Skip to content
Home » Ілияс пайғамбар – кім ол? Ол біздің жолымызды қалай бағыттай алады?

Ілияс пайғамбар – кім ол? Ол біздің жолымызды қалай бағыттай алады?

  • by

Ілияс пайғамбардың (ғ.с.) Әнам және Саффат сүрелерінде үш рет аты аталады. Оларда былай делінген: 

Және Зәкерия, Яхия, Ғиса және Ілияс барлығы жақсылардан.  

Әнам 6:85

 Әрине Ілияс (Ғ.С.) елшілерімізден еді. Сол уақытта еліне: “Алладан қорықпайсыңдар ма?”,- деді. “Ерекше жаратушыны қойып, “Бағыл” атты бұтқа жалбарынасыңдар ма?” “Алла, сендердің де, бұрынғы аталарыңның да Раббы!” Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі. Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа. Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық. “Ілияс (Ғ.С.) қа сәлем.” Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз. Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді.   

Саффат 37:123-132

 Ілияс пайғамбардың (ғ.с.) аты Киелі кітаптағы Жүніс пайғамбар (ғ.с.) және Иса Мәсіхпен (ғ.с.) бірге аталып тұр. Жоғарыда айтылғандай, Ілияс пайғамбар (ғ.с.) Бағал пұтына табынатындарға қарсы шыққан адам. Олардың арасындағы тартыс, егжей-тегжейлі Киелі кітпата баяндалған. Төменде бізге («болашақ ұрпаққа») Саффат сүресінде уәде етілген батаны қарастырамыз. 

Ілияс пайғамбар (ғ.с.) және Бағалға табынушылар

Ілияс пайғамбар (ғ.с.) батылдығы сонша 450 Бағал қызметкерлеріне тайсалмай жалғыз өзі қарсы шығады. Ол сонша көп адамға қандай қарсы дәлел қоя алатын еді? Киелі кітап оның өте дана шешім шығарғаны жайлы айтады: ол және Бағал пұтының қызметшілері құрбандық шалады бірақ өртеуге отты өздері жақпауға келіседі. Содан кейін құрбандық астына отын қалаған соң, әр жақ өз Құдайларынан отты көктен түсіруі үшін сиынады. Осыны қай жақтың Құдайы орындаса, сол шынайы Құдай болып танылмақ. Бағалдың 450 қызметкері күні бойы айғайлап құдайларын шақырса да көктен еш от түспеді. Артынан Ілияс пайғамбар (ғ.с.) Жаратушыға сиынғаны сол еді, көктен от түсіп құрбандықты бірден өртеп жіберді. Осы оқиғаны көріп куә болып тұрған көпшілік, кімнің Құдайы шындық, ал кімдікі өтірік құдай екендеріне көздерін жеткізді. Сынақ Бағалдың жалғандығын әшкереледі. 

Біз Ілияс пайғамбар (ғ.с.) сынағына куә бола алмадық, бірақ осы заманда да оның әдісін пайдаланып, пайғамбарлар сөзі мен нышан-белгілері Құдайдан ба жоқ па тексере аламыз. Сынақ былай болғаны жөн, оны Құдай және Оның жібергендері ғана өте алады, ал тек адамдық қасиеттерге ғана үміт артқандар Бағал қызметкерлері секілді жеңіліске ұшырайды. 

Біздің заманымыздағы Ілияс пайғабар (ғ.с.) сынағы

Бүгінгі таңда Ілияс пайғамбар (ғ.с.) сынағын қалай өткізуге болады? 

Нәжм сүресінде былай жазылған

Негізінде ақырет, дүние Алланың иелігінде.  

Нәжм 53:25

Заманның басталуы мен ақыры тек Құдайға ғана аян. Адамдарға заманның ақыры қай күні болатынын анықтайтын құқық берілмеген, олар оны орындалған кезде бірақ көреді. Яғни, пайғамбарлардың айтып кеткені қандай дәлдікпен орындалды деген сынақ қолдануға болады. Өйткені бірде-бір адам немесе пұт болашақты болжай алмайды. Оны тек Құдай ғана біледі. 

Көп адамдарды мына сұрақ толғандырады, Иса Мәсіх (ғ.с.) шын мәнінде Құдай уәде еткен пайғамбар ма, жоқ әлде адамдар оны солай көрсету үшін қолдан жасап алды ма? Біз оны Ілияс пайғамбар (ғ.с.) әдісімен тексере аламыз. Ілияс (ғ.с.) секілді Таурат, Забур және пайғамбарлар жазбаларында, Иса Мәсіх (ғ.с.) дүниеге келгенге дейін жүздеген немесе тіпті мыңдаған жылдар бұрын жазып қалдырған. Олар яһуди пайғамбарлары арқылы жазылған, сондықтан олардың мәсіхшілікке еш қатысы жоқ. Сол көне пайғамбарлар жазбалары Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өміріне қатысы болды ма? Осы жерде Таураттағы пайғамбарлар жазбалары келтірілген, ал мына тұста Забур және одан кейінгі пайғамбарлары жазбалары бар. Енді біз Ілияс пайғамбар (ғ.с.) әдісін пайдаланып, Інжілде суреттелген Иса Мәсіх (ғ.с.) шынмен де Құдайдың жіберген адамы ма, әлде адамдардың қияли ойдан құрастырып алғаны ма, тексере аламыз. 

Әнам сүресінде Ілияс пайғамбарды (ғ.с.) Жақия және Иса Мәсіх (ғ.с.) қатар қойып тұр. Бір қызығы сол, Көне келісімнің соңғы кітабында, Ілияс пайғамбар (ғ.с.) келіп, біздің жүрегімізді Мәсіхтің келуіне дайындайды делінген. Ал інжілде Ілияс пайғамбардың (ғ.с.) рухына кенелген Жақия пайғамбар (ғ.с.) бізді Мәсіхтің келуіне дайындайды деп жазылған. Сөйтіп, Ілияс пайғамбар (ғ.с.) Жақия пайғамбар (ғ.с.) және Мәсіх туралы жазылған пайғамбарлық болжамдармен тығыз байланысты. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *