Skip to content
Home » Жетінші күн – сенбілік тыныштық

Жетінші күн – сенбілік тыныштық

  • by

Иса Мәсіх (ғ.с.) яһудилердің құтқарылу мейрамы күні өлімге кесіліп, айқышқа шегеленді. Оны біздің заманымызда ұлы жұма деп атайды. Құтқарылу мейрамын бейсенбінің кешінде бастап, аптаның алтыншы күні жұма күні күн батқанға дейін тойлаған. Сол күннің соңғы оқиғасы – қайтыс болған пайғамбардың денесін жерледі. Інжілде сол күнгі болған оқиғаларға куә болған әйелдер туралы баяндалған. 

 Исаға еріп Ғалилеядан келген әйелдер Жүсіпке ілесіп келіп, қабірге де, оның ішіне сүйектің қалай қойылғанына да қарап тұрды. Содан соң әйелдер қалаға қайтып барып, жұпар заттар мен иісмайлар дайындап қойды. Діни демалыс — сенбі күні олар Таурат заңының талабына сай тыныштық сақтап, демалды .

Лұқа 23:55-56

Әйелдер пайғамбардың денесін жерлеуге дайындамақшы болды, бірақ жұма күні кеш батып сенбі басталатындықтан сол рәсімді істеуге үлгермей қалды. Сөйтіп жетінші сенбі күн басталды, ал яһудилерге сол күні жұмыс істеуге болмайды. Таураттағы ол өсиет жаратылыстың басталуымен байланысты болды. Құдай жер мен көкті алты күн бойы жаратты. Тауратта былай жазылған. 

  Осылайша аспан мен жер және олардың рет-ретімен орналасқан барлық бөлшектері толықтай жаратылды. Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтап, сол күні жұмыс жасамай демалды .

Жаратылыстың басталуы 2:1-2

Әйелдер Иса Мәсіхтің (ғ.с.) денесін жерлеуге дайындағысы келгенмен, Таурат заңына бағынып жетінші күні дем алды. 

Дін қызметкерлері сенбілік заңды бұзды. Інжілде олардың яһуди прокурорымен сөйлескені келтірілген: 

  Келесі күні, жұманың ертеңіне басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Пилаттың қасына жиналып, былай деді: — Тақсыр, әлгі «алдамшы» Кісінің тірі кезінде: «Үш күннен кейін қайта тірілемін» дегені есімізге түсті. Сондықтан да қабірді үшінші күнге дейін күзетіп, қауіпсіз етуге бұйыра көріңіз. Әйтпесе Оның шәкірттері (түн ішінде) келіп, сүйегін ұрлап алып кетіп, халыққа «өлімнен қайта тірілді» деп жүрулері мүмкін. Сонда соңғы алдау алғашқысынан да бетер болар. Пилат: — Мейлі, қарауыл тобын алыңдар. Барып, қабірді өздерің білгендеріңше күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етіңдер, — деп шешті. Олар барып, мазардың айналасына күзет қойып, қақпақ тасты мөрмен бекітіп тастады.

Матай 27:62-66

Сенбі дем алатын күнге қарамай дін басшылары қабірдің басына күзет қоюды бақылауларына алды. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) денесі өліп, тыныштықта болды және әйелдер сенбілік заңға бағынып олар да тыныштық та болды. Уақыт сызбасында жетінші күні Таурат заңы бойынша Құдай алты күн жаратып болған соң жетінші күні дем алды, соған сәйкес тыныштықта болғаны көрсетілген. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) қайтыс болып сенбілік тыныштықта болды. 

Осы тыныштық шексіз құдіреттің бой көтерер алдындағы үзіліс секілді еді. Фәжір сүресінде қараңғы түннен кейін арайлап атқанды көру қандай бақытты бата екенін еске салады. Таң нұры ақылды адамға құпияларды ашып көрсетеді. 

Ағарған таңға, Құрбан айының алғашқы он кешіне, Әр жұп пен таққа, Өткен түнге серт. Бұлар, ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма? .

Фәжір 89:1-5

  Келесі күні ұлы жеңіс болды. Ол туралы егжей-тегжейлі осы жерде берілген.  

Келесі күннің таңы не әкелетінін қарастырайық. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *