Skip to content
Home » Бірінші күн: Иса Мәсіх (ғ.с.) – халықтарға нұр

Бірінші күн: Иса Мәсіх (ғ.с.) – халықтарға нұр

  • by

Жердегі соңғы сапары барысында Иса Мәсіх (ғ.с.) пальма жексенбісінде Иерусалимге салтанатпен кірді. Ол туралы Әнбия сүресінде былай жазылған: 

Сондай абыройын қорғаған (Мәриям) ға рухымыздан үрледік. Сондай-ақ өзін де, ұлын да бүкіл әлемге ғибрат қылдық .  

Әнбия 21:91

Әнбия сүресінде Иса Мәсіх (ғ.с.) тек яһуди және мәсіхшілерге ғана емес, жер бетіндегі барлық халықтарға танымал еттік деп жазылған. Иса Мәсіх (ғ.с.) жер бетіндегі барлық халықтарға қалай танымал болды? Алла Тағала барлық адамдар үшін жер мен көкті жаратқанын білеміз. Жер бетіндегі өзінің соңғы аптасында Иса Мәсіх (ғ.с.) өз сөздерімен жерді жаратқан алты күнмен байланыстырып, әрекет етті (Таурат пен Құранда Жаратқан Ие жерді 6 күнде жаратты деген). 

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) сөздері мен әрекеттеріне мән беріп тоқталайық, оның жерді жаратқан алты күнмен қандай байланысы болуы мүмкін. Әр күні болған оқиғаны Құдай Өзі белгілеп отырғандықтан, ондай сәйкестіктер адам баласының қолынан келе қоймас, өйткені арасында мыңдаған жылдар уақыт аралығын біз еш басқара алмаймыз. Сонымен аптаның бірінші күні жексенбіден бастайық. 

Бірінші күн – нұр түнекте жарқырайды

Нұр сүресінде жарық туралы астарлы әңгіме бар: 

Алла (Т.) көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетті зәйтін майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші.   

Нұр 24:35

Осы астарлы әңгіме – жаратылыстың бірінші күніне сәйкес келеді, өйткені бірінші күні Құдай жарық болсын деді. Ол туралы Тауратта былай делінген: 

  Сонда Құдай: «Жарық пайда болсын!» — деп бұйырды. Осылай жарық пайда болды. Құдай жарыққа қарап, оның жақсы екенін көрді. Ол жарықты қара түнектен бөліп, жарықты күн, ал қара түнекті түн деп атады. Кеш түсіп, таң атты; бұл бірінші күн еді. Содан кейін Құдай: «(Айнала тұманданып тұрған) суды ортасынан бөліп тұратын әуе кеңістігі пайда болсын!» — деп бұйырды .

Жаратылыстың басталуы 1:3-6

Бірінші күні Жаратқан Ие жарық болсын деді, түнек ығысып жарық пайда болды. Болып жатқан оқиғаларға байланысты басынан бастап Құдай Өзі анықтап қойғандықтан, Иса Мәсіх (ғ.с.) түнекте нұр болатын сол жарық менмін деп жариялады. 

Басқа ұлт өкілдеріне арналған нұр

Иса Мәсіх (ғ.с.) Иерусалимге тайқарға мініп кірді, 500 жыл бұрын Зәкәрия пайғамбар (ғ.с.) арқылы айтылған пайғамбарлық сөз осылай дәл орындалды. Дәл сол күнге 550 жыл бұрын Даниял пайғамбар (ғ.с.) пайғамбарлық жазып қалдырған. Сол күндері яһудилер Иерусалимге қажылық жасап, құтқарылу мейрамына асығып келіп жатты. Мәсіхтің сол мейрамға келуі яһудилер арасында біршама толқулар әкелді. Бірақ Иса Мәсіхтің (ғ.с.) келгенін яһудилерден  басқалары да көрді. Інжіл кітабында оның Иерусалимге салтанатты кіргеннен кейін не болғаны туралы былай баяндайды: 

  Мейрам кезінде Құдайға ғибадат ету үшін Иерусалимге келгендердің ішінде бірнеше гректер де бар еді. Олар Ғалилея аймағындағы Бетсайдадан шыққан Філіпке жақындап келіп: «Мырза, Исамен кездескіміз келеді», — деген тілек білдірді. Філіп мұны Әндірге барып айтты, содан екеуі бұл хабарды Исаға жеткізді.

Жохан 12:20-22

Иса Мәсіх (ғ.с.) заманында яһудилерді гректерден бөліп тұрған қабырға

Әдетте гректер яһуди діни мейрамдарына қатыспайтын, өйткені олар яһуди емес еді. Сол заманда римдіктер мен гректер көп құдайға сенетін сондықтан құдайсыздар қатарына жататын. Яһудилер олармен араласпады. Гректер яһуди құдайына таң қалатын жалғыз Құдай және көрінбейді. Сол ежелгі дүниеде жалғыз Құдай деп сенетін тек яһудилер ғана еді. Сондықтан олардың араларында шектеулер жатты. Яһудилерге қарағанда өзге ұлт өкілдері көп болғандықтан олар бар әлемнен бөлек қалған сияқты өмір сүрді. Олардың өз діндері, өз нанымдары мен ұстамдары болды, сондықтан яһудилер мен басқа ұлттықтар арасында түсінбеушілік және араздық бөліп жатты. 

Қазіргі таңда жер бетінде көп құдайға сенетіндер мен пұтқа табынушылар сондай көп емес, ал Иса Мәсіх (ғ.с.) заманында бәрінің керісінше болғаны кейде есімізден шығып кетеді. Ал енді Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) өмір сүрген кезге келсек, онда пайғамбардан басқа ешкім де бір Құдайға сенбеген. Иса Мәсіх (ғ.с.) өмір сүрген кезде яһудилерден басқа барлық ұлттар көп құдайға сенді және перғауын өзін құдаймын деп есептеді. Яһудилер пұтқа табынушылар мұхитындағы шағын арал сияқты өмір сүрді. Б.з.д 750 жыл бұрын Ишая пайғамбарға болашақта жағдай толық өзгеретінін көрсетті. Ол былай жазып қалдырды: 

   Аралдар мен теңіз жағалауларындағы елдер, алыстағы халықтар, сөзіме құлақ түріп, тыңдаңдар: мені ана құрсағынан-ақ Жаратқан Ие тағайындады, есімімді туған кезімнен-ақ есінде сақтады.  Ал енді Жаратқан Ие сөйлейді. Ол мені анамның құрсағында қалыптастырып, Өзінің қызметшісі болуға дайындаған еді. Маған Жақыптың үрім-бұтағын, Исраил халқын, Өзінің қасына қайтарып жинауды тапсырды. Өйткені Жаратқан Иенің алдында қадірлімін, Құдайым маған күш-қуат сыйлайды. Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Сен Менің Қызметшімсің, Жақыптың шашыраған руларын қайтадан біріктіресің. Сен тек Исраил халқынан аман сақтап қалғандарымды ғана Өзіме қайтарып қоймайсың. Сені басқа ұлттар үшін де жарық Нұр болуға белгіледім! Сонда жердің түкпір-түкпіріндегі адамдарға Мен дайындаған құтқарылу жолын жария етесің!» .

Ишая 49:1, 5-6

   «Орныңнан тұр, уа, Иерусалим, сәулеңді шаш! Сен нұрға бөленіп, Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты үстіңнен көтеріліп келе жатыр. Міне, жер бетін қою қараңғылық жайлап, халықтарды қара түнек жауып алды. Бірақ сенің үстіңнен Жаратқан Иенің нұры жарқырап, Оның нұрлы салтанаты көрінеді. Ұлттар сенің сәулеңе ағылып, патшалары да шұғылаңа жақындап келеді .

Ишая 60:1-3

  шая пайғамбар (ғ.с.) болашақта келетін қызметші яһуди руынан шықса да, «басқа ұлт өкілдеріне» нұр болады деп жазып қалдырған. Және сол нұр жердің шетіне дейін жетпек. Ол қалай іске асады? Өйткені яһудилер мен құдайсыздар арасында мыңжылдыққа созылған өтпестей шыңырау жатыр. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) Иерусалимге кірген сол күні, нұр алғашқы құдайысыздарды тарта бастады. Олардың пайғамбарды қалай іздеп жүргенін біз көрдік. Сол мейрамда Иса Мәсіхті (ғ.с.) тыңдағысы келген, Иерусалимнен шыққан бірнеше гректер болды. Бірақ, яһудилер оларды арам деп маңына жолатпайды,  сонда олар оған қалай жақындай алады? Гректер Иса туралы шәкірттеріне айтты, ал олар өз кезегінде Иса Мәсіхке (ғ.с.) жеткізді. Оларға Иса (ғ.с.) не деп жауап берді? Таза дін туралы білмейтін гректермен ол сөйлесе ме? Інжілде былай делінген: 

 Иса оларға былай деп жауап берді: — Көктен келген Менің ұлылыққа жететін уақытым келді. Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: егер бидайдың дәні жерге егіліп, жойылмаса, онда ол жалғыз дән болып қалады. Ал егер ол жерге егіліп, көктеп, өзі жойылса, сонда ғана одан көп өнім өсіп шығады. Кім өз өмірін бәрінен артық көрсе, сол шынайы өмірден құр қалады. Ал осы күнәкар дүниеде өмірін Құдай үшін қиған әркім оны мәңгілік өмір үшін сақтайды. Кім Маған қызмет еткісі келсе, сол Маған ерсін. Мен қайда болсам, қызметшім де сонда болады. Ал Маған қызмет етіп жүрген әркімді Әкем құрметтейді. Қазір көңілім қатты толқу үстінде. Мен не айтайын: «Әке, Мені осы күннен құтқара гөр» дейін бе? Қайта, бұл күнге осыны бастан кешіру үшін жеттім ғой. Әке, өз атыңды ұлылыққа жеткізе гөр! — Сонда көктен: «Мен оны ұлылыққа жеткіздім және бұдан былай да жеткізе беремін!» — деген үн естілді. Сол жерде тыңдап тұрған халықтың ішінен кейбіреулері: — Күн күркіреді, — десе, басқалары: — Оған бір періште тіл қатқан шығар, — деді. Иса оларға: — Көктегі үн Мен үшін емес, сендер үшін естілді, — деді. — Енді осы күнәкар дүние сотталады! Енді осы дүниенің әміршісі қуылады! Ал Мені жерден көтеріп қойғаннан кейін, адамдардың бәрін Өзім арқылы құтқарылуға шақырамын, — деді. Бұл сөзді Иса Өзінің қандай жолмен өлуге тиіс екенін білдіру үшін айтты. Жиналған жұрт Исадан: — Киелі кітаптан біз «Мәсіх мәңгі өмір сүреді» деп үйрендік. Қалайша көктен келген Билеушіні жерден көтеріп қою керек дейсіз? Сіз айтып тұрған «көктен келген Билеуші» кім? — деп сұрады. Иса оларға былай деп жауап қайтарды: — «Нұр» тағы біраз уақыт сендермен бірге болады. Өздеріңді қара түнектің баспауы үшін «Нұр» барда жүре беріңдер! Түнекте жүргендер қайда бара жатқандарын білмейді. Қастарыңда «Нұр» барда Соған сеніңдер, сонда «Нұрдың адамдары» боласыңдар. — Иса осылай деді де, жұрт көзінен тасаланып кетіп қалды.

Исраилдіктердің сенбеушілігі, ал Исаның тағы да сенімге шақыруы Иса олардың көз алдарында көп кереметтер жасаса да, көпшілік Оның Мәсіх екендігіне сенген жоқ. Сонымен Ишая пайғамбардың алдын ала айтқан мынадай сөздері дәл келді: Ием, біздің хабарымызға азғана кісілер сенді! Жаратқан Иенің құдіретті күші кімге ашық көрсетілді? Ишая пайғамбар тағы бір жерде көпшіліктің неліктен сене алмағандығы туралы мына тәрізді сөздер айтқан: Ол көздерін соқыр, жүректерін қасарысқан сезімсіз қылған. Сол себептен көздері көрмейді, жүректері түсінбейді, өздері теріс жолдарынан қайтпайды. Әйтпесе оларды рухани дертінен сауықтырар едім. Ишая пайғамбар Иеміздің салтанатты ұлылығын көргендіктен, Ол туралы осылай деп алдын ала айтып кеткен еді. Ал Исраилдің басшы адамдарының көбі Исаға сенді, бірақ парызшылдар мәжілісханадан шығарып жібермесін деп Оны ашық мойындаған жоқ. Себебі олар Құдай беретін құрметті емес, адамнан көретін құрметті көбірек ұнататын. Содан Иса дауыстап былай деді: «Маған сенген кісі Өзіме ғана емес, Мені Жібергенге де сенеді, әрі Мені көрген кісі Мені Жібергенді де көреді. Мен дүниеге келген «Құдайдың Нұрымын». Маған сенімін артқан ешкім қара түнекте қалмайды. Кім хабарымды естіп, оны ұстанып сақтамаса, ондайды қазір соттап жатпаймын; Мен адамзатты соттау үшін емес, құтқару үшін дүниеге келдім. Бірақ Мені елемей, хабарымды қабылдамағандардың соты дайын тұр: Мен білдірген хабар оларды қиямет күні айыптайтын болады. Себебі Мен өздігімнен айтқан жоқпын. Нені және қалай айтуға тиісті екенімді Мені жіберген Әкем Маған тапсырды. Оның өсиетінің мәңгілік өмір сыйлайтынын білемін. Сондықтан Әкем Маған не тапсырған болса, соны айтамын»

Жохан 12:23-50

Осы әңгіме барысында тек көктен шыққан үн ғана емес, Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өзін жерден көтеріп қойғаннан кейін «барлық адамдарды» өзіне тартатынын ашық айтып тұр. Тек яһудилерді ғана емес. Көптеген яһудилер бір Құдайға сиынып жүрсе де Мәсіхтің сөзін түсінбеді. Ишая пайғамбар (ғ.с.) айтқандай олардың жүректері қасарсқаннан ақыл-саналары күңгірт тартты, яғни Құдайға бағынғылары келмейді. Мәселенің ащы тамыры осында жатыр. Кейбіреулері яһудилерден қорыққандарынан жасырын сенді. 

Мәсіх «әлемге нұр боп келдім» – деп ашық айтып тұр және ежелгі пайғамбарлар сол нұр туралы куәлік келтіріп, ол барлық халықтарды қамтиды деген. Иса (ғ.с.) Иерусалимге кіргенде басқа ұлттарға нұрдың алғашқы ұшқыны әсер ете бастады. Сол нұр барлық ұлттарға шашырай ма? «Жерден көтеріліп қойуым керек» – дегенде пайғамбар нені меңзеді? Осы соңғы аптаны зерттеуді жалғастырайық, сонда оның да жауабын табармыз.  

Келесі сызбада сол соңғы аптаның қалай өткені бейнеленген. Жексенбі күні Иса (ғ.с.) үш ежелгі пайғамбардың жазып кеткендерін іске асырды. Біріншіден, ол Иерусалимге Захария пайғамбар (ғ.с.) айтқандай, тайқар мініп кірді. Екіншіден, Даниял пайғамбар (ғ.с.) айтып кеткен дәл сол күні іске асты. Үшіншіден, Ишая пайғамбар (ғ.с.) жазып қалдырғандай, барлық ұлттарға жететін болады және жердің шетіне дейін хабардар болады дегені орындалып, оның уағызы мен кереметтері басқа ұлт

өкілдерін тарта бастады.  

События страстной недели – день 1 – воскресенье.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *