Skip to content
Home » Иса Мәсіх (ғ.с.) қажылық жасады

Иса Мәсіх (ғ.с.) қажылық жасады

  • by

Хаж сүресінде адамдарға дәстүр орындау міндеттелгенін, бірақ Алла үшін құрбандық малдың қаны емес, адам жүрегінің маңызды екені айтылған.  

Біз әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан Соған бой ұсыныңдар. (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр. Ешқашан құрбанның еттері, қандары Аллаға үлгірмейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың үлгіреді. Сендерге тура жол көрсеткен Алланы, ұлықтауларың үшін; осылайша малды, еріктеріңе бердік. (Мұхаммед Ғ.С.) жақсылық істеушілерді қуандыр .   

Хаж 22:34, 37

Су – қажылық дәстүрдің маңызды бөлігі, сондықтан қажылық істеуге барғандар Зәмзәм суынан алуға тырысады.  Бірақ Мүлік сүресінде негізгі сұрақ қойылады. 

Оларға: “Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге, бір аққан суды кім келтіреді?”,- де.  

Мүлік 67:30

Иса Мәсіх (ғ.с.) осы сөздерді Мұса пайғамбар (ғ.с.) заманындағы яһудилердің қажылықтарына байланысты келтірді. Осы пайғамбарлықты қажылық түрінде қарастырайық. 

Қажылықтың не екенін көп адамдар біледі, бірақ осыдан 3500 жыл бұрын Мұса пайғамбар (ғ.с.) заңы яһуди халқы жыл сайын Иерусалим қаласына қажылық жасауды тапсырған. Осы дәстүр күркелер мейрамы деп аталған. Ол мейрам қазіргі қажылыққа өте ұқсас. Мысалы, осы екі мейрам да жылдың белгілі бір аптасына келеді және малдарды құрбандыққа шалады. Онда да (Зәмзәм секілді) ерекше суы болы шарт және ашық аспан астында ұйықтайды, сонымен бірге киелі орынды жеті рет айланып жүруі керек. Яһудилер үшін күркелер мейрамы қазіргі қажылықпен бірдей дәстүр. Яһудилер күркелер мейрамды қазір де орындайды бірақ, б.з. 70 жылдары ғибадатхана қираттылғаннан кейін сәл басқаша орындалады. 

Інжіл кітабында Иса Мәсіх (ғ.с.) қажылықты қалай жасағаны туралы жазылған. Сол оқиғаны және менің пікірімді оқып көрейік. 

  Содан кейін Иса Ғалилея аймағын аралап жүрді. Яһуди басшылары Оны өлтірмекші болған соң, Иса Яһудея аймағын аралағысы келмеді. Бұл — яһуди халқының Күркелер мейрамының қарсаңы еді. Сонда Исаның туған інілері Оған: — Яһудеяға бара бер, сол жердегі шәкірттерің де Сенің кереметтеріңді көрсін. Халықтың көзіне түскісі келген кісі істерін жасырмайды. Сен осындай кереметтер істедің, енді Өзіңді әлемге таныт, — деді. Себебі өз інілері Оған сенбейтін .

Жохан 7:1-5

Басында Иса Мәсіхтің (ғ.с.) бауырлары оған себеді, сондықтан оны әжуалап жүрді. Кейін олар көзқарастарын өзгертті – Жақып пен Яһуда Інжіл кітабында орын алған хаттар да жазды. Қандай өзгеріс болды? Олар неге көзқарастарын өзгертті? Иса Мәсіхтің өлімнен қайта тірілгені себеп болды.  

  Сонда Иса оларға былай деді: — Өзімді халыққа танытатын уақытым әлі келген жоқ; ал сендер үшін қай мезгіл болса да дер кез. Осы күнәкар дүние сендерді жек көре алмайды. Ал ол Мені жек көреді, өйткені Мен оның істерінің жаман екенін әшкерелеп жүрмін. Сендер мейрамға бара беріңдер! Мен қазір бұл мейрамға бармаймын. Өзімді танытатын уақытым әлі келген жоқ. — Иса осылай деп, Ғалилеяда қалып қойды.

Исаның Күркелер мейрамындағы тәлімі

Інілері мейрамға кеткен соң, халық көзінен тасаланып Иса да жолға шықты. Яһуди басшылары: «Ол қайда?» — деп, Оны мерекеде іздеп жүрді. Келген жұрт Ол туралы көп күңкіл сөз айтып жатты. Біреулері: «Ол жақсы», — десе, басқалары: «Жоқ, халықты азғырып жүр», — деді. Бірақ яһуди басшыларынан қорыққандықтан, ешкім Ол туралы ашық айтпады. Мейрамның жартысы өткен кезде Иса ғибадатхананың ауласына барып, жұртқа тәлім берді. Яһуди діндарлары таңғалып: — Арнайы дайындықсыз Мынау Киелі жазбаларды қалай түсіне алады? — деді. Иса оларға былай деп жауап берді: — Ілімім Менікі емес, Мені Жібергендікі. Соның еркін орындағысы келген әркім осы ілім Құдайдан ба, әлде Мен өз бетіммен сөйлеп тұрмын ба, соны білетін болады. Өз бетімен сөйлеген әркім өзінің ғана беделін ойлайды. Ал Өзін Жібергеннің беделін ойлаған Кісіге сенуге болады, Оның ойында әділетсіздік жоқ. Сендерге Мұса пайғамбар Таурат заңын бермеп пе еді? Шындығында бірде-біреуің сол заңға бағынбайсыңдар. Әйтпесе неге Мені өлтірмексіңдер? Жұрт Оған: — Жын соқты ма? Кім Сені өлтірмек? — деп қарсылық білдірді. Иса оларға былай деп жауап берді: — Мен (демалыс күні) бір керемет іс жасадым, ал бәрің соған абыржулысыңдар. Мұса сүндеттеуді бұйырды. Расында бұл рәсім Мұсадан емес, одан бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған. Сендер бұйрыққа сай балаларыңды туғаннан кейінгі сегізінші күні, демалыс күні болса да, сүндеттей бересіңдер. Сонымен Мұсаның заңы бұзылмасын деп, балалар демалыс күні де сүндеттеліп келеді. Ендеше біреуді демалыс күні ауруынан құлантаза сауықтырғаным үшін қалайша Маған ашуланасыңдар? Сырт көрінісіне ғана қарамай, әділ шешіңдер!

Иса — Құдай уәде еткен Құтқарушы Мәсіх пе?

Сонда бірнеше иерусалимдік тұрғындар былай деді: — Басшылар өлтіреміз деп жүрген кісі Осы емес пе? Қараңдар, Ол емін-еркін де ашық сөйлейді, ал Оған ештеңе демейді. Сонда Оның Мәсіх екеніне басшылардың көздері шынымен жеткені ме? Мәсіх келгенде, Оның қай жақтан шығатынын ешкім білмейді. Ал Мынаның қай жерлік екенін білеміз ғой .

Жохан 7:6-27

Сол кездері яһудилер Иса (ғ.с.) туралы келетін Мәсіх сол ма, әлде басқа ма деп дауласып жүрді. Кейбіреулері Мәсіхтің қайдан келетінін ешкім білмейді деді. Ал Иса (ғ.с.) қайдан шыққаны белгілі болғандықтан келетін Мәсіх ол емес деп жүрді. Ондай сенім қайдан шықты? Таураттан ба? Пайғамбарлардан ба? Мүлде олай емес. Пайғамбарлар Мәсіхтің қайдан шығатынын дәл болжаған. Миха пайғамбар (ғ.с.) б.з.д. 700 жыл бұрын былай жазып қалдырған: 

   Ал сен, Ефрата аймағындағы Бетлехем, Яһуданың әулеттерінің  арасындағы маңызсызы болсаң да, сенен Менің халқым Исраилге басшылық ететін Көсем шығады. Оның шыққан тегі ежелгі заманнан, мәңгіліктен.

Миха 5:2

Басқадай айтқанда пайғамбарлық сөзде билік иесі Билеуші (Мәсіх) Бетлехемнен шығады делінген. Мәсіхтің дүниеге келуі туралы мақалада атап өткеніміздей, б.з.д 700 жыл бұрынғы пайғамбарлық дәл орындалып, Иса (ғ.с.) шынында да Бетлехем қаласында дүниеге келді. 

Мәсіхтің дүниеге келетін жері белгісіз деген сенім, тек халық дәстүрі негізінде туындаған. Басқа ештеңе де емес. Заң мұғалімдерінің қате түсінігі пайғамбарлық сөзді негізге алмай, кейбір уағыздаушының қате пікіріне ден қойғаннан пайда болды. Бірақ сол қатені қайталаудың қажеті шамалы.  Әңгімемізді жалғастырайық…

    Мәсіх келгенде, Оның қай жақтан шығатынын ешкім білмейді. Ал Мынаның қай жерлік екенін білеміз ғой. Сол кезде ғибадатханада тәлім беріп отырған Иса қатты дауыспен: — Менің кім екенімді, қайдан шыққанымды білесіңдер ме? Мен өз бетіммен келген жоқпын. Бірақ Мені жіберген — сендер білмейтін Ақиқаттың Өзі. Ал Мен Оны білемін, себебі Содан келдім, Мені Сол жіберді, — деді. Содан біреулер Оны тұтқындамақ болды, бірақ Оған қарсы ешқайсысы қол көтермеді. Өйткені Исаның өз жанын қиятын уақыты әлі жетпеген еді. Ал халықтың көбі: «Құтқарушы Мәсіх келгенде, Ол Бұдан артық кереметтер көрсетер деймісің?» — деп, Исаға сене бастады. Халық арасында осындай күңкіл болғаны парызшылдардың құлағына жетті. Сонда басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Исаны тұтқындауға сақшыларын жіберді. Ал Иса оларға: — Тағы біразырақ уақыт араларыңда боламын, содан кейін Өзімді Жібергенге қайта ораламын. Мені іздесеңдер де, таба алмайтын боласыңдар. Себебі Мен болатын жерге сендер бара алмайсыңдар, — деді. Сонда яһуди діндарлары өзара былай десті: — Біз Оны таба алмайтындай Бұл қайда бармақшы? Шетелге тарап кеткен яһудилерге барып, басқа ұлттарға да тәлім бермекші ме? Оның «Мені іздесеңдер де, таба алмайтын боласыңдар» және «Мен болатын жерге сендер бара алмайсыңдар» дегені не сөз?

Қайнаған қызық жаңа өмір

Мейрам соңындағы ең ұлы күні Иса ел алдында тұрып: — Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»! Кім Маған сенсе, (келіп, шөлін қандырып су ішсін!) Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: оның жүрегінен өмір беретін «су» тасқындап ағады, — деді .

Жохан 7:27-38

Мейрам күні яһудилер Иерусалимнің оң жағындағы ерекше құдықтан су алып, қалаға «су қақпасы» арқылы кіретін. Содан кейін сол су құрбандық шалынатын орынға апарылады. Міне Иса Мәсіх (ғ.с.) алдында айтқанындай, тағы да өзін тірі сумын деп жариялап отыр.  Осы сөздер адамдар өз суларын құрбандық орнына әкеле жатқан кезде болды. Ол мынаны айтпақшы болды: адамдардың жүректері қатты шөлдеген және сол нәрсе оларды күнәға итермелейді. Сол нәрсені алдын ала пайғамбарлар болжаған. 

  Исаның сөзін естіген кейбіреулер: — Шынында да Бұл — келуге тиісті Пайғамбар! — деді. Басқалары: — Ол — Құтқарушы Патшамыз Мәсіх! — дегенді айтты. Енді біреулері: — Ал Мәсіх Ғалилея аймағынан келуші ме еді? Киелі жазбаларда Мәсіх Дәуіт патшаның әулетінен, оның атамекені Бетлехемнен шығады делінген емес пе? — деп күмән келтірді. Осылай ел арасында Иса туралы араздық туды. Бірнешеуі Оны тұтқындамақ болды, бірақ ешқайсысы Оған қарсы қол көтермеді

Жохан 7:40-43

Көріп отырсыздар Иса Мәсіх (ғ.с.) сөзіне орай адамдар дауласып қалды, иә олар бүгін де солай дауласып жүр. Исаның (ғ.с.) дүниеге келетін қаласы Бетлехем туралы алдын ала пайғамбарлар болжағаны туралы жоғарыда айтып өттік. Ал Мәсіх Ғалилея аймағынан келеді деген сенім қайдан пайда болды? Б.з.д 700 жыл бұрын Ишая пайғамбар (ғ.с.) былай жазып қалдырды: 

   Забулон мен Нафталимнің отанын Иеміз бұрыннан масқараға ұшыратқан. Ал болашақта осы бір аймақты — Теңізге баратын жол бойындағы Әрі Иорданның батыс жағындағы Бөтен ұлттар тұрған Ғалилея аймағы Зор абыройға бөлейтін болады! Халық қараңғыда ғұмыр кешіп келеді, Ал енді бір ғаламат Нұрды көреді, Түнек басқан жерде тұратын елге Таңның шапағы сәулесін төгуде! .

Ишая 9:1-2

Яғни пайғамбар Мәсіх өз уағызын Ғалилеяда бастайды демек «сәулесін төгуде» дейді. Сол Иса (ғ.с.) көп кереметтер жасап қызметін бастаған жер. Қайталап айтайын: олардың қателескен жері пайғамбарлар жазбаларын мұқият оқымай, адамдық ақыл ойға салынған. 

   Исаны тұтқындауға жіберілген сақшылар қайта оралғанда басты діни қызметкерлер және парызшылдар олардан: — Неге Оны алып келмедіңдер? — деп сұрады. Сақшылар: — Бірде-бір адам Ол сияқты сөйлеген емес! — деді. Сонда парызшылдар: — Ол сендерді де алдап кеткен бе?! Басшылар мен парызшылдардың арасында Оған сенетін біреудің болғаны ма?! Оған Таурат заңын білмейтін, қарғыс атқан қара халық қана сенеді! — деп зекіді. Парызшылдардың біреуі — бірде түн ішінде Исаға келіп кеткен Нікөдем де сол жерде болды. Ол басқаларға қарсы шығып: — Таурат заңымыз бойынша біреуден жауап алып тексермей, оған үкім шығаруға бола ма? — деді. Олар Нікөдемге: — Сен де ғалилеялық шығарсың? Киелі жазбаларды зерттеп шық: Ғалилеядан пайғамбар шықпайды, соны біліп қой! — деді.

Жохан 7:45-52

Заң мұғалімдері дұрыс айтпады, өйткені Ишая пайғамбар (ғ.с.) сөзінде таң шапағы сәулесі Ғалилеяда төгеді делінген. 

Осыдан екі сабақ алуға болады. Біріншіден, діни дәстүрлерді сақтау үшін талқылау ақыл жүйесі қажет болмаған. Ал сіз талқылай аласыз ба? 

 Олардың Құдай үшін ынта көрсетіп жүргендеріне куәмін, алайда ынталары дұрыс түсінікке негізделмеген .

Рим. 10:2

Шындыққа көз жеткізу үшін пайғамбарлар жазбаларын мұқият оқу керек. 

Екіншіден, Иса Мәсіх (ғ.с.) адамдарға қандай-да бір сыйлық уәде етті. Ол қажылық жасаушыларға былай жариялады: 

  Мейрам соңындағы ең ұлы күні Иса ел алдында тұрып: — Кімнің жаны шөлдесе, сол Маған келіп, «ішсін»! Кім Маған сенсе, (келіп, шөлін қандырып су ішсін!) Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: оның жүрегінен өмір беретін «су» тасқындап ағады, —.

деді Жохан 7:37-38

Осы шөл қандыру уәдесі барлық адам баласына (яһуди, мәсіхші т.с.с.) арналған. Сіз шөлдеген жансыз ба? (Осы жерді қара). Егер Зәмзәм бұлағының суы керемет дәмді болса, онда неге Мәсіх сыйлаған судан да ішпеске, өйткені ол жүрек шөлін қандырады емес пе?  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *