Home » Құдыретті түн, Даңқты күн және Пайғамбарлардың сөзі

Құдыретті түн, Даңқты күн және Пайғамбарлардың сөзі

  • by

Қадр сүресінде Құдыретті түнді, яғни Құран түскен түнді былай суреттейді: 

 Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (Мұхаммед Ғ.С.) Қадыр түнінің не екенін білесің бе? Қадыр түні мың айдан қайырлы. Періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады.

Қадр 97:1-5

Қадр сүресі, Қдыр  түні «мың айдан қайырлы» дейді, сонда ол түні не болды деген сұрақ өз-өзіне пайда болады?  «Он екі айдан қайырлы болатындай» сол түні Құдай Рухы не істеді? 

Ләил сүресінде Күн мен жарық сол түнді қалай алмастыратынын айтып соған ұқсас тұжырым жасайды. Бәрін басынан аяғына дейін апаратын Құдайдың жетелеуімен сол күн келеді. Ол болашақтағы от туралы ескертеді: 

Қараңғылығы басқан сәтте, түнге, Жарқыраған сәтте күндізге,

Ләил 92:1-2

  Негізінде тура жол көрсету бізге тән. Сөз жоқ, ақырет те, дүние де  Біздікі. Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім.

Ләил 92:12-14

 Қадыр мен Ләил сүрелерін мына сөздермен салыстырыңыз: 

 Сонымен қатар, біздерде пайғамбарлардың жазып қалдырған нық сенімді сөздері бар ғой. Бұларға көңіл бөлсеңдер, жақсы болады. Сол сөздер қараңғылықта «нұрын шашып тұрған шам-шыраққа» ұқсайды. Таң атып, шолпан жұлдызының пайда болатынындай, ақырында Мәсіх көктен қайтып келіп, жүректеріңе толық түсінік құятын болады .

2-ші Петір 1:19


Ұқсастықты байқап отырсыз ба? 97 және 92 сүрелерді оқығанда менің есіме бірден осы аят түсті. Онда да күн мен түннің салтанаты баяндалған. Қараңғы түнде пайғамбарларға аян берілген, сол сүрелерге немқұрайлы қараған әркімді қатал жаза күтіп тұр. 

Жоғарыдағы сөздер Иса Мәсіхтің (ғ.с.) ең бір жақын шәкірті Петір арқылы айтылып отыр. Сафф сүресінде Иа Мәсіхтің (ғ.с.) шәкірттері туралы былай айтылған: 

Әй мүміндер! Алланың (дінінің) көмекшілері болыңдар. Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.) ның хауариларға: “Алла жаққа көмекшілерім кім?’,- дегенде, хауарилардың: “Аллаға біз көмекшіміз” дегендеріндей. Сонда Израил ұрпақтарының бір тобы иман келтіріп, бір тобы қарсы шықты. Иман келтіргендерді, дұшпандарына қарсы қолдадық. Сондай-ақ олар, дұшпандарына үстем болды.  

Сафф 61:14

Сафф сүресі Иса (ғ.с.) шәкірттерін «Құдайдың көмкешілері» деп атап отыр. Пайғамбарлардың аянына сенген әркім жоғарыда күшке ие болады. Елшілердің ішіндегі басты шәкірттерінің бірі болған Петір, яғни «Құдайдың көмекшілерінің де маңыздысы» деген сөз. Ол Иса (ғ.с.) кереметтерінің куәсі болды, Оның ілімдеріне қатысты және табиғат күштерін  басқарғанына да куә болды. Сондықтан пайғамбардың сөзі біз үшін одан да сенімдірек болмақ. Өзі куә болған жайттарға қарағанда ол неге пайғамбарлар сөзіне көп мән береді? Петір ары қарай былай дейді: 

  Ең бастысы, Киелі жазбалардағы пайғамбарлар сөздерінің ешқайсысы да пайғамбардың жеке түсінігі бойынша туындамағанын біліңдер. Себебі бұл пайғамбарлық сөздер ешқашан адам баласының қалауымен пайда болған емес. Қайта, Киелі Рух Құдайға бағышталған адамдарға Оның хабарларын айтуға қозғау салып отырды.

2-ші Петір 1:20-21

          Яғни пайғамбарлар Киелі Рухтың жетелеуімен Құдайдан келген хабарларды жазып қалдырған. Міне сондықтан Қадыр түні «мыңдаған айлардан» қайырымды, өйткені ол Киелі Рухпен қоршалған. Сафф сүресі айтуы бойынша, Петір айтқан сөздің назары сол түн құдыретке иеленеді. 

Петір Иса Мәсіхтің (ғ.с.) заманында өмір сүрді және ол айтқан «пайғамбарлар» – Көне келісім пайғамбарлары – Інжілді жалғастырған Киелі кітап авторлары. Мұса пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған Таурат кітабында, Адам ата, Қабыл мен Әбіл, Нұх, Лут және Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) тарихы жатыр. Сондай-ақ, Мұса пайғамбар (ғ.с.) мен мысырлық Перғауын арасындағы тартыс, мұса арқылы берілген Заң өсиеті және Бақара сүресінде айтылған, оның інісі Һаронның құрбандықтары берілген.  

Таураттың артынан Құдайдың Рухымен Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) арқылы жазылған және Мәсіхтің келетіні туралы айтылған Забур келді. Одан кейінгі пайғамбарлар Мәсіхке қатысты болашақта болатын пәк қыздан туатын ұл, келетін Құдай Патшалығы және азап шегетін Қызметші туралы жазып қалдырады. Одан ары Мәсіхтің аты, оның келетін мерзімі және оның келгенін жолын дайындайтын пайғамбарға дейін болжап жазып қалдырды. 

Біздің көбімізге сол жазбалармен ертерек танысатын мұмкіндік болсады. Жоғарыда келтірілген сілтемелерге сүйеніп соны қазір істей аласыз. Ләил сүресі келетін от туралы ескертсеі; Қадр сүресі Қадыр түні Киелі Рух керемет жасады дейді. Сафф сүресінде шәкірттердің хабарына сенген әркім Құдыреттің уәдесіне кенеледі делінген. Сондай-ақ елші Петір қиямет күнін күтуге арналған ежелгі пайғамбарлар арқылы ашылған аяндарға «мән беруге» кеңес береді. Олардың хабарларын білген ақылды іс емес пе? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *