Skip to content
Home » Иса Мәсіх (ғ.с.) табиғаттың үстінен де билік айтады

Иса Мәсіх (ғ.с.) табиғаттың үстінен де билік айтады

  • by

Зарият сүресінде Мұса пайғамбар (ғ.с.) перғауынға барғаны туралы жазылған. 

  Мұса (Ғ.С.) да да (ғибрат) бар. Оны ашық мұғжизалармен жіберген уақытта: Перғауын сыбайластарымен теріс айналып: “Жады немесе жынды” деді .  

Зарият 51:38-39

Құдай берген билікке сүйеніп Мұса па»ғамбар (ғ.с.) белгілер мен кереметтер жасады. Ол табиғат күштерін өзіне бағындыра алды, тіпті қызыл теңізді ортасынан бөліп қойды. Әр кезде адам өзін пайғамбармын деп жарияласа (мысалы Мұса (ғ.с.) секілді), өзінің пайғамбарлық құқын дәлелдеу үшін бірталай халық қарсылығын жеңе алуы керек. Мысалы Шуара сүресінде пайғамбарлар халықпен қалай расталады немесе бас тартылады. 

Нұх (Ғ.С.) тың елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды. Сол уақытта, олардың туысы Нұх (Ғ.С.): “Қорықпайсыңдар ма?”,- деді.“Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін.” 

Шуара 26:105-107

  Ғад елі де елшілерді жасынға шығарды. Сол уақытта оларға туыстары Һұд (Ғ.С.): “Қорықпайсыңдар ма?”,- деді. Рас сендерге сенімді Елшімін.” “Алладан қорқып, маған бағыныңдар.”

Шуара 26:123-126

Сәмүд елі де елшілерді жасынға айналдырды. Сол уақытта туыстары Салих (Ғ.С.): “Алладан қорықпайсыңдар ма?”,- деді. “Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін.” “Алладан қорқып, маған бағыныңдар.”

Шуара 26:141-144

  Лұт елі де елшілерді жасынға айналдырды. Сол уақытта туыстары Лұт (Ғ.С.): “Қорықпайсыңдар ма?”,- деді. Мен сендерге сенімді бір Елшімін.” “Енді Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар.”

Шуара 26:160-163

  Әйке елі де елшілерді жасынға айналдырды. Сол уақытта оларға Шұғайып (Ғ.С.): “Қорықпайсыңдар ма?”,- деді. Рас мен сендерге сенімді бір елшімін.” “Енді Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар.”

Шуара 26:176-179

 Жоғарыда аталған пайғамбарлардың қайсысынан болсын бас тартуға болар еді және олар өздеріне сенуге болатынын дәлелдеді. Иса Мәсіх те (ғ.с.) сол секілді еді. 

Иса Мәсіхке (ғ.с.) «сөздің күшімен» тәлім беруге және сауықтыруға билік берілген. Ол сонымен бітпеді – сонымен бірге онда табиғат күштерін де бағындыратын қабылет бар еді. Інжілде Иса (ғ.с.) шәкірттерімен бірге көлді әдеттегідей емес кесіп өткені және олардың жүректеріне «қорқыныш пен таң қалу» ұялатқаны туралы әңгіме бар. Оның қалай болғанын оқып көрейік: 

 Бір күні Иса шәкірттерін ертіп қайыққа мініп: «Көлдің арғы бетіне өтейік», — деді. Осылай олар жағадан аттанды. Олар көлден өтіп бара жатқанда, Иса ұйықтап қалды. Сол кезде тау жақтан қатты дауыл көтеріліп, көлге соқты. Қайық толқынның астында қалып, суға тола бастады. Оларға зор қауіп төнді. Шәкірттері Исаға жақындап, Оны оятып: — Ұстаз! Ұстаз! Құритын болдық! — деп айқайлады. Иса орнынан тұрып, жел мен толқындардың долдануына тыйым салды. Олар басылып, тыныштық орнады. Иса шәкірттеріне: — Сенімдерің қайда? — деді. Олар үрейленіп, аң-таң болып, біріне-бірі: «Тіпті жел мен суға да бұйрық беретін Бұл кім Өзі? Олар Оған бағынады ғой!» — десті

Лұқа 8:22-25


 Иса Мәсіх (ғ.с.) жел мен толқынға бұйрық береді және олар оған бағынады! Осыны көрген шәкірттерді үрей мен қорқыныш билегені анық. Осы құдіретті көргенде олардың бұл кім өзі деп сұрағандары да заңды құбылыс. Исаның (ғ.с.) құдірет иесі екенінің тағы бір мысалы, оның айналасына нөпір халық жиналады. Ол осы жолы жел мен толқынға емес тамаққа бұйрық береді. Осы оқиғаны оқиық: 

 Біраз уақыт өткеннен кейін Иса Ғалилея көлінің шығыс бетіне жөнелді. Сол көл Тіберия көлі деп те аталады. Исаның ауруларға жасаған кереметтерін көргендіктен көп халық Оған ерді. Ол тауға шығып, сол жерде шәкірттерімен отырды. Бұл яһуди халқының Құтқарылу мейрамының қарсаңы болатын. Иса басын көтеріп қарағанда, қарақұрым халықтың Өзіне қарай ағылып келе жатқанын көрді. Содан Иса Філіпке: — Бұларды тамақтандыратын нанды қайдан сатып аламыз? — деді. Иса осы сөзін оны сынау үшін айтты, себебі не істемекші болғанын Өзі біліп тұрды. Філіп Оған: — Бізде тіптен екі жүз күндік жалақыға келетін нан болып, әркім бір жапырақтан ғана жегеннің өзінде бәріне бірдей жетпес еді, — деп жауап берді. Сонда басқа бір шәкірті, Шимон Петірдің інісі Әндір, Исаға былай деді: — Осында бір бала жүр, оның бес күлше арпа наны мен екі кепкен балығы бар. Бірақ олар осынша көп кісіге не болады? — Ал Иса: — Адамдарды жайғастырып отырғыза беріңдер! — деп тапсырды. Сол жерде шөп қалың болып, бес мыңдай ер адам жайғаса алды. Иса күлшелерді алып, шүкірлік етті де, жайғасқандарға үлестірді; кепкен балықтардан да жұртқа қалағандарынша берді. Бәрі жеп тойған соң, Иса шәкірттеріне: «Босқа ысырап болмас үшін нанның қалдықтарын жинап алыңдар», — деді. Олар жұрт жеген бес күлше арпа нанының қалдықтарын жинап, он екі себетті толтырды. Адамдар Иса жасаған осы кереметті көргенде: — Дүниеге келуге тиіс Пайғамбар  — шынымен Осы! — десті. Иса олардың Өзін патша ету үшін келіп, кенеттен ұстап алмақшы болғанын білді. Содан Ол тағы да жалғыз Өзі қыратты жерге қарай кетіп қалды

Жохан 6:1-16


 Адамдар Иса Мәсіхтің (ғ.с.) бес күлше нан және екі кепкен балықпен 5000 адамды тойдырғанын және астан кейін тамақтың артылып қалғанын көргенде, алдарында ерекше пайғамбар тұрғанына еш күмәндары болмады.  Олар бір-бірінен Таурат кітабында Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы келеді делінген пайғамбар осы емес пе деп сұрай бастады. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) дәл сол пайғамбар екенін біз білеміз, өйткені Тауратта былай делінген: 

  Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады. Осы пайғамбардың Менің атымнан айтқан сөздерін тыңдамайтын әрбір адамнан Өзім жауап алатын боламын .

Заңды қайталау 18:18-19

Ондағы нышан-белгі Құдай «сөздерімді аузына салып отырамын» дегені. Алланың сөзі адамның сөзінен қандай айырмашылығы бар? Оның жауабы келесі аяттарда көрсетілген: 

Бір нәрсенің болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған: “Бол” деу; сонда бола қалады  

Нахл 16:40

 Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйрығы оған “бол” деу. Сонда ол бола қалады  

Ясин 36:82

 Ол сондай Алла, тірілтеді әрі өлтіреді. Қашан бір істі бұйырғысы келсе, шын мәнінде оған: “Бол” дейді. Сонда ол бола қалады .

Ғафир 40:68

Иса Мәсіх (ғ.с.) ауруларды сауықтырғанда және жындарды қуып шыққанда бір сөзбен бұйрық беріп отырды. Жел мен толқынның да оған бағынуы үшін, Иса (ғ.с.) бір сөзінің жеткілікті болғанын көрдік. Ол бір сөз айтса болды тамақ көбейіп шыға келеді. Таурат пен Құран нышан-белгілері – Иса Мәсіхтің (ғ.с.) құдіретінің дәлелі. Өйткені онда Құдайдың Өзінен келген билік болды. Ол шын мәнінде Мәсіх! 

Түсіне алатын жүрек

Көпке дейін шәкірттері не болып жатқанын түсіне алмады. Нанға байланысты керемет көрсе де олар содан қорытынды шығармады. 5000 адам тамаққа тойғаннан кейін Інжілде бірден мына оқиға баяндалады: 

  Бұдан кейін Иса дереу шәкірттеріне қайыққа мініп, Өзінен бұрын көлдің солтүстік жағасындағы Бетсайдаға баруға бұйырды. Ал Өзі халықты таратып жібермек болып, сол жерде қалды. Иса жұртты қайтарып жіберген соң, (көктегі Әкесіне) сиынып мінажат ету үшін бір төбенің басына шықты. Кеш түскенде қайық көл ортасында еді, ал Иса құрлықта жалғыз тұрды. Сонда Ол ескек есіп бара жатқан шәкірттерінің қиыншылыққа тап болғанын көрді. Себебі жел қарсы соғып тұрған еді. Таңғы алагеуімде Иса оларға көл бетімен жақындап келіп, қастарынан өтіп кетпекші болды. Оның көл үстінде жаяу жүргенін байқап қалып, шәкірттері елес екен деп ойлап, айқайлап жіберді. Өйткені бәрі де Оны көріп, қорқып кетті. Иса оларға дереу тіл қатып: «Қорықпаңдар, бұл Менмін ғой! Үрейлерің ұшпасын!» — деп көңілдерін орнықтырды да, олардың қайығына мінді. Сонда жел де басылды. Шәкірттері қатты қайран қалып, аң-таң болды. Себебі нанмен болған кереметті түсінбеген олар Исаның кім екенін әлі де шын жүректен ұқпаған еді. Осылай Иса шәкірттерімен бірге көлден өтіп, Генесәрет қаласының маңына жетіп, жағаға тоқтады. Қайықтан түсісімен Исаны халық бірден-ақ таныды. Олар бүкіл төңіректі тездете аралап шығып, ондағы ауру-сырқауларды жатқан төсеніштерімен көтеріп алып келе бастады. Олар Исаның қай жерде жүргенін естіп білгенде, науқас адамдарын сонда апарды. Иса қай жерге бармасын — қай ауылға, қай қалаға не елді мекенге кірсе де, жұрт ауру-науқастарды сонда әкеліп, базар алаңдарына орналастырды. Науқастар Исадан тек Оның шапанының шетіне қол тигізуге рұқсат етуін сұрады. Оған қол тигізгендердің бәрі де сауығып кетіп жатты! .

Марқа 6:45-56


  Иса Мәсіх (ғ.с.) билікпен айтады және ол сол сәтте іске асады. Шәкірттері осы кереметті көрсе де «түсіне алмады». Оның себебі олар ақылсыз, немесе болып жатқанды көре алмайтын, немесе нашар шәкірт болған, немесе сенбеуші сияқты жүргеннен емес. Жоқ мүлде олай емес. Үзінді де «Исаның кім екенін әлі де шын жүректен ұқпаған еді» деп жазылған. Еремия (ғ.с.) Жаңа келісім туралы пайғамбарлық сөзінде заң біздің жүрегімізге қашалып жазылатын туралы айтылған. Жаңа келісім, тіпті ұлы пайғамбардың шәкірті болсаң да, адам жүрегін өзгертпегенге дейін қасарсқан күйінде қала бермек! Біздің қасарысқан жүректер пайғамбарлар арқылы ашылған рухани ақиқатты түсінуге жол бермейді. 

Міне сондықтан Жақия пайғамбардың (ғ.с.) қызметі адамдардың жүректерін дайындау үшін болған себебі осы, ол өте маңызды. Ол адамдарды күнәсін жасырмай тәубе етуге шақырды. Егер Исаның (ғ.с.) шәкірттеріне күнәларын мойындап, тәубе етуі тиіс болса, онда ол бізге қаншалықты қажет! Мен сіздерді менімен бірге Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) секілді, Құдай алдында шындықты мойындап, (Алла біздің ойларымызды да білетін болғандықтан, үнсіз сиынсаң да болады) дұға етуге шақырамын:

  Шексіз сүйіспеншілігіңе бола, О, Құдай, маған рақым ете гөр, Мейіріміңнің молдығына бола Қылмыстарымды өшіріп тастай гөр. Мені әділетсіздігімнен арылтып, Күнәларымнан түгел тазарта гөр. Қылмыстарымды жақсы білемін де, Күнәларым әрдайым тұр есімде. Мен Өзіңе қарсы күнә жасадым, Сенің көз алдыңда зұлымдық істедім. Осылай әділ Сенің айтқандарың, Мүлтіксіз де маған жүргізген сотың.  Уа, Құдайым, жүрегімді тазарта гөр, Рухымды берік қылып, жаңарта гөр. Қасыңнан мені қуып шыға көрме, Киелі Рухыңды менен ала көрме, Мені құтқарғаныңа қуантып тағы, Сыйлай гөр азғырылмайтын берік рухты .

Забур 50:3-6, 12-14


  ен осылай сиына отырып, сізді де Құдайға келіп, бірге Інжіл оқып, пайғамбарлар сөздерін ашық та таза жүрекпен түсінуге шақырамын. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *