Skip to content
Home » Иса Мәсіх (ғ.с.) және оның жұмаққа кіру туралы тәлімі

Иса Мәсіх (ғ.с.) және оның жұмаққа кіру туралы тәлімі

  • by

Кәһф сүресінде жұмақ – «әділ іс істеушілер» мекені делінген: 

Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Пердәуіс жаннаты, қонақ үй болады.  

Кәһф 18:107

Жәсия сүресінде әділ іс істегендер Құдайдың мейірімділігін иеленетін болады делінген. 

Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сонда оларды Раббылары мәрхаметіне бөлейді. Міне сол айқын қол жеткендік . 

Жәсия 45:30

Жердегі сапарың таусылған соң жұмаққа кіргіңіз келе ме? Жұмаққа кіру үшін не істеу керке? Бірде Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған заңмен өмір сүретін дін қызметкері, Иса Мәсіхке (ғ.с.) жұмақ туралы сұрақ қояды. Ал Иса Мәсіх (ғ.с.) мүлде күтпеген жауап айтты. Ол әңгіме Інжіл Шариф кітабында былай суреттеледі. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) астарлы әңгімесін түсіну үшін, сол заманда яһудилердің самариялықтарды өте қатты жек көретінін білген дұрыс. Самариялықтар да яһудилерді ұнатпайтын. Сол кездегі самариялықтар мен яһудилер арасындағы қарым-қатынасты қазіргі израиль мен палестина немесе суниттер шейттер арасындағы жағдайлармен салыстыруға болады. 

Мәңгілік өмір және жақыныңа деген

сүйіспеншілік туралы астарлы әңгіме

  Сол кезде Таурат заңын үйретуші бір ғұлама Исаның ұстанған ілімін сынамақшы болды. Ол орнынан тұрып: — Ұстаз, мәңгілік өмірге жетуім үшін не істеуім керек? — деп сұрағанда, Иса оған: — Таурат заңында не деп жазылған, не оқып жүрсің? — деген сауал қойды. Сол адам былай деп жауап берді: — «Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар күш-қуатыңмен, барлық ақыл-ойыңмен сүй!» Және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» делінген. Иса оған: — Дұрыс жауап бердің. Осылай істейтін бол, сонда (мәңгі) өмір сүресің, — деді. Бірақ өзін ақтағысы келген ғұлама Исадан: — Сонда «маңайымдағы адам» кім болғаны? — деп сұрады. Иса оған былай жауап берді: — Бір адам Иерусалимнен Иерихон қаласына кетіп бара жатып, қарақшылардың қолына түсіпті. Қарақшылар оның киімдерін сыпырып алып, өзін жарақаттап, шала-жансар етіп тастап кетіпті. Бір діни қызметкер сол жолмен кездейсоқ келе жатып, оны көре тұра қасынан өтіп кетеді. Дәл солай жаңағы жерге келген ғибадатхана қызметшісі де оған қарап, қасынан өтіп кетеді. Содан кейін бұл жерге жолаушылап бара жатқан бір самариялық келеді. Әлгі адамды көргенде оған жаны ашып, қасына барады да, жараларын маймен және шараппен жуып-шайып, таңады. Оны есегіне мінгізіп алып, қонақүйге апарып, күтеді. Самариялық адам ертеңінде жолға шығарда, қонақүйдің иесіне екі күміс теңге беріп: «Мына кісіге қамқорлық жасай гөр. Егер артық шығын шығарсаң, мен қайтып оралған кезде төлеймін», — дейді. Ал енді, қарақшылардың қолына түскен кісіге бұл үшеуінің қайсысы «маңайындағы адам» болды деп ойлайсың? — деп Иса сол ғұламаға сұрақ қойды. Ол: — Әрине, оған қайырымдылық көрсеткені, — деді. Сонда Иса оған: — Сен де солай істейтін бол! — деп тапсырды .

Лұқа 10:25-37

  Заң мұғалімі Исаға (ғ.с.) жауап беріп: «Құдай Иеңді бар жан-тәніңмен сүй» және «өзіңді қалай сүйсең маңайыңдағы адамды да солай сүй» – деген сөзді Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған заңнан сөзбе-сөз келтіріп отыр. Исаның (ғ.с.) сөзінде дұрыс жауап деді, бірақ заң мұғалімі бірден: «Менің маңымдағы адам кім»- деп сұрады, оған жауап ретінде Иса Мәсіх (ғ.с.) осы астарлы әңгімені айтып берді. 

Діндар адамдар бірінші болып жаралы адамаға көмек қолын созу керек еді ғой, алайда олар оған көмектеспей жанынан өтіп кетті. Қанша діндар болса да олардың жүректерінде жақынына деген жанашырлық жоқ болып шықты. Міне біз мүлде күтпеген адам, яһудилердің ата жауы бейшараға жаны ашып, көмек көрсетті.  

Иса Мәсіх (ғ.с.) бізге осы өсиетті қалдырды: «Сен де солай істейтін бол». Сіздерде қалай болғанын білмеймін мен өзім осы астарлы әңгімені алғаш естігенде, мүмкін дұрыс түсіне алмадым ба, білмеймін, оны тез ұмытып кеттім. 

Бүкіл әлемде осы өсиетті орындай алмаудың кесірінен күнделікті қанша қан төгу мен қасыреттер болып жатыр. Егер біз сол самариялықтың мейірімді жүрегі сияқты өмір сүрсек, жер бетіндегі елдер мен қалаларда зорлық-зомбылықтар азайып, аспанымыз әлде қайда таза өмір сүрер едік. Сонымен бірге біз міндетті түрде жұмаққа кіреміз деген де сенімділік пайда болар еді. Тіпті Иса Мәсіхпен (ғ.с.) сөйлескен дін мұғалімі секілді діндар болса да, жұмаққа кіреміз деген сеніммен өмір сүретін адамдар аз. 

Жұмаққа кіремін деген сенімділік сіз де бар ма? 

 Жақынына жақсылық жасай алатын мейірімді самариялық сияқты болуға бола ма? Оны қалай іске асырады? Егер ақиқатын айтсақ жақынына жақсылық жасайтын самариялық болу өте қиын. 

Осылай мойындау, яғни біз әділ өмір сүре алмайтын, өз әлсіздігмізді көргенде, «Құдай алдында құр алақан тұрғандар бақытты, Құдай Патшалығы сондайларға арналған» – деген Иса Мәсіхтің сөзі үміттің жіңішке сәулесін түсіреді.  

Бір нәрсені аз түсінген сияқты осы астарлы әңгімеден бас тартып, ұмытып кетуге болмайды. Керісінше осы мейірімді самариялықтан үлгі алып, ондай әділ іс істеу біздің қолымыздан келмейтінін мойндаған жөн. Сонда біз Құдайдан көмек сұрайтын мүмкіндік пайда болады. Иса Мәсіх (ғ.с.) Таудағы уағызында мыналарды уәде етті: 

Құдайдан сұраңдар, сонда ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар, сонда ол сендерге ашылады. Себебі сұрай берген әркім алады, іздей берген табады, қағып тұрғанға есік ашылады. Араларыңдағы қандай кісі нан сұраған баласына тас берер еді? Не балық сұраса, жылан берер еді? Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкелеріңнің Өзінен сұрағандарға жақсылық жасайтыны ешбір шүбәсіз! .

Матай 7:7-11

Бізде Мәсіх арқылы Құдайдан көмек сұрайтын мүмкіндік бар – және сол көмек бізге уәде етілді. Құдайға былай дұға етсек болады: 

«Көктегі Әкеміз, біз дұрыс жолда жүре алуымыз үшін Сен бізге пайғамбарлар арқылы тәлім беріп отырдың. Иса Мәсіх (ғ.с.) мені дұшпан көретіндерді де жақсы көріп бата беруімді үйретті. Онсыз мен мәңгілік өмірге кіре алмаймын. Ол менің қолымнан келмейтінін жақсы білемін. Мен сол жолмен жүре алып, жұмаққа кіре алуым үшін, өзгеруіме көмектессші. Мендей күнәкар пендеңе рақымдылық таныта көрші». 

Құдайым, Мәсіхтің сөзі мен ілімі атынан өтінемін. 

(Осы сөздерді тура қайталау маңызды емес; бастысы – қажетіңді білдіріп, көмек сұрау). 

Інжіл Шарифте Иса Мәсіх (ғ.с.) самариялық әйелмен кездескені туралы айтылған. Пайғамбар ретінде осы яһудидің ата жауына қалай қарады? Нәтижесінде сол самариялық әйелмен не болды және жақыныңа жақсылықпен қарау туралы Иса Мәсіхтің (ғ.с.) тәлімінен не үйренуге болады? Оларды келесі мақалада қарастырамыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *