Skip to content
Home » Қиямет соты: Һумәзә және Мәсіх

Қиямет соты: Һумәзә және Мәсіх

  • by

Хумаза сүресі қиямет сотын мына жағдаймен ескертеді: 

Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш! Сондай мал жиып, оны санағандарға. Негізінен малы, өзін мәңгі жасатады деп ойлайды. Олай емес, әлбетте ол «Хұтамаға» тасталады. «Хұтаманың не екенін қайдан білесің?» Ол, Алланың жағылған оты,

Һумәзә 104:1-6

 Һумәзә сүресі егер біз өз құлқынымыздың құлы болып, жақынымызға  жаман қарасақ, Алланың қаһары бізді отпен күтіп тұрғаны туралы айтады. Қиямет күні басқаға көмек қолын созудан ешқешен бас тартпаған, басқаның байлығына көз алартпаған, ауызынан жаман сөз шықпаған, ақшаға байланысты жанжал шығармаған әркімге Алланың нұры түсуі мүмкін дегенді келтіреді.  

Ал сонда басқаларды қандай тағдыр күтіп тұр? 

Иса Мәсіх (ғ.с.) Жаратқанның киелі қаһарынан қорқатындарды құтқару үшін келген. Інжілде былай жазылған: 

 Көктен келген Билеушіден басқа ешкім көкке шыққан жоқ, (Ол — көкте тұрушы). Мұса пайғамбар айдалада мыс жыланды жоғары көтеріп қойған. Дәл солай көктен келген Билеуші де көтеріліп қойылуға тиіс. Сонда Оған сенуші әркім мәңгілік өмірге ие болады. Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады. Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді. Оған сенушілер қияметте сотталмайды. Ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған. Соттың мәні мынадай: «Құдайдың Нұры» жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді. Жамандық істеген әркім Нұрды жек көреді және жасаған істері әшкереленбес үшін Нұрға жоламайды. Ал шындыққа сай өмір сүретін әркім өз істерінің Құдайдың көмегімен жасалғандығы көрініп тұрсын деп Нұрға шығады.

Жохан 3:13-21

Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің «көктен келгенін» және ұлы билігі барын паш етті. Самариялық әйелмен сөйлескенде (толық мәтінді осы жерден қара) Мәсіх өзі туралы «тірі суға» теңеп сөйледі: 

  Иса: — Егер Құдайдың өзіңе не сыйлағысы келгенін және су сұраған Адамның кім екенін білсең, сен Оның Өзінен су сұрар едің. Сонда Ол саған «өмір суын» берер еді, — деп жауап қатты. — Мырза, құдықтан су алатын Сіздің ыдысыңыз жоқ, ал құдық терең ғой. Онда сол өмір суын қайдан аласыз? Мына құдықты қалдырған арғы атамыз Жақыптан да ұлысыз ба? Өзі де, балалары да, малы да одан су ішкен, — деді әйел. Иса оған былай деді: — Мына судан ішкен адам тағы шөлдейді. Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады. Мен беретін «су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан «қайнарға» айналады.

Жохан 4:10-14

          Мәсіхтің билігі Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған Таурат кітабында, әлем алты күнде жаратылғаны туралы пайғамбарлық сөзбен расталып отыр. Забур және одан кейінгі пайғамбарлық жазбаларда, Құдайдың жоспарымен іске асып жатқан, оның келуі жайлы егжей-тегжейлі болжанып жазылып қалдырылған. Бірақ Мәсіх өзіне сенушілер мәңгілік өмірге ие болу үшін «Билеуші де көтеріліп қойылуға тиіс» – дегенде не айтпақшы болды? Ол осы жерде түсіндіріледі.  

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *