Skip to content
Home » Қиямет соты: Мәсәд, Хадид сүрелері және Мәсіх

Қиямет соты: Мәсәд, Хадид сүрелері және Мәсіх

  • by

Масад сүресі қиямет соты күнгі «жалынды от» туралы ескертеді: 

Әбу Ләһаптің екі қолы құрысын! Құрыды да. Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді. Ол, жалындаған отқа кіреді. Әйелі, отын көтеріп кіреді. Оның мойнында есілген арқан болады .

Мәсәд 111:1-5

 Масад сүресі біз сол күні құрып кететінімізді ескертеді. Қиямет соты күні біздің жақындарымыз, мысалы әйеліміз де жалынды оттан құтыла алмайды. 

Біздің барлық құпияларымызды білетін Жаратқан Иемен кездесуге қалай да дайындала аламыз ба?  

Хадид сүресі біздің ұятты қылықтарымызды жарыққа шығару үшін, Ол бізге нышан-белгілер жібергенін айтады:

Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына (Мұхаммед Ғ.С.ға) ап-анық аяттар түсірді. Сөзссіз Алла, сендерге тым жұмсақ, ерекше мейірімді .    

Хадид 57:9

Өмірін түнекте өткізген әркім, қиямет соты күні жанталасып Жарық іздейтін болатыны ескертілген: 

Сол күні, мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдер Мүміндерге: “Бізге көздеріңнің қырын салыңдар! Нұрларыңнан біз де пайдаланайықшы!”,- дейді. Оларға: “Арттарыңа қайтып, нұр іздеңдер!”,-делінеді. Сонда олардың араларына есігі бар бір дуал орнатылады. Оның ішінде рахмет, сырт жағында азап бар. Мұнафықтар, мүміндерге: “Сендермен бірге болмап па едік?’,-деп айқайлайды. Олар: “Әрине, бірақ сендер өздеріңді сұмдыққа салдыңдар, күттіңдер, күмәндандыңдар. Сендерді құр үміттерің Алланың әмірі келгенге дейін алдады. Сондай-ақ сендерді Аллаға байланысты алдаушы (шайтан) алдады” дейді .

Хадид 57:13-14

  Сол күні Жарықты иеленуге лайықты өмір сүре алмаған біздің күніміз не болмақ? Біз үшін қандай да бір үміт бар ма? 

Иса Мәсіх (ғ.с.) сол күні бізге көмек беру үшін жер бетіне келді. Өмірін күнәнің түнегінде өткізген және Құдайдың сотында ақтала алмайтындар үшін сол Нұр болатын Өзі екенін анық білдіріп отыр:

  Иса тағы бір жолы халыққа сөйлеп отырғанда былай деді: — Мен дүние үшін Нұрмын. Маған ерген кісі енді түнекте жүрмей, шынайы өмірдің Нұрына ие болады, — деді. Сонда парызшылдар Оған: — Сен Өзіңе-Өзің куәсің, сондықтан куәлігің жарамайды, — деді. Иса былай деп жауап берді: — Мен Өзіме-Өзім куә болсам да, куәлігім жарап тұр. Себебі Мен қайдан келгенімді, қайда баратынымды білемін. Ал сендер Менің қайдан келгенімді, қайда баратынымды білмейсіңдер. Сендер пенделік тұрғыдан үкім айтып тұрсыңдар, ал Мен ешкімге үкім айтып тұрған жоқпын. Егер де үкім айтсам, үкімім жарар еді, себебі Мен жалғыз емеспін, Өзімді жіберген Әкеммен біргемін. Сендер ұстанған Таурат заңында екі адамның куәлігінің жарамдылығы туралы жазылған ғой. Мен Өзіме куәмін, ал Мені жіберген Әкем де Маған куә. Әлгі парызшылдар: — Әкең қайда? — деп сұрады. Иса оларға: — Сендер Мені де, Әкемді де білмейсіңдер. Егер Мені білсеңдер, онда Әкемді де білер едіңдер, — деп жауап қайырды. Осы сөзді Иса ғибадатхананың қазынасы сақталатын қойманың жанында тәлім беріп отырғанда айтты. Алайда Оны ешкім тұтқындаған жоқ, өйткені Исаның өз жанын қиятын уақыты әлі жетпеген еді.

Исаның шыққан және қайтып баратын орны

Иса жиналғандарға тағы бір жолы тіл қатып былай деді: — Мен бұл жерден кетемін, сонда Мені іздейсіңдер. Ал сендер күнәларыңды арқалап өлесіңдер және Мен баратын жерге жете алмайсыңдар. Сонда яһуди діндарлары бір-біріне: — «Мен баратын жерге сендер жете алмайсыңдар» дегені Оның Өзін өлтірмек болғаны ма? — десті. Иса оларға былай деді: — Сендер жерденсіңдер, Мен көктенмін. Сендер осы күнәкар дүниенің адамысыңдар, ал Мен осы дүниелік емеспін. Сондықтан да сендерге «күнәларыңды арқалап өлесіңдер» дедім. Өйткені егер Менің Сол екеніме сенбесеңдер, күнәларыңды арқалап өлетін боласыңдар. — Олар Исадан: — Осы Сен кімсің? — деп сұрады. Иса: — Сендерге әуел бастан-ақ не айтсам, Мен дәл Солмын. Сендер туралы айтып, үкім шығаратын жайттарым көп. Бірақ Мені Жіберген — Хақ, Одан естігендерімді дүниеге білдіремін, — деп жауап берді. Олар Исаның көктегі рухани Әкесі туралы айтып тұрғанын түсінген жоқ. Сондықтан Иса былай деді: — Сендер көктен келген Билеушіні (айқышқа шегелеп) жоғары көтеріп қойған кезде Менің Сол екенімді, әрі еш нәрсені өз еркіммен істемей, тек Әкем қалай үйретсе, солай сөйлейтінімді ұғатын боласыңдар. Мені жіберген Әкем Өзіммен бірге. Мен әрқашан Оған ұнайтынын істейтіндіктен, Әкем Мені жалғыз қалдырмайды. Иса осыны айтып тұрғанда, көптеген адамдар Оған сенді .

Жохан 8:12-30

Иса Мәсіх (ғ.с.) «әлемге нұр» сияқты өзінің ұлы күшін жариялады, ал оның сөздеріне күмән келтіргенде, ол «Заң өсиетіне» сүйенді. Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған Тауратта оның келуі мен күшін растайтыны алдын ала болжанған. «Құдайдың ұлы» деген кім, «Адам баласын көтеріп қойғанда» – деп айтқанда Иса Мәсіх (ғ.с.) нені меңзеді? «Өмір нұрын» иелену деген нені білдіреді? Біз оны мақалаларымыздың бірінде қарастыратын боламыз. Біз онымен қазір танысуды ұсынамыз, өйткені қиямет соты күні бәрі кеш боп қалады. 

Бүгін сізден де сенбеушілерден де құн сұрап отырған ешкім жоқ.

Сондықтан бүгін сендерден бір төлеу қабыл етілмейді әрі кәпірлерден де. Орындарың тозақ. Ол сендердің достарың. Нендей жаман орын.  

Хадид 57:15

Иса Мәсіх (ғ.с.) өз тәлімін тегін былай аяқтамаған шығар:

  Сонда Иса Өзіне сенген яһудилерге былай деді: — Егер сендер айтқандарымды естеріңе сақтап, жүзеге асырсаңдар, шынымен Менің шәкірттерім боласыңдар. Сонда ақиқатты біле түсесіңдер, ал ақиқат сендерді азаттыққа жеткізеді. Олар: — Біз Ыбырайымның ұрпағымыз, ешқашан да біреудің құлы болған емеспіз! Қалайша бізге «азаттыққа жетесіңдер» деп айта аласыз? — деді. Иса оларға былай деп жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім күнә жасаса, сол — күнәнің құлы. Ал құлы емес, ұлы ғана қожайынның үйінде мәңгі қалады, себебі ұлы ретінде оның еркі бар. Сонымен егер Құдайдың рухани Ұлы сендерді азаттыққа жеткізсе, шынымен азат боласыңдар. Сендердің Ыбырайымның ұрпақтары екендеріңді білемін. Алайда Мені өлтірмексіңдер, себебі айтқандарыма жүректеріңнен орын бермедіңдер. Мен Әкемнің көрсеткендері туралы айтып тұрмын, ал сендер өз түп аталарыңнан көргендеріңді істейсіңдер. — Сол яһудилер:  Біздің түп атамыз — Ыбырайым ғой, — деп жауап берді. Иса оларға былай деді: — Сендер шынымен Ыбырайымның ұрпақтары болсаңдар, Ыбырайым секілді әрекет етер едіңдер. Алайда Құдайдан естіген ақиқатты сендерге жеткізген Мені өлтіргілерің келеді. Ондай нәрсені Ыбырайым істеген жоқ. Сөйтіп сендер өз аталарың не істесе, соны істеп жүрсіңдер. – Біз некесіз туғандар емеспіз! Біздің бір ғана рухани атамыз бар, Ол — Құдай! — Иса оларға былай деді: — Рухани аталарың Құдай болса, сендер Мені жақсы көрер едіңдер. Өйткені Мен осында Құдайдан келдім. Өз бетіммен келген жоқпын, Мені Құдай жіберді. Менің айтып тұрғанымды неге түсінбейсіңдер? Себебі Менің сөзімді естіп тұра алмайсыңдар. Сендердің рухани аталарың — әзәзіл шайтан. Соның құмарлықтарын орындағыларың келеді. Ол әуел бастан-ақ кісі өлтіруші болып келеді, ақиқат жағында тұрған да емес, өйткені онда ақиқат жоқ. Әзәзіл өтірікті өз болмысына сай айта береді, себебі ол — өтірікші, өтіріктің бастауы. Мен ақиқатты айтқандықтан Маған сенбейсіңдер. Араларыңдағы қайсың Мені күнә жасадың деп әшкерелей аласың? Ал егер ақиқатты айтсам, неге Маған сенбейсіңдер? Кімде Құдайдың рухани өмірі болса, сол Оның айтқандарына құлақ асады. Сендерде Құдайдың рухани өмірі болмағандықтан, Оның айтқандарына құлақ аспайсыңдар.

Мәсіхтің мәңгілік болмысы

— Самариялық екенсің, Сені жын соққан деп тұрғанымыз дұрыс емес пе? — деп әлгі яһудилер Исаға тіл тигізді. — Мені жын соққан жоқ! Тек Әкемді құрметтеймін, ал сендер Мені қорлайсыңдар. Мен құрметке бөленуге тырыспаймын, ол жағын ойластыратын Әкем бар. Сендер мен Өзімнің арамыздағы төрелікті айтатын да Сол. Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Менің сөзімді берік ұстанатын кісі мәңгі өлмейді,  — деп жауап берді Иса. Ал яһуди діндарлары Оның айтқанын түсінбей:

— Ішіңде жынның бар екеніне көзіміз жетті. Ыбырайым да, пайғамбарлар да өлген, ал Сен «Менің сөзімді берік ұстанатын кісі мәңгі өлмейді» дейсің! Әлде Сен өліп қалған түп атамыз Ыбырайымнан да құдіреттісің бе? Пайғамбарлар да өліп қалған. Өзіңді кіммін деп тұрсың? — деді. Иса бұған жауап ретінде былай деді: — Менің Өзімді құрметтеуім түк болмас еді; Мені құрметтеуші — өз Әкем. Сендер Оны «біздің Құдайымыз» десеңдер де, Оны білмейсіңдер; ал Мен Оны білемін. Егер Оны білмеймін десем, сендер сияқты өтірікші болар едім. Бірақ Мен Оны білемін және Оның айтқандарын ұстанамын. Түп аталарың Ыбырайым Менің дүниеге келетін күнімді көретініне шаттанды; ол сол күнді көріп, қуанды да.  — Әлгі діншіл яһудилер: — Сен әлі елуге де келген жоқсың, Ыбырайымды көрдім дейсің бе? — деді. Иса оларға былай жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Ыбырайым тумастан бұрын да (Мәңгі) Бар Болушы Менмін! Сонда олар ашуланып, Оны тас лақтырып өлтіру үшін жерден тас алды. Бірақ Иса білдіртпей ғибадатханадан шығып кетті (Жохан 8:31-59).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *