Skip to content
Home » Құдай Патшалығы: шақырғаным көп, бірақ…

Құдай Патшалығы: шақырғаным көп, бірақ…

  • by

Сәждә сүресінде кім көп сиынып және тағзым ететіндер туралы оқимыз. Сол үшін оларға қандай да бір сыйлық уәде етіледі. 

 Ешкім қылмысы жаққандықтан өздерше көмес сақтаулы қуанышты сыйлықты білмейді .   

Сәждә 32:17

Рахман сүресінде 33 аяттан 77 аятқа дейін, бір сұрақ қайталанып 31 рет қойылады:   

Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?  

Рахман 55:13-77

Егер көп ұзамай әділдерге ұлы қуаныш сыйланса, онда Құдайдың рақымдылығынан кім бас тартады? Бұл таза ақылсыздық болар еді. Дегенмен Иса Мәсіх (ғ.с.) Құдайдың рақымдылығын қабылдамаған кездегі нақты қауіп туралы астарлы әңгіме айтты. Бірақ шағын шолудан бастайық. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) билікпен сөйлегенде аурулар және тіпті табиғат күштері де оған мойынсұнатынын біз көрдік. Ол сонымен бірге Құдай Патшалығы туралы да көп тәлім берді. Келетін Патшалық туралы Забур пайғамбарлары да болжам айтқан. Иса (ғ.с.) олдардың ілімдеріне түснік бере отырып, Патшалықтың «жақын» қалғанын жариялады. 

Алдымен Таудағы уағызында Ол Құдай Патшалығын иеленетіндер, бір-бірін сүюі қажеттілігін көрсетті. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, осы сүйіспеншілік туралы ілімді ұстана алмаудың нәтижесінде (жаңалықтарды тыңдасаңыз толып тұр) қанша әділетсіздік, қорқыныш және қасіреттер бел алуда. Осы әділетсіздікке толған әлемге қарағанда, Құдай Патшалығындағы өмір мүлде басқа болуы керек, сондықтан біз бір-бірімізге сүйіспеншілік негізінде қарым-қатынас жасауға тиіспіз.

Той туралы астарлы әңгіме

Иса Мәсіх (ғ.с.) ілімімен өмір сүретіндер өте аз, бірақ Құдай Патшалығына шақырлғандар да аз деген қорытынды жасауға бола ма?  Жоқ.  Иса Мәсіх (ғ.с.) үйлену той туралы астарлы әңгімесінде Құдай Патшалығына шақырылғандардың өте көп екенін көрсетті. Дегенмен бәрі де ойдағыдай бола бермейді. Інжілде былай делінген:   

    Исамен бірге дастарқандас болғандардың бірі осыны естігенде Оған: «Құдайдың Патшалығындағы тойға қатысатындар бақытты!» — деді. Иса оған астарлап былай деді: «Біреу үлкен қонақасын дайындап, көп адам шақырады. Тамақ ішетін уақыт болғанда, шақырғандарына қызметшісін жіберіп былай дегізеді: — Келіңдер, барлығы дайын тұр! Бірақ бәрі бірдей кешірім сұрап, біреуі: — Егіндік жер сатып алдым, соны барып көруім керек. Өтінемін, маған кешірім ете гөр! — десе, келесі біреуі: — Бес пар өгіз сатып алып едім, соларды сынап жегіп көруге бара жатырмын. Өтінемін, мені кешір! — дейді. Ал тағы біреуі: — Мен жаңа ғана үйленген едім, сондықтан бара алмаймын, — дейді. Қызметшісі қайта оралып, мұны қожайынына айтып береді. Үй иесі қаһарланып, қызметшісіне: — Тез барып, қаланың үлкенді-кішілі көшелерін аралап, жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды алып кел! — деп бұйырады. Кейінірек қызметшісі: — Мырза, бұйрығыңызды орындадым, бірақ әлі де бос орын бар, — дейді. Ал қожайыны былай деп тапсырады: — Қаладан шығып, үлкен жолдарда әрі үйлердің айналасында жүргендерді шақырып, келуге көндір! Осылайша үйім толсын. Сендерге шындығын айтамын: алдымен шақырылғандардың ешқайсысы да қонақасымнан ауыз тимейді!» (Неге десеңдер, шақырылғандар көп, ал таңдап алынғандар аз.)

Лұқа 14:15-24

Осы астарлы әңгімеде бізге таныс ойлау үлгілері бірнеше рет басынан аяғына дейін төңкеріліп түскендей. Біріншіден, Жаратқан Ие Өз Патшалығына лайықтылар өте аз болған соң, бір аз ғана адамды шақырады деп ойладық. Сөйтсек ол мүлде олай емес. Тойға шақырылғандар көп, өте көп. Патша (осы әңгімедегі Құдай) оның үйі адамдарға лық толғанын қалайды. 

Дегенмен әңгіме әдеттегіден мүлде басқа жаққа ауып барады. Шақырылғандардың ішінде келуге ниеті жоқтар да бар. Олар сол тойға келмеу үшін әр түрлі сылтаулар айтып жатыр. Және олардың сылтаулары адамның күлкісін келтіреді. Ойланып көріңізші: сатып алмай тұрып, өгіздірін кім егіс даласына апарып сынайды? Алдымен егістік жерді жан-жағынан мұқият қарап алмай кім оны сатып алады? Осы ақталулар олар үшін Құдай Патшалығы маңызды емес екенін көрсететін жүрек қалаулары. Оларға басқа нәрсе қызық болып тұр. 

Патша өз үйнінің адамдарға толмағынын көргенде ашуға мінгеннен кейін оқиға біз күтпеген басқа жаққа ойысып кетті. Тойға мүлде күтпеген «қонақтар» шақырылды – біз оларды лайықсыздар, шеттетілгендер деп санайтын көшедегі қаңғыбас қайыршылар – жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды шақырады. Әдетте оларды адамдар айланып өтіп кетуге тырысады. Тойға көз алдымызға елестете алмайтындай өте көп адамдар шақырылып тұр. Патша өз үйінің адамдарға лық толғанын қалағаны сонша біз ешқашан табалдырығымыздан да аттатпайтындарды шақырып жатыр. 

Және сол адамдар шақыруды қабыл алды! Оларда басқа қызығатындай не егістік жер, не өгіздері де жоқ. Олардың тойға бармауға кедергі немесе сылтау айтатындай ештеңелері болмады. Құдай Патшалығы адамдарға лық толды және Патшаның еркі орындалды! 

Иса Мәсіх (ғ.с.) осы астарлы әңгімені бізге мына сұрақ қою үшін айтты: «Егер шақырылсам, Құдай Патшалығына шақыруды мен қабылдай аламын ба?» Әлде одан бас тарту үшін сылтау айтатындай мені қызықтыратын басқа дүниелерім бар ма? Ақиқаты сол, сіз шынымен де патшалық дастарханға шақырлғанның бірісіз, бірақ өкінішке орай, көбіміздің соған кірмеу үшін айтар сылтауымыз көп. Біз ашық «жоқ» деп айтпаймыз, бірақ кіргіміз келмейтінді жасыру үшін сылтаулар ойлап табамыз. Ішкі жан дүниемізде біз басқа нәрсе қалаймыз, бас тартуымыздың негізгі себебі де дәл сонда жатыр. Осы астарлы әңгімедегі тойдан бас тартудың себебі – қалауымыздың тойға қарағанда басқа нәрсеге ауып тұрғанында. Шақырылғандар Құдай Патшалығына қарағанда, осы әлемді (егістік жер, өгіз, неке) жақсы көрді.  

Ақтала алмаған имам туралы астарлы әңгіме

Біздің арамыздағы кейбірулер осы әлемді Патшалықтан да артық өте қатты сүйеді, сондықтан тойға кіруден бас тартады. Басқалары – өз әділдігі мен тақуалығына иек артады. Иса Мәсіх (ғ.с.) мысал ретінде қазіргі имаммен салыстыруға болатындай бір дін басшысы туралы тағы бір астарлы әңгіме айтып берді. 

 здерінің әділдігіне нық сеніп, басқаларды менсінбей жүрген кейбір кісілерге Иеміз мына астарлы әңгімені айтып берді: — Екі адам Құдайға сиыну үшін ғибадатханаға өрлеп барыпты. Бірі парызшыл, екіншісі салық жинаушы екен. Парызшыл тұра қалып, іштей былай деп мінажат етеді: «Я, Құдай! Мен басқа адамдар сияқты қарақшы, жәбірлеуші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшыға ұқсап күнәкар болмағаным үшін Саған ризашылығымды білдіремін. Өйткені мен аптасына екі рет ораза ұстаймын, барлық тапқан табысымның оннан бір бөлігін қайыр-садақаға беріп тұрамын». Ал салық жинаушы алыста тұрып, тіпті назарын көкке көтеруге де батылы бармай, қолын кеудесіне қойып: «Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр!» — деп жалбарынады. Сендерге шын айтамын: екеуі үйлеріне қайтқанда, парызшылды емес, салықшыны Құдай кешіріп, ақтаған еді. Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады

Лұқа 18:9-14


  Парызшыл (имам секілді дін мұғалімі) заңды бұлжытпай орындайды сондықтан ол өзін Жаратқан Иеге еңбегі сінген әділ адам деп санады. Ол бес парызын бұлжытпай орындап, бес уақыт намаз оқыды, ораза ұстады және уақытында зекет беріп отырды. Ол өзінің әділдігіне сенім артты. Осындай өз-өзіне деген сенімділік, бізге Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) арқылы ашылғандай, ол Құдайдың уәдесін сеніммен қабылдады. Ал салықшы «күнәкармын» деп Құдайдың рақымдылығына үміт артып Құдайдан кешірім сұрай берді және үйіне ақталып қайтты. Ол Құдай алдында ақталды, ал парызшыл (имам) барлық дәстүрді орындап жүрсе де үйіне өз күнәсімен оралды. 

Міне сондықтан Иса Мәсіх (ғ.с.) бізге былай сұрақ қояды, Құдай Патшалығын шын мәнінде иелене алдың ба, әлде басқа нәрселер сияқты, жәй мүдделеріміздің бірі ғана ма? Біз – өз еңбектерімізге ме, әлде Құдайдың рақымдылығына ма неге үміт артатынымызды деп сұрайды. 

Осы туралы өзімізден өзіміз шындықпен сұрағанымыз өте маңызды, өйткені біз оның келесі тәлімі – ішкі жан дүние тазалығы туралы айтқанын  түсіне алмаймыз. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *