Мумин сүресінде Алланың кешірімі туралы айтылады. Қатал жазадан кешірім беруші, тәубені қабылдаушы және мейірімділікке ие. Одан басқа Құдай жоқ және бәріміз соның алдына келеміз. Тақты алып жүретіндер және Оның маңында отырғандар, Оны өз Тәңірі ретінде мадақтайтындар, Оған сенетіндер, Оның алдында тәубе еткендер үшін кешірім сұрайды:
Күнәны жарылқаушы, тәубені қабыл етуші, азабы да қатты және кеңшілік иесі. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әрі қайтар орын Сол жақ. Сондай ғаршыны көтерген және оның маңындағы періштелер, Раббыларын мақтаумен дәріптейді, Оған сенеді. Сондай-ақ иман келтіргендер үшін: “Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!”,- деп тілейді
Мумин 40:3,7
Хужурат сүресінде, сол мейірімділікке ие болуымыз үшін, біз өзара татулықта болуымыз керектігі жазылған.
Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер .
Хужурат 49:10
Иса Мәсіхтің (ғ.с.) ілімінде Құдайдан кешірім алу туралы тәлімі бар және ол оны біз бір-бірімізді қалай кешіре алуымызбен байланыстырады.
Иса Мәсіхтің (ғ.с.) басқаларды кешіру туралы тәлімі
Мен жаңалықтарды көргенде, Ауғанстандағы жарылыс, бүкіл Ливан, Сирия және Ирак жерлеріндегі қырғын, Мысырдағы зорлық, Пәкістандағы кісі өлтіру, Түрік жеріндегі көтеріліс, Нигериядағы оқушыларды ұрлау, Палестина мен Израиль арасындағы соғыс, Кения қаласындағы адамдарды пышақтау сұмдық-ай, әлемде жамандықтар тек ұлғайып бара жатыр ма деген ой келеді. Назар аударыңыз: мен арнайы жаман жаңалықтарды іздемеймін. Оған қоса шексіз күнәлар, реніштер мен қудалаулар арқылы біз бір-бірімізге қиындықтар береміз. Оларды жаңалықтардан көрсетпесе де біз солардан көп азап шегеміз. Бүгінгі жер бетінде болып жатқан шексіз сойқандарға қарап, Иса Мәсіхтің (ғ.с.) кешірім туралы тәлімі қазіргі таңда өте маңызды болып тұр деген ойға еріксіз тұрақтайсың. Бірде шәкірттерінің бірі одан бауырымды неше рет кешіруге болады деп сұрады. Сол туралы Інжілде былай делінген:
Аяусыз қызметкер туралы оқиға
Сонда Петір Исаның қасына жақындап: — Мырза, егер бауырласым маған қарсы күнә жасай берсе, оны неше рет кешіруім керек? Жеті ретке дейін бе? — деп сұрады. Иса: — Саған айтамын: жеті емес, жеті қайтара жетпіс ретке дейін, — деп жауап берді. — Құдай Патшалығындағы жағдай мынаған ұқсас: Бір патша қызметкерлерінен есеп алмақшы болады. Есеп ала бастағанда оның алдына он мың ат басындай күміске борышты қызметкерін алып келеді. Қарызын төлейтін ештеңесі болмағандықтан, патша оның өзін, әйелін, бала-шағасы мен мал-мүлкін түгел сатып, содан түскен ақшамен қарызын өтеуге бұйырады. Сонда қызметкер патшаның аяғына жығылып: «Тақсыр, маған сәл мұрсат бере көріңіз, мен бәрін де төлеймін!» деп жалынады. Қызметкеріне жаны ашыған патша оны босатып, бүкіл қарызын да кешіреді. Қызметкер далаға шыққан соң, бір қызметтес жолдасын кездестіреді. Бұл адам оған тек бір жүз күміс теңгеге ғана борышты еді. Алайда қызметкер оны алқымынан алып, қылғындыра бастап: «Дәл қазір маған берешегіңді қайтар!» деп талап етеді. Қарыздар жолдасы аяғына жығылып: «Маған сәл мұрсат бере көр, мен бәрін де төлеймін!» деп жалынады. Бірақ ол күткісі келмей, әлгіні қарызын төлегенше түрмеге жапқызады. Мұны көрген өзге жолдастары қатты наразыланып, патшаға барып, болған оқиғаны айтып береді. Сонда патша сол қызметкерін шақырып алып: «Әй, зұлым қызметші! Сен өтінгендіктен, мен қарызыңды түгелдей кешірдім ғой! Ендеше сен де дәл солай жолдасыңды кешіруге тиіс емес пе едің?!» дейді. Патша қаһарланып, оны қарызын толық өтегенше жазалаушыларға тапсырады. Міне, егер сендер бауырластарыңның күнәларын шын жүректен кешірмесеңдер, көктегі Әкем әрқайсыларыңа да солай істемек!
Матай 18:21-35
Бұл оқиғаның мағынасы біз Құдайдың (патша) рақымдылығын қабылдасақ, онда біздің өте көп қарызымыз (күнәміз) кешірлегін білдіреді. Мысалы – қызметкер он мың талант қарыз болып қалған. Қызметкер патшаға барлық қарызын қайтаратын қазір жағдайы жоқ екенін айтады. Патша оның ешқашан қарызын өтей алмайтынын білгендіктен оның бүкіл қарызын кешіреді. Егер біз Оның рақымдылығын қабылдасақ, біз үшін істелген іс дәл осы оқиға тәріздес болады.
Одан шыққан қызметші өзіне жүз күміс тенге қарызы бар тағы бір қызметкерді кездестіреді және одан өз қарызын қолма-қол тауып бер деп жан алқымынан ала түседі. Біз бір-бірімізді ренжіткенде жанымыз аурып қиналатынымыз рас, бірақ біз өз күнәларымыз арқылы Алла Тағалаға әкелетін ауыртпалықпен салыстырғанда ол мүлде түкке тұрғысыз. Ол он мың таланттың қасында жүз күміс тенге сияқты.
Сондықтан Жаратқан Ие (патша) бүкіл қарызын өтеп болғанша оны қараңғы зынданға қаматады. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) кешірім туралы тәлімінде, біз өзімізді ренжіткенді кешіре алмасақ, онда ол Құдайдан алатын рақымдылықты жоғалтып, тозаққа түсуіміз мүмкін екенін көрсетеді. Нәтижесі көріп отырғаныңыздай өте маңызды.
Біздің міндетіміз бойымызда үнемі кешірім рухын сақтау. Егер біреу бізді ренжітсе қатты кек алғың кеп тұрады. Бірақ кешірім рухын қалай иемденуге болады? Інжілді оқуды жалғасытрайық.