Skip to content
Home » Қызметшінің нышан-белгісі

Қызметшінің нышан-белгісі

  • by

Алдындағы мақалада, Даниялдың (ғ.с.) пайғамбарлық сөзіне сәйкес – Мәсіх «өлімге кеслуі» туралы әңгіме болды. Біз Забурды зерттеуді аяқтап келеміз. Бірақ, тағы біраз мәлеметтерді жинау қалды. 

Уақыт сызбасында Ишая пайғамбардың (ғ.с.) өмір сүрген жылының басқа пайғамбарларға қатысты орналасу тәртібі 

Ишая пайғамбар (ғ.с.) (өмір сүрген жылдары уақыт сызбасында көрсетілген) Өскін бейнесін пайдаланып, Мәсіхтің келу уақытын болжады. Ол сондай-ақ «Құдайдың Қызметшісі» атанған біреудің келетіні жайлы да жазып қалдырды. Ол сол қызметшіге біршама ұзақ үзінді арнады. Сол қызметші кім? Ол не істеуге тиіс болды? Ишаяның (ғ.с.) осы болжамына кеңірек тоқталайық. Сол үзіндіге кейбір пікірлер бере отырып толық келтірейік. 

Ишая (ғ.с.) кітабындағы қызметшінің келуі. Ишая пайғамбарлық сөздерінің толық мәтіні (Ишая 52:13-53:12).

  (Тәңір Ие былай дейді:) «Біліп қойыңдар, Менің Қызметшім ақыл-парасатпен әрекет жасайды. Ол беделі артып, дәрежесі жоғары көтеріліп, ұлан-ғайыр дәріптелетін болады. Оған қарап көпшілік аң-таң болды. Себебі Қызметшімнің ұсқынының бұзылғаны сонша, тіпті адам сияқты көрінбеді. Оның түр-тұрпаты адам баласына ұқсамай қалды. Қызметшім көптеген халықтарды қайран қалдырады.  Оның алдында патшалар да ауыздарын жабатын болады. Себебі олар өздеріне еш хабарланбағандарды енді көреді, әрі еш естімегендерді енді түсінеді» .

Ишая 52:13-15


   Осы үзіндіде байқағанымыз қызметші «ол», «оның», «оған» деген есімдік қолданған адам екенін көреміз. Һарон (ғ.с.) исраил халқының күнәлары үшін құрбандық шалғанда, шалынған малдың қанын үнемі бүркігенін көреміз. Сонда халық күнәлары мойындарына артылмай, жабылды деп саналған. Ишая (ғ.с.) «қызметші» көптеген халықтарды қайран қалдырады деп жазады. Һарон (ғ.с.) құрбандық шалу арқылы халықтың күнәларын жапқаны сияқты, осы қызметші де көптеген халықтардың күнәларын күнәларын жабады. 

Қызметші туралы, ол көптеген халықтарды қайран қалдырады деп жазылған. Бұдан шығатын қорытынды қызметші тек яһуди халқы үшін ғана келмейді. Осы үзінді Алла Тағаланың Ыбырайымға (ғ.с.) берген уәдесін еске түсіреді, (1-ші және 3-ші Нышан-белгілер) онда Жаратқан Ие Ыбырайым арқылы «барлық ұлттарға» батам қонады делінген. Осы «қайран қалу» қызметшінің «ұсқыны бұзылуына» әкеледі. Неге оның әлпеті сонша бұзылатыны әлі түсініксіз, бірақ барлық халықтар соны көреді.

  Біздің хабарымызға азғана кісілер сенді! Жаратқан Иенің құдіретті күші кімге ашық көрсетілді? Қызметшісі Құдай алдында жас көшеттей, құрғақ жерден шыққан жас өркендей өсіп шықты. Оның біз таңырқап қарайтындай ажары мен келбеті немесе бізге ұнайтындай ұсқыны жоқ еді. Оны адамдар менсінбей, жалғыз қалдырды. Ол ауыр азап көріп, көп қасірет шегіп, жұрт бетін бұрып әкететіндей жиренішті болды. Оны біз де бағалаған жоқпыз

Ишая 53:1-3

Бізге әлі де түсініксіз себептен, көптеген халықтарды күнәдан тазартқан қызметші, «қасырет шегеді», «ауыр азап көреді», «жиренішті» болады.    

Шынында Құдайдың Қызметшісі біздің қасіретімізді Өзіне алды, біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді. Оның ұрылып, азап шегуін Құдай бұйырған жаза деп ойладық! Алайда Құдайдың Қызметшісі біздің күнәларымыз үшін түйреліп, біздің әділетсіз істеріміз үшін құртылды. Оның тартқан жазасы бізге амандық пен тыныштық әкелді. Оның жараларының арқасында біз (рухани дертімізден) сауықтық.

Ишая 53:4-5


    Біздің ауруларымызды өз мойнымен көтерді. Сонымен бірге ол «ұрылды», «азап шекті» және біз оны «жаза деп ойладық». Біздің күнәларымыз үшін, түйрелді және оның жаралары арқасында біз (көптеген халықтар) сауықтық. 

   Барлығымыз адасқан қойлардай тентіреп, өз бетімізбен жүрдік. Ал Жаратқан Ие бәріміздің күнәларымызды Қызметшісінің мойнына артты .

Ишая 53:6


 «Шөл нышан-белгісінде» біз адамдар Құдайға бет бұрудың орнына шөлдерін басу үшін, тесік құдыққа жүгіретіні туралы айттық. Біз бәріміз адасқандармыз, әркім өз жолымен жүріп келеді. Осы жол күнә (әділетсіздік) жолы. 

   Ол зорлық көріп қиналды, алайда аузын ашпады. Оны тоқты сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын қой секілді тіс жармады.

Ишая 53:7

Әбіл, Нұх, Ыбырайым, Мұса және Һарон (ғ.с.) пайғамбарлар құрбандыққа тоқты шалды. Ал осы қызметші өзі құрбандыққа шалынатын тоқты сияқты болды. Ол шалынып жатса да тырс етіп дыбыс шығармады. 

  Оны жәбірлеп, әділетсіз соттап, өлтіруге алып кетті. Оның замандастарынан кім мынаны ойлады: Ол халқымның күнәларына бола азапталып, бұ дүниеден аластатылды.

Ишая 53:8

  Қызметші «тірілердің арасынан аластатылды». Даниял (ғ.с.): «Мәсіх өлімге кесіледі» – дегенде осы нәрселерге болжам жасап тұр ма? Байқыдыңыз ба, (түпнұсқадағы) Даниял (ғ.с.) қолданған термин дәл осы жерде қайталанып тұр! «Тірілердің арасынан аластатылды» – деген сөз, өлімге кесілді дегенді ғана білдіреді емес пе? 

 Оның моласы қылмыскерлер қорымында белгіленгенмен, мәйіті бай адамның қабіріне қойылды. Өйткені Ол ешқандай күнә жасаған да емес, аузынан бірде-бір өтірік шыққан да емес.

Ишая 53:9

Оған мола дайындалды деп тұр. Яғни қызметші өлу керек. Ол ешқандай күнә жасамады және аузынан бірде-бір өтірік сөз шықпады. 

  Алайда Жаратқан Иенің Қызметшісі Оның еркімен азап шегіп құртылды. Ол өз жанын айыпты өтейтін құрбандық еткен соң, өз үрім-бұтағын көріп, ғұмыры ұзақ болады. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі жүзеге асады .

Ишая 53:10

   Бұл аяусыз өлім жәй бір кездейсоқтық немесе тағдыр салған кездейсоқтық емес еді. Қызметшісінің арқасында Жаратқан Иенің еркі іске асады делінген. Бірақ неге? Жауап мынадай: Һаронның (ғ.с.) күнәні және барлық әділетсіз істерді жабу үшін құрбандығы қандай болса, осы қызметші де күнәні жабу солай құрбан болды. Сонда кімнің күнәсі үшін? Көптеген халықтар үшін бүркіледі деп айтылса, онда қызметші көп халықтың күнәсін көтеріп алады деген сөз. 

  Әділ Қызметшім «жан азабының нәтижесіне қарап қанағаттанатын болады. Оны көп адамдар танып мойындап, ақталады. Ол солардың күнәларын өз мойнына алады .

Ишая 53:11

Қызметші туралы жазылған пайғамбарлық сөз басында қорқынышты көрінгенімен, аяғына жақындағанда, үміттендіретін, шабыттандыратын және тіпті жеңімпаз ретінде көрсетіп өзгере бастады. Өте қатты қасірет шеккеннен кейін қызметші, «өмір нұрын» яғни «өз жанының ерлігіне риза боп қарайтын» (автор ескертуі) үміт сәулесін көретін болады. Сонда қалай ол өмірге қайта орала ма? Одан да зоры сол, ол өзі азап шегуі арқылы көптеген жандарды ақтай алады.  

«Ақтау» әділдік сыйлады дегенмен бірдей емес пе. Біз бұрында айтқанымыздай, Мұса (ғ.с.) заңы бойынша, Заңның барлық өсиеттерін ҮНЕМІ орындалуы керек, сонда ғана әділ деп саналады. Бірақ Ыбырайым пайғамбарды (ғ.с.) (2-ші нышан-белгі) әділ деп «есептегені» есімізде. Оның Құдайға деген сенімі нәтижесінде, оған осы әділ деп есептелу сыйланды. Дәл сол сияқты қызметші де «көп адамдарға» әділдікті сыйлап отыр. Біз өмір бойы ұмтылатын және соған сондай мұқтаж боп жүргенміз де сол әділдік емес пе?  

   Оған сол себептен көптеген адамдарды табыс етемін. Ол билік иелерін де олжалайды. Себебі Қызметшім жанын өлімге қиып, қылмыскерлердің қатарында саналды. Ол бірақ көптеген адамдардың күнәларын өз мойнына алып, қылмыскерлердің кешірілуі үшін ара түсті» .

Ишая 53:12

          Қызметші өз жанын өлімге өз еркімен қиғандықтан, оған «ұлылар арасындағы бөлік» ұсынылды. Ол қылмыскер, зұлым және күнәкарлар секілді өлтірілді. Енді осы қызметкер біздей күнәкарлардың – арашашы шапағатшысы болып отыр. Арашашы – екі жақты ымыраға келтіруші. Екі жақ – Тәңір Ие және күнәкар халық. Яғни қызметші Алла Тағаланың алдында біздің құқымызды қорғауға лайық болып шықты! 

Сол қызметші кім? Осының бәрі қалай іске асады? Ол шынында да көптеген халықтардың мүдесін қорғау үшін Алланың алдында арашашы болып тұра ма? Забурды оқуды аяқтай отырып, соңғы пайғамбарлықты қарастырамыз, содан кейін Інжіл Шарифті зерттеуге көшеміз. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *