күнәлар жайлы жазады: неке адалдығын бұзу, пұтқа табыну, бақсылық,  азғындық, өшпенділік, зорлық, алдау, байлардың кедейлерді пайдалануы т.с.с. Еремия өз кітабын жалпы екі топқа бөліп, исраил халқының күнәларын тізуден бастайды: 

Себебі Менің халқым екі түрлі зұлымдық жасады: олар Мені, «тірі судың қайнар көзін», тастап кетті және өздеріне арнап «құдықтар» қазып алды. Сол «құдықтарының» жырық тесіктері болғандықтан, оларда су сақталмайды.

Еремия 2:13

  Бұл жерде пайғамбар күнәні ашып көрсету үшін, метафора салыстыру әдісін қолданып отыр. Алла Тағала (пайғамбар арқылы) оның халқы қатты шөлдегенін айтып тұр. Шөл қысқанда басқа ештеңе қажет емес – тек шөлді қандырып таза қайнардан су ішу керек. Кез келген шөлді қандыратын тірі судың қайнар көзі Жаратқан Иенің Өзі болып тұр. Бірақ исраил халқы оған келіп шөлдерін қандырудың орнына олар өздері құдық қазып алуға тырысты, бірақ онысында су тоқтамай ағып кетіп жатты. Шөл тоқтамады. Басқадай айтқанда, исраил халқының күнәсі барлық қырынан қарағанда, олар Жаратқаннан бас тартып, шөлдерін басу үшін басқа заттарға бұрылып кетті. Бәрі де бекер – бәрібір шөл қанбады. Күнәнің тостағанынан ішкен исраил халқы қанағаттанбай қойды, өйткені қастарында Жаратқан Ие болмады. Тек тесік құдықтар – күнә арқылы келген қайғы-қасірет қана бар еді.  

Сүлейменнің даналығы біздің «тесік құдықтарға» бейімделігімізді  әшкерелейді

Сүлеймен (ғ.с.) тесік құдықтар теңеуіне байланысты өз тәжірибесінде білді және сол туралы өте орынды сөздер айтты. Мен оны «Аллаға мойынсұну арқылы даналық таптым» атты мақаламда, Сүлейменнің даналық сөздері мені өте қатты таңқалдырғанын жаздым. Ол өз өмірін сипаттағанда, қалағанының бәрі бар адаммен салыстырады, бірақ солардың бәрі жүрегіндегі шөлді баса алмайды. Ол өзінің айналасында толып жатқан тесік құдықтан су ішуге тырысқанын былай суреттейді: 

 Даналықты уағыздаушы, мен, Иерусалим қаласында Исраилге патшалық құрдым. Мен өзімді шын жүректен осы дүниеде  болып жатқан нәрселерді зерттеп ұғынып, ақыл-парасатпен сынап ашуға арнадым. Құдайдың адам баласына артқан жүгі қандай ауыр! Осы өткінші дүниеде істеліп жатқан істердің бәріне назар аудардым: олардың барлығы да жел соңынан қуғандай бекершілік екен! «Бұрмаланғанды  түзетуге болмайды, жоқ болып кеткенді бар деп те есептеуге болмайды». Мен іштей: «Өзімнен бұрын Иерусалимге билік жүргізгендерге қарағанда мен ұлырақ болып, даналықты молайттым. Ақыл-парасат пен білімді молынан үйреніп алдым», — деп ойлайтынмын. Сондықтан мен даналық пен білім әрі топастық пен ақымақтық туралы мүмкіндігінше көбірек біліп алуға көңіл бөлдім. Бірақ бұның да жел соңынан қуғандай бекершілік екенін ұғындым. Өйткені «адам көбірек түсінген сайын түңіле түседі, көбірек білген сайын күйіне түседі». Мен іштей: «Ал енді, рақаттана шаттанып, жақсы нәрселерді тексеріп көрейінші!» — деп ойладым. Бірақ бұл да бекершілік екен. Себебі ойнап-күлуді «ақылсыз іс» деп таптым, әрі рақатқа берілу жайлы: «Бұл не нәрсеге қол жеткізеді?» — дедім. Содан ойға шомдым да, шарап ішіп көңіл көтерейін деп шештім. Санам мені әлі де парасатпен жетелесе де, ақымақтыққа берілдім. Осылайша адамға осы өткінші дүниедегі қысқа ғұмырында ең тиімдісі не екенін біліп алуға тырыстым. Мен үлкен істерге де кірістім: өзіме арнап сарайлар салып, жүзімдіктер отырғыздым. Өзім үшін бау-бақшалар да дайындап, оларға түрлі жеміс ағаштарын ектім. Тоғайларымда өсіп тұрған ағаштарымды суғару үшін тоғандар жасадым. Сатып алған құлдарымнан басқа, өз сарайымда туылған құл-күңдерім де болды. Ірілі-ұсақты малдарымның көп болғаны сонша, бұрын-соңды Иерусалимдегі патшалардың бірде-біреуінде соншама мал болып көрген емес. Мен алтын-күміс жиып, патшалар мен аймақтардың қазыналарын молынан иемдендім. Қасыма әнші-күйшілер мен түрлі күй аспаптарын жинап алдым. Сөйтіп адам баласының рақатына бөлендім. Осылай мен ұлылыққа ие болып, бұрынырақ Иерусалимде патшалық құрғандардың барлығынан асып түстім. Соның бәрінде де ақыл-парасатымнан айырылмадым. Көзім түсіп, ұнатқанның ешқайсысынан бас тартқан жоқпын. Ешқандай көңіл көтеруден де шет қалған емеспін. Бірақ та жан дүниемнің басты қуанышы атқарған еңбегім болды. Ал еңбегімнің қызығы сол еңбектің өзі ғана еді. Қолға алған жұмыстарыма әрі атқарған бейнетті еңбегіме назар аударғанда олардың да жел соңынан қуғандай бекершілік екенін, сондай-ақ, осы өткінші дүниеде шынайы табысқа жетуге болмайтынын байқадым. Содан мен даналық жайында әрі топастық пен ақымақтық  туралы ойлай бастадым. Өйткені келешек патшалар осы мәселе жөнінде бұрын істелгендерден басқа не істер екен? Жарық нұр қара түнектен қалай артық болса, даналықтың да ақымақтықтан солай артық екеніне көз жеткіздім.      

Уағыздаушы 1-2

Сүлейменнің даналығы мен Еремияны ескертулері сіз бен бізге арналып жазылып қалдырылған. Олар әсіресе қазіргі біздің заманымыздағы тоқшылық, ойын-сауық, кино, ән-күй және шексіз ләззат алу сияқты жағдайларға толы бізге арналып тұр. Қазіргі қоғам – жер бетінде ешқашан болмаған ең бай және білімді қоғам. Біз жер бетін аралап саяхаттаймыз, демаламыз, өз бақытымызды өзіміз құрып, жаңа технологиялармен жұмыс істейміз. Бізге осы қызығы көп былыққа батып кетуіміз өте оңай: порнография, некеден тыс байланыс, есірткі, ішімдік, қызғаныш, ақшаның соңынан қуу, ашу, ашкөздік – біздің шөлімізді қанағаттандырады деп үміттенеміз. Заң және барлық пайғамбарлардың ескертулерінен білетініміз, біз күнәға батып заңсыз қылықтар істеп жатырмыз, сөйте тұра іштей осы дүниелер шөлімізді басар деген үмітті қоса алып, соңынан жүгірудеміз. Дәл осы құбылыс Сүлеймен (ғ.с.), Еремия және басқа пайғамбарлар тұсында да орын алған. Солардың бәрін біз өз көзімізбен көріп жүрміз. 

Еремия және Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) арқылы Құдайдың ескертулері, өзімізге шындықпен бір сұрақ қоюға итермелейді. 

  • Қазіргі тоқшылық заманда біз неге жиі депрессия, өз-өзіне қол жұмсау, семіздік, ажырасу, қызғаныш, көре алмаушылық, порнография және тәуелділікке түсіп жатамыз? 
  • Шөліңді қандыру үшін қандай құдыққа барасың? Олар суды ұстап тұра ала ма? 
  • Сізде Сүлеймен (ғ.с.) даналығы бола ма, сол секілді ұлы істер істей аласыз ба? Егер ол өз істерінде жетістікке қол жеткізе алмаса, онда осы бейшара халімізбен біз қай ұшпаққа шыға алмақпыз? 

Күнә тек өсиеттен ауытқу ғана емес, онда тағы бір нәрсе бар. Тек соған мән беріп қарау керек. Күнә – шөлдің нышан-белгісі. Біз өзімізде сол шөлді көргенде ғана даналықты таба аламыз. Жаратқан Ие осы ескертулердің бәрін Забур жырларында көрсетті, өйткені Ол біздің шөлімізді біледі, енді соны біздің де білгенімізді қалайды. Ол осыны іске асырғысы келеді. Ол пайғамбарлық уәделерді айту арқылы – Өзінің әдеттегі тәртібімен әрекет етіп жатыр. Еремия пайғамбар арқылы да солай. Бірақ сол туралы келесі мақалада қарастырамыз. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *