Home » Мәсіх (ғ.с.): билік етуге келе ме… «өлімге кесіле ме»?

Мәсіх (ғ.с.): билік етуге келе ме… «өлімге кесіле ме»?

  • by

Өткен мақалаларда пайғамбарлардың болжамдары бойынша, Мәсіхтің нышан-белгісін қарастырдық. Пайғамбарлар оның аты кім болатынын (Ешуа- Иса) және келетін уақытына дейін дәл жазып қалтырды. Осы таңқаларлық пайғамбарлық болжамдар Иса Мәсіх (ғ.с.) келгенге дейін жүздеген жылдар бұрын жазылды және дәлме-дәл орындалды. Еске салатын нәрсе осы жазбалардың бәрі – не Құранда, не Інжілде емес, яһуди киелі жазбаларында орын алды (және олар сол жазбаларды әлі де қолдануда). Осыдан шығатын заңды сұрақ, неге яһудилер әлі күнге дейін Иса Мәсіхті (ғ.с.) қабылдамай келеді, өйткені осылардың бәрі олардың төл кітаптарында жазылып тұр емес пе. 

Осы түсініксіз фактіні түсіндірмес бұрын, сұрақты былай қою мүлде дұрыс емес екенін ескерткім келеді. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) заманында өмір сүрген көптеген яһудилер оны Мәсіх деп қабылдаған. Бүгінгі таңда да Исаны Құдайдың Құтқарушысы ретінде қабылдаған еврейлер аз емес. Бірақ, еврей халқының Исаны мойындамайтыны – ащы шындық екені рас. Неге? 

Яһуди халқы Иса Мәсіхті (ғ.с.) неге мойындамайды?

Інжілде Матай жазған ізгі хабарда Иса Мәсіхтің (ғ.с.) еврей халқының мұғалімдерімен (парызшылдар мен садукейлер) әңгімелескені келтірілген. Олар қазіргі ислам дініндегі имамдар секілділер. Парызшылдар мен садукейлер Исаны сөзден ұстамақ болып, қулық жасады, бірақ

 Иса былай жауап қайырды: Киелі жазбаларды және Құдайдың құдіретін ұқпағандықтан жаңылып жүрсіңдер!

Матай 22:29


  Осы әңгімеден маңызды бірнеше сәтті білеміз. Осы адамдар Таурат пен Забурды жақсы білетін және халыққа тәлім беретін, яһуди басшылары болатын, солай болса да Иса, олардың  Киелі жабалар мен Құдайдың құдіретін білмейтіндерін айтып сөкті. Ол нені меңзеп айтты? Қалай, заң мұғалімдері, «сарапшылар» Жазбаны білмей ме?   

Яһудилер БАРЛЫҚ ЖАЗБАЛАРДЫ білмеді

Яһуди мұғалімдерінің неге мән бергені және Таурат пен Забурға қалай сілтеме жасағанның бәрін мұқият оқығанда, олардың тек кейбір уәделерге ғана назар аударғандарын байқауға болады. Басқаларын елемей тастады. Мысалы «қыздан туған ұлдың нышан-белгісі» мақалада, біз Мәсіхтің Бетлехемнен шығатынын заң мұғалімдері жақсы білетінін көрдік. Олар Ирод патшаға Исаның Бетлехемде дүниеге келетін жерін заң кітабынан көрсетті. 

  Ал сен, Ефрата аймағындағы Бетлехем, Яһуданың әулеттерінің арасындағы маңызсызы болсаң да, сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады. Оның шыққан тегі ежелгі заманнан, мәңгіліктен.

Миха 5:2


Оларға Мәсіх есімі және Мәсіхтің «билеуші» болатыны да бұрынан белгілі болғанын кейін өздеріңіз де байқай аласыздар. Яһуди ұстаздарына жақсы танымал тағы бір жазба – Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған екінші Забур жыры. Онда Мәсіх есімі бірінші рет аталады және оның Сионда патша болатыны да айтылған. 

«Неге халықтар жатыр бас көтеріп…  Жаратқан мен Оның қойған патшасына…  Содан ашулана зекіп, тіл қатады, Қаһар шашып, зәрелерін ұшырады: «Киелі тауым Сионда Мен Өзім Осы патшамды тағайындаған едім!».

Забур 2

Сонымен бірге яһуди мұғалімдеріне Забур жырының мына сөздері де жақсы таныс еді:  

 Қызметшің Дәуітті есіңе алсаңшы, Тағайындаған патшаңнан  бас тартпашы. Дәуітке былай деп ант берді Жаратқан, Шынайы сертін бұзбайды Ол ешқашан: «Бір ұрпағыңды өзіңнен тараған Мен сенің тағыңа отырғызамын. Келісімім мен ережелерімді Ұрпақтарың Өзімнен үйренеді. Егер соларды ұстанатын болса, Олардың ұрпақтары сенің тағыңда Әрқашан отыратын болады да». Өйткені Жаратқан Ие Сионды таңдады, Оның жердегі тұрағы болуын қалады: «Бұл — Менің ұдайы тынығар тұрағым, Мен мұнда орнығамын, сол — Менің қалауым. Бұл қаланы өркендетіп, жарылқаймын, Мұқтаждарын тамақпен қарық қыламын. Дін қызметкерлеріне құтқаруды тапсырамын, Өзіме адалдар ән-жыр айтып шаттансын. Мұнда Дәуіттің күшті ұрпағын шығарамын,

Забур 131:10-17

Яһудилер Құдайдың құдіретін білмеді, өйткені олар оны өз қисын шеңберінде шектеді.

Яһудилік мұғалімдер Жазбаның көптеген аяттарын жатқа айтса да, олардың бәрі бір бағытты – жер бетінде Мәсіх патшалық құратынын жән ол ұлы күш және даңқпен келетініне нұсқап тұрғанын байқамады. Иса Мәсіх (ғ.с.) заманында исраил халқы рим патшалығының езгісінде өмір сүріп жатқандықтан, олар басқа Мәсіхті күтті. Оларға 1000 жыл бұрынғы Дәуіт патша (ғ.с.) (Дәуіт патша оқиғасын осы жерден қара) заманы кезіндегідей ұлы Патшалық құратын және ұлы күшпен даңқпен зұлым римдіктерді қуып шығатын Мәсіх керек болды. Яһудилердің ұмтылыстары өздеріне берілген жазбалардағы болжам бойынша Құдайдың жоспарына сәйкес емес, таза өз қалау-ниеттері бойынша болып жатты. 

Сөйтіп, олар Құдайдың құдіретін адамдық мүмкіндік шеңберіне енгізіп қойды. Мысалы Мәсіх Иерусалимде билік етеді деп болжанды. Бірақ, біз білеміз Иса Мәсіх (ғ.с.) ешқашан патша тағына отырған емес. Сондықтан олар Исаны (ғ.с.) келетін Мәсіх емес деген қорытынды шығарды! Олардың қисынды ойлары осылай болды. Құдайдың құдіретін адамдық санамен яғни қисынды оймен шектеудің бұл бір мысалы. 

Бүгінгі күнге дейін көптеген яһудилер Забурдағы пайғамбарлық сөздерді білмейді. Танах (Таурат+Забур) деген атпен өздерінің кітаптарында жазылып тұрса да олар тек Тауратты ғана оқиды. Құдайдың оларға берген барлық өсиеттеріне олар немкетті қарайды, сондықтан яһудилер басқа пайғамбарлық сөздерді елемейді, сөйтіп Құдайдың құдіретін адамдық ой сана шеңберінде ұстауға тырысады. Сондықтан олар Мәсіх патша болады деп жазылса, ал Иса (ғ.с.) патша тағына отырмаса, онда ол Мәсіх емес деген шешім шығарды. Бітті. Сөз аяқталды! Ары қарай осы сұрақты қазбалаудың қажеті шамалы! Сондықтан күні бүгінге дейін, яһудилердің көп бөлігі осы сұрақты айланып өтуге тырысады. 

Мәсіх: өзін «құрбан ету» үшін келе ме?

Егер олар Құдайдың еркіне сәйкес, Жазбаларды зерттесе, онда олар мен төменде айтатын нәрселерді міндетті түрде байқар еді. Өткен мақалада Мәсіхтің келетін уақытын дәл болжаған Даниял пайғамбар (ғ.с.) туралы әңгіме болған. Бірақ мынаған назар аударыңызшы: Даниял (ғ.с.) Мәсіх туралы тек соны ғана айтпады: 

 Сондықтан мынаны ұғып, біліп ал: Иерусалим қайтадан салынсын деген жарлық шыққан кезден бастап, Құдай тағайындаған Билеуші келетін уақытқа дейін жеті рет «жеті кезең» және алпыс екі рет «жеті кезең» өтеді. Қала өзінің алаңы, айналасындағы қамалымен бірге қайтадан салынады, бірақ бұл қиын-қыстау кезеңде болады. Алпыс екі рет «жеті кезең» өткен соң Құдай тағайындаған Билеуші құрбан етіледі, Оның қолында түк жоқ болып қалады. Өзге бір билеуші әскерлерімен келіп, қаланы да, киелі үйді де қиратып, топан судай талқандайтын болады. Сол заманның соңына дейін соғыс болып, Құдайдың бұйрығына сай барлығы қаңырап бос қалады .

Даниял 9:25-26

Даниял (ғ.с.) болжамына сәйкес Мәсіхпен не болуы тиіс? Даниял (ғ.с.) Мәсіх Иерусалим қаласында таққа отырады деп жазды ма? Мәсіх бабасы Дәуіт (ғ.с.) тағына отырып билік құрады және исраил халқын римдіктердің езгісінен құтқарады деп айтты ма? Жоқ! Оның үстіне Мәсіх «Билеуші құрбан етіледі, Оның қолында түк жоқ болып қалады» деп анық жазылып тұр. Содан кейін өзге бір билеуші әскерлер келіп киелі үйді де, Иерусалимді де қиратады деп жазылған. Егер сіз исраил халқының тарихымен таныс болсаңыз онда осылардың бәрі дәл солай болғанын білесіз. Иса Мәсіх (ғ.с.) өлгеннен кейін қырық жыл өткен соң римдіктер шабуыл жасап, басып алып киелі үйлерін өртеді, Иерусалимді жер бетінен жойды және исраил халқын бүкіл жер бетіне бытыратып жіберді. Олар өз жерлерінен қуылды. Осының бәрі б.з.д. 537 жылдары Даниял пайғамбар (ғ.с.) болжағаны бойынша, б.з. 70 жылдары іске асты. Ал осы жайлы оған дейін Мұса пайғамбар (ғ.с.) Қарғыс үзіндісінде жазып қалдырған еді. 

Даниял (ғ.с.) пайғамбарлық жазбасында Мәсіх патшалық құрмайтыны анық айтылған! Ол «құрбан етіледі, Оның қолында түк жоқ болып қалады». Яһуди ұстаздары осы маңызды сәтті өткізіп алды, өйткені олар жазбаларды білмейтін. Осыған байланысты келесі сұрақ туындайды. Даниялдың Мәсіхтің өлімге кесіледі деген пайғамбарлық болжамы, басқа пайғамбарлардың (Мәсіх патшалығы) жайлы болжамдар арасында қарама-қайшылық жоқ па? Тауратта Мұса пайғамбар (ғ.с.) айтқаны сияқты, егер барлық пайғамбарлар Құдайдың еркі бойынша болжам айтса, онда барлық пайғамбарлық сөздер толық орындалуға тиісті. Мүмкін Мәсіх өлімге де кесіледі және сонымен бірге патша да болатын шығар? Адамның қисындық ой-санасы тағы да Құдайдың күшін жоққа шығаруға тырысатын сияқты. 

«Патшалық құру» мен «құрбан болу» арасындағы қарама-қайшылық жойылды

Яһудилердің қисынды ойлары Құдайдың күшін сиғыза алмады. Олар да әдеттегідей, өз ой сараларының негізінде бастапқы болжамды байқамай қалды. Олардың ой болжамдарында Мәсіх бір рет қана келеді. Егер ол шыныда да солай болса, онда Мәсіхтің патшалық құруы мен құрбан болуының арасында расымен де қарама-қайшылық шығар еді. Құдайдың күшін өз ойлары шеңберіне сыйғызып тастап олар тұйыққа тірелді. Ал Мәсіх, жер бетіне бір рет емес, екі рет келуі керек. Ол бірінші келгенінде «құрбан болады», ал екінші ретінде – «патша болып» келеді. Осы көзқараспен келгенде ешқандай қарама-қайшылық жоқ. 

Жазбаның бір бөлігін елемей тастап, өз ойымыз арқылы

Құдайдың күшін шектей аламыз ба

Онда Мәсіх «құрбан болады қолында түк жоқ болып қалады» деген пайғамбарлық болжам нені білдіреді? Оған кейінірек тоқталамыз, ал қазір, Алла Тағала жіберген нышан-белгілерді яһудилер неге біле алмады, деген сұрақты қарастырайық. Жоғарыда айтқанымыздай Мәсіхтің нышан-белгісі туралы яһудилердің білмеуінің басты екі себебі бар. Сонымен бірге Інжіл Шарифте Жохан жазған ізгі хабардан біз оның үшінші себебін оқи аламыз. Ол Иса (ғ.с.) яһуди халқының көсемдерімен сөйлескен жерінде орын алды. 

  Рас, сендер Киелі жазбаларды зерттеп, солар арқылы мәңгілік өмірге ие боламыз деп ойлайсыңдар. Ал олар Мен туралы куәлік етеді ғой! Алайда сендер шынайы өмірге ие болу үшін Маған келуден бас тартасыңдар. Бір-біріңнен құрмет күтіп, жалғыз Құдайдан болатын шынайы құрметті іздемей жүресіңдер. Сонда сендер Менің Құдайдан келгеніме қалайша сене аласыңдар?

Жохан 5:39-40,44


Басқадай айтқанда, яһудилердің Мәсіх нышан-белгісін біле алмайтын үшінші себебі, олар оны қабылдаудан бас тартты – олар Құдайдың құрметіне емес адамдардың құрметіне бөленуге тырысты! Бұл басқа халықтарға қарағанда яһудилер көп адасты деген сөз емес. Бізге олар нышан-белгіні көрмеді және қабылдамады деп айыптау оңай. Оларды айыптамас бұрын, өзімізге назар аударайық. Біз барлық жазбаларды жақсы білеміз деп сеніммен айта аламыз ба? Біз де яһудилер секілді жазбаның өзімізге жақын, ыңғайлы және өзіміз түсінетін жағын ғана таңдамаймыз ба? Біз өз ой санамызбен Құдай күшін шектемейміз бе? Құдайға емес адамдарға ғана жағыну үшін киелі мәтіндерден бас тартпаймыз ба?

Алла Тағаланың нышан-белгілерін қабылдай алмаған яһудилер жағдайы – біздің бәрімізге ескерту. Өзімізге таныс және бізге ұнайтын киелі жазбаларды ғана таңдап оқуға болмайды. Құдайдың құдіретін адамның ойлау шеңберімен шектеуге болмайды. Жазбалардың үйреткенінен бас тартуға болмайды. Мәсіхтің келуіне байланысты Одан бас тартқан яһуди қателіктерінен сабақ алған соң, енді біз осы әңгімедегі басты тұлға қызметші оқиғасын түсінуге жақындадық. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *