Home » Таурат куәлігі: Ысмағұл пайғамбардың (ғ.с.) тағдыры қалай болды?

Таурат куәлігі: Ысмағұл пайғамбардың (ғ.с.) тағдыры қалай болды?

  • by

Ысмағұл пайғамбарға байланысты әр түрлі пікірлер бар. Бірақ Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы осыдан 3500 жылдай бұрын жазылған Тауратта оның тағдыры жайлы, анық әрі біржақты куәлік келтірілген. Алла Тағала Ыбырайым пайғамбарға (ғ.с.) ұрпағыңды теңіз жағасындағы құм секілді көп етемін деп уәде берген (осы жерді қара). Артынан Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) екі әйелінен екі ұлы болды, алайда әйелдері арасында араздық пайда болады да Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) Ажар мен ұлы Ысмағұлды үйінен қуып жібереді. Араздық екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – Ысмағұл дүниеге келген соң және Ысқақ туғанға дейін. Осы араздықтар туралы Тауратта былай баяндалған, Алла Тағала Ажарды қорғады және Ысмағұлға батасын берді:

Ыбырамның әйелі Сарай бала көтермеген еді. Ал оның Ажар атты мысырлық күңі бар болатын. 

Сонда Сарай күйеуіне:

— Жаратқан Ие маған ана болуды сыйламаған екен. Ал енді бар, күңіммен жақындас. Мүмкін, соның арқасында балалы болармын, — деп ұсынды.

Ыбырам бұған көніп, 

Сарай оған мысырлық күңі Ажарды қосты. Бұл Ыбырамның Қанахан жерінде тұрғанына он жыл болған кезде еді.

4)    Ыбырам Ажармен жақындасып, оның бойына бала бітті. Мұнысын білген күң қожайыны Сарайға менсінбей қарай бастады. 

Сонда Сарай Ыбырамға:

— Менің жәбір көруіме сен кінәлісің. Күңімді саған өзім қосқан едім. Ал енді ол бала көтергенін білгеннен бері мені менсінбей жүр. Сен екеуіміздің арамыздағы дауды Жаратқан Иенің Өзі шешсін, — деді. 

Ыбырам:

— Күңің өз қолыңда, не істеуді дұрыс десең, соны істе, — деп жауап берді. Содан Сарай Ажарға қысымшылық көрсете бастады. Сол себептен Ажар оның қасынан қашып кетті.7)        Жаратқан Иенің періштесі Ажарды иен даладағы бір су көзінің қасынан: Шурға баратын жолдағы құдық басынан тауып алды. 

Періште оған тіл қатып:

— Сарайдың күңі Ажар, қайдан келе жатырсың, қайда бет алдың? — деп сұрады. Ол:

— Мен қожайыным Сарайдан қашып келе жатырмын, — деген жауап берді. 

Жаратқан Иенің періштесі оған:

— Сен қожайын әйеліңе қайтып бар, оның айтқанына көн! — деді. 

  1. Періште Ажарға Жаратқан Иенің мына сөзін де жеткізді:
  2. — Мен сенің үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін. — 

Жаратқан Иенің періштесі сөзін әрі қарай жалғастырып оған былай деді: — Сен жүктісің, ұл туасың, оның атын Ысмағұл  («Құдай құлақ асады») деп қоясың. Өйткені Жаратқан Ие сенің зарыңа құлақ асты. 

Ысмағұл асау құландай еркін кезіп жүретін адам болады. Ол бәріне қарсы, бәрі де оған қарсы күреседі. Осылай ол барлық ағайындарымен жауласып өмір сүретін болады.

Ажар өзіне тіл қатқан Жаратқан Иені «Маған көз қырын салатын Құдайсың» деп атады. Себебі Ажар: «Мен өзіме көз қырын Салатынды осында көрдім», — деді. 

Сондықтан бұл құдық «Қамқоршым — тірі Құдай»

деп аталады. Ол Қадеш пен Бередтің арасында орналасқан.15)  Қайтып келгеннен кейін Ажар Ыбырамға ұл туып беріп, Ыбырам оған Ысмағұл  деп ат қойды. Сол кезде Ыбырам сексен алтыда еді.

Жарат. басталуы 16:1-16

Біз Ажардың Құдаймен сөйлескен пайғамбар екенін көріп отырмыз. Ол баласының атын (Ысмағұл) қойған және былай уәде бергенмен тілдесті: «Мен сенің үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін». Осындай аян мен уәде алған Ажар өзінің қожайын әйеліне қайта барады және араларында уақытша тыныштық орнады.  

Араздық қайтадан күшейді

14 жыл өткен соң Сара ұлды болып, Ысқақты дүниеге әкелді, араларындағы араздық қайтадан күшейіп кетті. Таураттан біз ол оқиғаның қалай өрбігенін бақылай аламыз: 

8. Ысқақ біраз өскен соң, Сара оны емшектен шығарды. Сол күні Ыбырайым үлкен той жасады. 

9.Бірде Сара мысырлық Ажардан туған Ысмағұлдың Ысқақты келекелеп, күлкі етіп жүргенін байқады. 

10.Сонда ол Ыбырайымға: «Мына күңді баласымен бірге қуып жібер! Күңнің ұлы менің ұлым Ысқақпен бірдей мұраға ие болмасын», — деді.

11.Бұл әңгіме өзінің ұлы туралы болғандықтан, Ыбырайымға еш ұнамады. 

12.Бірақ Құдай Оған: «Бала мен күңге бола қамықпа. Сараның айтқанының бәріне көн, себебі сенің ұрпағың Ысқақтан тарайтын болады. 

13.Алайда күңнің ұлынан да халық таратамын, ол да сенің ұлың ғой», — деді.

14.Келесі күні Ыбырайым таңертең ерте тұрды. Нанды және су құйылған месті алып, оларды Ажардың иығына артып берді де, баласын оның қолына тапсырып, шығарып салды. Ажар жолға шыққан соң, Бер-Шеба маңайындағы айдалада адасып кетті.

15.Местегі су таусылғанда, Ажар ұлын бір бұтаның көлеңкесіне жатқызды да, 

16.өзі кетіп қалды. Баласынан оқ жетер жерге барып, қарама-қарсы отырды. Өйткені ол: «Баланың өлгенін көруге шыдай алмаймын», — деді. Осылай оған қарама-қарсы отырып алып, дауыс шығарып, өксіп жылап жіберді.

17.Құдай баланың жылап жатқан даусына құлақ асты. Оның періштесі аспаннан Ажарға дауыстап: «Саған не болды, Ажар? Қорықпа, Құдай мына жерде жатқан баланың даусына құлақ асты. 

18.Орныңнан тұр, балаңа қол ұшын беріп қамқорла. Мен одан бір үлкен халықты өрбітіп таратамын», — деп тіл қатты.

19.Содан Құдай Ажардың көзін ашып, оған сол маңдағы құдықты көрсетті. Ажар сонда барып, месті суға толтырып алып, баланың шөлін қандырды.

20.Құдай балаға жар болып, қамқорлығына алды. Ол өсіп, айдаланы мекендеп, мерген садақшы болды. 

21.Сонымен Ысмағұл Синай түбегіндегі Паран атты елсіз далада тұрды. Анасы оған Мысыр елінен әйел алып берді. .

Жарат. баст. 21:8-21

Сараның Ажармен бір үйде тұра алмайтынына көзі жеткен соң күйеуінен оны қуып жіберуді талап етеді. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) оны қуып шыққысы келмеді, бірақ Құдай Ажар мен Ысмағұлға Өзі қамқор болатынын айтты. Содан Құдай Ажардың көзін ашып, оған сол маңдағы құдықты көрсетті. Мен одан бір үлкен халықты өрбітіп таратамын», — деп тіл қатты.  

Тауратта пайда болар жаңа халықтың бірінші кезеңі туралы айтылады. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) қайтыс болар кезде, Ысмағұл пайғамбар (ғ.с.) тағдыры қалай өрбитінін біз Таураттан оқи аламыз:  

 7.Ыбырайым барлығы жүз жетпіс бес жыл жасады. 

8.Ол мағыналы өмір сүріп, жасы ұлғайған шағында о дүниеге, ата-бабаларының қасына аттанды. 

9-10.Ысқақ пен Ысмағұл әкелерінің мәйітін Мамренің қасында, хеттік Сохар ұлы Ефронның егістігінде орналасқан Махпела үңгіріне апарып, марқұм әйелі Сараның қасына қойды. Бұл жер танабы мен үңгірді Ыбырайым кезінде хеттіктерден сатып алған болатын.

 11.Ыбырайым өлгеннен кейін Құдай оның ұлы Ысқақты да жарылқап жүрді. Ол «Қамқоршым — тірі Құдай» деген құдықтың маңайында өмір сүріп жатты.

Ысмағұлдың ұрпақтары

12.Ыбырайымның Сараның мысырлық күңі Ажардан туған ұлы Ысмағұлдың үрім-бұтағының шежіресі мынау: 

13.Ысмағұлдың ұлдарынан тараған ұрпақтар рет-ретімен былай аталады: Ысмағұлдың тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар, Адбел, Мипсам, 

14.Мишма, Дума, Масса, 

15.Хадад, Тема, Етур, Нафиш, Кедмах туды. 

16.Бұлар Ысмағұлдың он екі ұлынан тарап, жартылай көшпенді, жартылай отырықшы болып, мекендеген жеріне қарай бөлінген рулардың он екі көсемі болды. 

17.Ысмағұл барлығы жүз отыз жеті жыл өмір сүріп, ата-бабаларының қасына аттанды. 

18.Оның ұрпақтары Мысырдың шығысындағы Шурдан Ассур еліндегі

  Хауилаға қарай созылған аралықты мекендеп, барлық бауырлас тайпалармен жауласып өмір сүрді.().

Жарат. баст. 25:7-18

Ысмағұл шынында да ұзақ өмір сүрді және оның балалары он екі рудың көсемдері болды. Құдай Тағала Өз уәдесін осылай орындап шықты.  Бүгінгі таңдағы араб халқы Ысмағұл арқылы тараған Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұрпағы. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *