Skip to content
Home » Адамның екі жағында отырған періштелер қиямет күні бізге көмектесе ме?

Адамның екі жағында отырған періштелер қиямет күні бізге көмектесе ме?

  • by

Хаққа сүресінде кернейдің үні шыққанда басталатын қиямет күні туралы жазылған.  

Сонда бір рет Сұр үрілген сәтте, Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте, Міне сол күні, қиямет оқиғасы болады. Сол күні, көк жарылып, босайды. Періште көктің айналасында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді. Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды. 

Хаққа 69:13-18

  Сондай-ақ Қаф сүресінде қиямет күні кернейдің зор үні естіліп, адамның екі жағында отырған періштелер біздің барлық істеріміз жазылған кітапты ашады. Аятта былай делінген:  

Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз. Оның оңынан да, солынан да екі байқаушы отырады. Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын. Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің. Сұр үріледі. Осы уәделі күн. Әркіммен айдаушы және куә бірге келеді. “Расында осыдан кәперсіз едің. Ал енді сенен шымылдықты аштық. Сондықтан бүгін көзің өткірлесті” (делінеді). Жанындағы (періште): “Міне мендегі дайын” дейді .

Қаф 50:16-23

  20 аятта Алланың кернейі соғылды (яғни Құранның орындалуы басталды) дейді. Ол дауыс қай кезде естіледі? Інжілде жазылғандай Иса Мәсіх (ғ.с.) қайта оралғанда аспаннан зор дауыс естіледі деп жазылған: 

 Мен кернейдің зор үнімен періштелерімді жіберіп, олар аспанның о шетінен бұ шетіне дейін, дүниенің төрт бұрышынан Менің таңдап алған адамдарымды жинап әкелетін болады .

Матай 24:31

Содан кейін не болады? Қаф сүресінде әр адамның екі иығында екі періште отырып адамның әр ісін қалт жібермей жазып отырады дейді. Алла Тағала біздің тамырымыздан да жақын, ал Інжілде біздің ісіміз туралы жазылғандар  тұтас кітап болады делінген. Ол туралы Құдай ашып көрсеткен Аян кітабында Иса (ғ.с.) шәкірті Жохан жазып қалдырды. Ол оны Інжілдің соңғы кітабында жазды. Онда былай делінген: 

   Бұдан кейін мен бір үлкен ақ түсті тақты және оның үстінде Отырғанды көрдім. Оның қасынан жер мен көк қашып, оларға орын табылмады. Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — «Мәңгілік өмірдің кітабы» да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді. Теңізде қаза тапқандар да, жалпы, ажалға ұшырап, о дүниеге аттанғандардың бәрі де қайта тірілді. Олар өздерінің іс-әрекеттері бойынша сотталды. Бұдан кейін ажал мен о дүние тозақ отына лақтырылды. Тозақ оты «екінші өлім» деп те аталады. Кімнің есімі «Мәңгілік өмір кітабында» жазылмаған болса, сол да тозақ отына лақтырылды .

Аян 20:11-15

Сөйтіп, барлық адамдар ерекше кітапқа жазылған істері бойынша сотталмақ. Міне сондықтан намаз оқығанда кейін кітаптар ашылғанда бізге пайдасы бола ма деп, екі жақтағы періштелерге сәлем береміз. 

Өмір кітабы

Бірақ өмір кітабы деп аталатын басқа кітап бар. Ол жақсы жаман қылықтар жазылатын кітап емес. Үзіндіде өмір кітабына аты тіркелмеген әркім отты көлге лақтырылады делінген. Егер адамның оң жағындағы періштенің жазғаны өте ұзақ болып, сол жағындағы періштенің жазғаны өте қысқа боса, бірақ аты өмір кітабында жоқ болса бәрібір мәңгілік тозаққа түседі. Өмір кітабы дегеніміз не, оған біздің атымыз қалай тіркеледі? 

Таурат пен Құранда Адам ата күнә жасағанда Құдай үкім шығарып бейіш бағынан қуып шығып өлетін етті делінген. Адам ата және оның ұрпағы өмір Қайнарынан үзілді сондықтан біз бәріміз өлетін болдық. Ал Иса Мәсіх (ғ.с.) бізге өмір сыйын қайтару үшін келді, сөйтіп біздің атымыз өмір кітабына тіркелсін деді. Міне Оның сөзі: 

 Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті .

Жохан 5:24

Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) уәде етілген өмір сыйын қайдан білді және Иса Мәсіх (ғ.с.) бізге сол сыйлықты бере алатыны туралы осы жерде айтылған.   Қаф  сүресі былай ескертеді: 

“Бүкіл қарсы болған қиқарды, тозаққа салыңдар” (делінеді) .   

Қаф 50:24

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *