Skip to content
Home » Жаңа келісім нышан-белгісі

Жаңа келісім нышан-белгісі

  • by

Осының алдындағы мақалада Еремия пайғамбардың сөздерін келтірдік, онда күнә да  басқа заттармен бірге шөлдің нышан-белгісі бар дегені айтылды. Біз күнә жасайтынымызды және оның бізге қиындық әкелетінін білеміз, бірақ біздің ішкі шөліміз оны қайтадан жасауға мәжбүрлейді. Еремия пайғамбар (ғ.с.) Алланың қаһарлы соты басталар алдында, яғни барлық жерде күнә мен заңсыздықтар бел алып тұрған, исраил халқының соңы патшалары заманында өмір сүрді. 

Ол шамамен б.з.д. 600 жылдары, яғни Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы берілген Заңнан кейін 1000 жылдан кейін болды. Сол кездері исраил халқы күнәлары шектен шығып жатты. Олар Заңнан бас тартып, өздеріне Алланың қаһарлы сотын әкелді. Дін Құдайды да, шөлдеген халықты да қанағаттандыра алмады. Бірақ Алланың қаһарлы соты келетінін жариялаған Еремия пайғамбарда (ғ.с.) басқа бір нәрсе туралы тағы бір уағызы болды. Болашақта іске асатын нәрсе… 

Жаратқан Ие мынаны айтады: «Біліп алыңдар, Мен Солтүстік Исраилдің және Яһуданың үрім-бұтақтарымен Жаңа Келісім жасайтын уақыт келді. Бұл Келісім Менің олардың ата-бабаларын қолдарынан жетелеп Мысырдан алып шыққанда солармен жасаған Келісіміммен бірдей болмайды. Өйткені Мен оларды әйелін қатты сүйген күйеуі іспетті жақсы көрсем де, олар сол Келісіміме адал болмады, — дейді Жаратқан Ие. — Қайта, Менің кейінгі заманда Исраил халқымен жасайтын Келісімім мынадай болады: Мен өз тәлімімді  олардың ақыл-саналарына дарытамын әрі жүректеріне «жазып» та қоямын.  Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады. Сонда ешкімге замандасы мен ағайынына: «Жаратқан Иені жақыннан танып біл!» деп үйретудің қажеті болмайды. Өйткені үлкенді-кішілі барлығы да Мені жақыннан танып білетін болады. Себебі Мен олардың әділетсіз істерін рақымшылықпен кешіріп, жасаған күнәларын бұдан былай есіме алмаймын .

Еремия 31:31-34

Бірінші Өсиет – Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы берілген Заң – күшсіз болды, ол Заң дұрыс болмағаннан емес әрине. Жоқ. Мұса арқылы берілген Заң өте дұрыс (қазір де). Бірақ ол тас тақтайшаларға қашалып жазылды. Ал адамдардың жүректерінде шөл қысты; және олар оны орындай алмады.  Мәселе Заңда не жазылғанында емес, оның қайда жазылғанында болды. Заң тас тақтайшаларда емес, біз сонымен жүре алуымыз үшін де, ол адамдардың жүректерінде жазылуы керек еді. Оны толық орындай алуымызға күшіміз жету  үшін, Заң сыртымызда емес, ішімізге жазылуы тиіс. 

Олар яһуди болғандары үшін, Заңды орындай алмады ма? Көп адамдар әр түрлі себептермен өлім әкелетін күнәлары үшін еврейлерді қуана кіналап жатады. Дегенмен өзіңнен бастаған бәрінен де жақсы. Қиямет қайымда Алланың алдында жақсылығы мен жамандықтары үшін, әркім тек өзі үшін жауап береді. Басқалардың ісі бізге көмектесе алмайды. Өз өміріңізге іштей болсын оймен көз салыңызшы. Сіз Заңды қалай орындап жүрсіз? Оны орындай алуға күшіңіз жету үшін, Заң сіздің жүрегіңізге қашалып жазылған ба? Егер сіз Заңды толық орындап жүрмін деп ойлап жүрсеңіз, онда өз өміріңізді Иса Мәсіх (ғ.с.) тәлімі бойынша бағалап көріңіз. Немесе сіздің жағдайыңыз Еремия пайғамбар (ғ.с.) заманындағы исраил халқы секілді емес пе? Заң жақсы, бірақ ол тасқа қашалып жазылғандықтан, оны орындауға күшіміз жетпей ме? Мұса пайғамбар (ғ.с.) стандартын есіңізге түсіріңіз. Заңды ішінара және анда-санда орындау жеткіліксіз. Оны үнемі әрі толық орындап жүру керек. 

Егер сіз заңды орындамай жүргеніңіз үшін өзіңізді кіналап жүрсеңіз, өз ісіңізден өзіңіз ұялсаңыз, онда ұнжырғаңыз түспесін. Еремияның пайғамбарлық сөзі арқылы Жаратқан Ие рақымдылығымен, бізге басқа уәде – Жаңа келісім ұсынып отыр. Еремияның сөзіне сенсек, бізге Жаңа келісім берілетін күн туады. Жаңа келісім басқаша болады, ол адамдардың жүрегіне жазылғандықтан, оларды орындауға күштері жетеді. 

Бірақ, мынаған назар аударыңыз: Жаңа келісім яһудилерден, «Исраил үйінен» шығады. Оны қалай түсінеміз? Исраил халқы бірде Құдайдың батасын иеленіп шыңға шықса, бірде күнәнің тұңғиығына бататын сияқты. Забурдың тағы бір пайғамбары Ишая (ғ.с.) (Мәсіхтің пәк қыздан туатыны туралы айтқан),  Еремия (ғ.с.) айтқан пайғамбарлық сөздерімен тікелей байланысты пайғамбарлық өсиет айтты. Осы екі пайғамбарлардың арасын (төменде берілген уақыт сызбасына сәйкес)150 жыл бөліп тұр. Олар бірін-бірі білмеді, дегенмен бір-бірін толтыратын пайғамбарлық сөздер айтып отыр, сондықтан бізде, олар екеуі де бір Алланың нұсқауымен сөйледі деген күдік қалады.  

Забурдағы басқа пайғамбарларға қатысты Еремия пайғамбардың (ғ.с.) уақыт сызбасындағы орналасуы. 

Болашақты болжаған, Ишая пайғамбар (ғ.с.) Қызметшінің келетіні туралы айтты. Ол былай деді:  

  Ал енді Жаратқан Ие сөйлейді. Ол мені анамның құрсағында қалыптастырып, Өзінің қызметшісі болуға дайындаған еді. Маған Жақыптың үрім-бұтағын, Исраил халқын, Өзінің қасына қайтарып жинауды тапсырды. Өйткені Жаратқан Иенің алдында қадірлімін, Құдайым маған күш-қуат сыйлайды. Жаратқан Ие мынаны да айтады: «Сен Менің Қызметшімсің, Жақыптың шашыраған руларын қайтадан біріктіресің. Сен тек Исраил халқынан аман сақтап қалғандарымды ғана Өзіме қайтарып қоймайсың. Сені басқа ұлттар үшін де жарық Нұр болуға белгіледім! Сонда жердің түкпір-түкпіріндегі адамдарға Мен дайындаған құтқарылу жолын жария етесің!».

Ишая 49:5-6

 Басқадай айтқанда қандай-да бір қызметші яһуди халқына, барлық басқа ұлттарға (яһуди еместерге) сыйланған, құтқарылу әкеледі және ол жердің шетіне дейін таралады. Ол қызметші кім? Ол өз міндетін қалай іске асырады?  Еремия пайғамбардың (ғ.с.) тас тақтайшаға емес, адамдардың жүрегіне қашалатын Жаңа келісім туралы сөзі қалай орындалады? Забур пайғамбарларын зерттеуді жалғастырамыз. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *