Skip to content
Home » Адам ата нышан-белгісі

Адам ата нышан-белгісі

  • by

Адам ата мен оның әйелі Хауа ананың ерекшелігі сол, олар тікелей Алла Тағаламен жаратылып бейіш бағында өмір сүрді. Олардың оқиғасында – мұқият мән беріп қарайтын нәрсе және біздің заманымызға арналған маңызды сабақ бар. Адам ата туралы оқиға Құранда екі рет және Тауратта бір рет баяндалған. (Оқу үшін Осы жерді басыңыз).

Бұл оқиғалар өте ұқсас. Екеуінде де біз бір кейіпкерлерді (Адам ата, Хауа ана, Шайтан, Алла) кездестіреміз. Екеуінде де оқиға орны бақ екені айтылған; Шайтан өтірік айтып Адам ата мен Хауа ананы азғырады; Адам ата мен Хауа ана өздерінің масқара болған ұятты жерлерін жапырақпен жабады; Алла Тағала келіп, Өз үкімін жариялайды; Алла оларға рақымдылық етіп жалаңаш тәндерін жабуға киім береді. Құранда Адам ата ұрпағына яғни бізге арналған «Алланың хикметі» туралы айтылған. Басқаша айтқанда, бұл бұрын орын алған киелі оқиға тарихы туралы сабақ қана емес. Адам атаның басынан өткен осы жағдай біздің заманымызға да арналған сабақ.

Сіз бен бізге арналған Адам ата нышан-белгісі

Адам ата мен Хауа ана Алланың алдында бір ғана күнә жасады, сол үшін жазаланды да. Біз бұл жерде көптеген бағынбау актілерін көріп тұрғамыз жоқ және Алла тоғыз рет ескертіп оныншы кезде ғана жазаламады. Жоқ, жазалау тек сол бір ғана күнә үшін берілді. Көпшілік жандар, адамдар көп күнә жасаса ғана жазаға тартылады дегенге сеніп жүр. Осылай ой қорытқан олар, өздерінің күнәлары басқаларға қарағанда аздау деп санайды және егер жақсы істері жаман қылықтарынан басым түссе (мүмкін) Құдай жазаламас деп те пайымдайды. Адам ата мен Хауа ананың тәжірибесі – оның олай емес екеніне нақты дәлел. Алла Тағала жалғыз бір ғана бағынбаған күнә үшін оларды жазаға тартты.

Және Жаратқан Иеге мойынсұнбау мен қылмыстық заң кодексін бұзу арасына параллель жүргізсек, бұл нәрсе тұжырымды ақылға сәйкес келеді. Мен, Канадада тұрамын, мысалы, мен осы елдің бір ғана заңын бұзсам (ұрлық істесем), онда мемлекет заңы мені соттауы мүмкін. Мен ол жерде бір ғана заң бұздым, ешкімді өлтірген жоқпын немесе адам ұрламадым деп ақтала алмаймын. Канадалық сотта айыпталуым үшін, бір ғана заң бұзғаным жетіп жатыр. Алланың алдында да дәл сол сияқты. 

Адам ата мен Хауа ана өздерінің жалаңаш екендерін білгенде қатты ұялып, ашық тәндерін ағаш жапырақтарымен жабуға тырысты. Сол сияқты мен де бір ұят қылық істегенде, оны басқалардан жасыруға тырысамын. Бірақ, Адам атаның Құдайдан жасырынып қалу әрекеті іске аспады. Алла олардың сол әрекеттерін көріп, әңгімеге шақырып әрекет ете бастады. 

Алланың әрекетінде жазалау мен рақымдылық қатар орын алған 

Біз бұл жерден үш әрекет көреміз: 

  1. Алла оларды өлетін етті – Адам ата мен Хауа ана өлетін болды. 
  2. Алла оларды Бақтан қуып шықты. Енді олар жер бетінде өмір сүргенде, ауыр бейнетпен еңбек етіп нандарын тауып жейтін болды. 
  3. Алла оларға аң терісінен киім тігіп берді. 

Таңқаларлығы сол біз осы актілерді күні бүгінге дейін басымыздан өткізіп жатырмыз. Біздің бәріміз өлеміз. Ешкім, бірде бір пайғамбар немесе қарапайым адам Баққа ешқашан кіре алмайды. Өз күнәмізді жабу үшін бәріміз де киім киіп жүреміз. Осылардың бәрі біздің өмірімізде әдетке айналғаны сонша, біз оларға мән де бермейміз. Солай болса да Алланың Адам ата мен Хауа анаға шығарған үкімі, бірнеше мыңдаған жылдар өтсе де күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Сол жерде болған оқиғаның салдары бүгінгі күні де сезілуде. 

Алланың сыйға тартқан киімі – Оның рақымдылығын көрсетеді, өйткені Құдай олардың масқараларын жапты. Иә, Ол Адам ата мен Хауа ананы жазалады және рақымдылық та көрсетті. Ол оны жасауға міндетті емес еді. Адам мен Хауа сол жапқыштар үшін саусақтарының ұштарын да қимылдатқан жоқ, Құдайға мойынсұнбағандарын жаба алатындай немесе оларда соған лайықты бірде-бір жақсы қылықтары болмады. Адам ата мен Хауа анада Алланың сыйлығын қабылдаудан басқа амалдары қалмады, өйткені лайықсыздықтарынан басқа ақталатындай ешнәрселері жоқ еді. Дегенмен басқа біреу сол сыйлықтың құнын өтеді. Тауратта Құдай ол киімдерді теріден жасады деп баяндайды. Ол аңның терілері еді. Сол кезге дейін өлім болмады, бірақ енді жануарлар адамдардың күнәсін өз терілерімен жапты. Адам ата мен Хауа ана Құдайдың рақымдылығын иеленулері үшін жануарлар өлтірілді. 

Құран осы киімдер олардың масқарасын жапты дейді, бірақ осы жабындар әділдік үшін қажет болды, белгілі бір мағынада, киімдер (терілер) бізге берілген белгі ретіндегі әділдік аяны сияқты.  

«Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік- бұйым түсірдік. (Жараттық) Негізінде тақуалық киімі жақсы. Солар Алланың белгілері. Әрине түсінерсіңдер».

Ағраф 7:26

            Жақсы сұрақ: «осы тақуалық киімді» қалай ала аламыз? Кейінгі пайғамбарлар осы маңызды сұрақтың жауабына нұсқау береді

Алланың Сөзі – жазалау және рақымдылық

Алла жоғарыда келтірілгендерді тек Адам ата, Хауа ана және олардың ұрпағы біз үшін ғана емес, сонымен бірге Өз Сөзін қосып тұр. Екі жағдайда да Алла «өштестіру» – деген сөзді пайдалануда, бірақ Тауратта әйелдің ұрпағымен жыланды (Шайтан) өштестіретіні жазылған. Дәл осы сөз осы жерде қайталанып тұр. Мен бұл жерде осы сөздер арналған кейіпкерлерді бөліп көрсетіп отырмын. Алла былай дейді: 

«Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың»,.

Жаратылыстың басталуы 3:15

Жұмбақ сияқты естілгенімен, оны түсінуге болады.Мұқият оқу арқылы сіз бес кейіпкерді көресіз. Бұл болашаққа арналған пайғамбарлық сөз. Ол кейіпкерлер мыналар: 

    1. Құдай (немесе Алла)
    2. Шайтан (немесе Ібіліс)
    3. Әйел
    4. Әйелдің ұрпағы
    5. Шайтанның ұрпағы

Жұмбақта осы кейіпкерлердің болашақтағы қарым-қатынастары көрсетілген.  Төменде келтірілген сызбаларды қараңыз.

Құдай уәде еткен кейіпкерлер мен олардың қарым-қатынасы жұмақта өрбиді. 

Уәдеде әйелдің кім екені айтылмаған. Бірақ Алла Шайтанның «ұрпағы» мен әйелдің «ұрпағы» туралы айтып тұр. Бұл ұлы құпия, бірақ біз әйелдің ұрпағының кім екенін білетін сияқтымыз. Ұрпақ «ол» «оны» деген есімдікпен беріліп тұр, біз бұның бір ер адам туралы екенін пайымдаймыз. Енді біз сарапқа салып бірнеше мүмкіндіктерді ұсына аламыз. Сонымен, ұрпақ «ол» яғни әйел заты емес. «Ол» әйелдің ұрпағы деп жазылған. Ұрпақтар деп көпше емес, ұрпақ деп жекеше түрде айтылған. Ұрпақ ол адамдардың тобы, қандай да бір ұлт немесе бір дінге сенушілер емес. Ұрпақ «ол» яғни адам баласының ұрпағы. Қалай болғанда да ұрпақ яғни «ол» – пәлсапа, ілім немесе дін де емес. Басқадай айтқанда ұрпақ – не мәсіхшілік, не мұсылмандық та емес, әйтпесе кім емес, не деген сұраққа жауап берер еді. Бұл еврейлер, мәсіхшілер немесе мұсылмандар да емес, өйткені «олар» деп тұрған жоқ қой. Ол ұрпақтың кім екені әзірше құпия болып қалады, дегенмен біз ойымызға келетін бірнеше мүмкіндіктерді қарастырып шықтық.  

Осы уәдеде келтірілген нәрседен біз Құдайдың болашаққа нақты бір мақсат қойғанын байқаймыз. Осы ұрпақ Шайтанның басын мыжиды, ал Шайтан оның өкшесін шағады. Бұның нақты нені меңзейтінін біз әзірге білмейміз, бірақ Алланың ниетінің орындалатынына кәміл сенімдіміз. 

Мән беріп қараңызшы Алла Адам атаға айтып тұрған жоқ. Ұрпақ еркекке емес, әйелге уәде етіліп тұр. Егер Таурат, Забур және
Інжілдегі ұрпақтар ер адам арқылы тарағаны жазылған, сондықтан әйелдің ұрпағы туралы берілген уәде өте таңқаларлық болып тұр. Таурат, Забур және
Інжілдегі шежіреде әкесінен тараған ұлдардың аттары келтірілген. Бірақ осы Бақта айтылған уәде мүлде басқаша: бұл жерде еркектің ұрпағы туралы сөз болмады. Тауратта еркектің емес әйелінің ғана ұрпағы жайлы жазылған. 

Жер бетіндегі барлық адамдардың екеуінде ғана табиғи әкелері болмаған. Біріншісі Құдай Өзі жаратқан Адам ата. Ал екіншісі ер адаммен жақындаспаған таза қыз арқылы дүниеге келген, Иса Мәсіх (ғ.с.). Бұл «олар» немесе «не» деген емес, «ол» деп уәде берілген тұлғаны дәл суреттеп тұр. Иса Мәсіх (ғ.с.) – әйелдің ұрпағы. Ал Шайтанның ұрпағы делінген оның жауы кім? Бізде ол туралы айтатындай нақты мүмкіндік жоқ, бірақ Кітаптарда Мәсіхке қарсы шығатын осы дүние әміршісі немесе «Рұқсат етудің ұлы» немесе «Шайтанның ұлы» туралы жазылған деректер бар. Ол бізге Тажал деген есіммен де белгілі, ал кейін Кітаптар Мәсіх пен мәсіхке қарсы шығушы арасындағы шайқас туралы жазылған. Ал осы ақырзаман шайқасы туралы тарихтың басында жазылып кеткен. 

Бірінші кітаптың пайғамбарлығына жүгінсек, Шайтан мен Алланың арасындағы шайқас тарихы әуел баста Бақ ішінде басталған. Солай болса да біз әлі жетпеген, кейбір сұрақтардың жауабы әлі де жауапсыз қалуда. Хабаршыларды тыңдауды жалғастырсақ, біз өмір сүріп жатқан осы заманды түсінуді үйрену үшін көптеген сұрақтарға жақсы жауап беруге көмектесері анық. Қабыл мен Абыл атанған Адам ата мен Хауа ананың ұлдары жайлы әңгімемізді өрбітейік.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *