Skip to content
Home » Келетін патшалық

Келетін патшалық

  • by

Құранның соңғы тақырыбы Нас сүресінде былай делінген: 

«Адамдардың Раббына,» «Адамдардың иесіне,» айт: .

Нас 114:1-2

Алла Тағала бүкіл адамзаттың Жаратқан Иесі және Патшасы. Ал кез келген патшаның міндетті түрде өз патшалығы болады. Ал Құдай Патшалығы қандай? Кәусар сүресінде осы сұрақтың жауабы бар:  

Шын мәнінде саған кәусәрді бердік .

Кәусар 108:1

  Егер Патша мол игілік сыйлап жатса, онда Оның Патшалығында сол нәрсе молынан бар деген сөз. Бірақ ол қандай молшылық? Ол ілім Забур пайғамбарларына ашылған.  

Ишая пайғамбарға (ғ.с.) әлемге қыздың ұлы келетіні ашылған. Ол пайғамбарлық сөз бірнеше ғасыр өткеннен кейін, Иса Мәсіх (ғ.с.) дүниеге келгенде орындалды. Сонымен бірге Забурда әлемдік тыныштық пен жақсылық келетіні туралы басқа да пайғамбарлық болжамдар бар. 

Егер исраил халқы тарихы туралы айтар болсақ, онда Құдай Иеміз Иерусалимде таққа отырғызған алғашқы патша Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) туралы айтпай кетуге болмайды. Дәуіт пен Сүлейменнен кейінгі патшалардың көбі әділетсіз жандар болды. Сол әділетсіз патшалар тұсындағы өмір, қазіргі диктатурадан көп айырмашылығы жоқ. Сол кездері қазіргі біздің замандағы сияқты – соғыстар, адамдар және тұтас бір халықтар арасында жауласу көп болды. Қазіргі кездегі сияқты сол заманда да – сыбайлас жемқорлық, байлардың кедейлерге үстемдігі сияқтылар болып тұрды. Дәл қазіргі біздегі секілді сол кездер де – өлім-жітім мен қайғы-қасірет те бар болатын. Бірақ Забур пайғамбарлары жер бетіне жаңа патшалық орнайды деген пайғамбарлық сөздер айтты. Әділдік, мейірім, сүйіспеншілік және татулық Патшалығы орнайды деді. Ишая пайғамбар (ғ.с.) сол патшалықтағы өмірді бейнелі түрде сипаттады. 

Сонда Иеміз халықтар арасында Төрелік етіп, көптеген ұлттарға Шығаратын болады әділ үкімін. Енді олар төс үстінде қаруларын Қайта соғып соқаға қылыштарын Айналдырады, ораққа найзаларын. Содан халықтар енді қайтып ешқашан Бір-біріне қарсы қару көтермейді, Олар соғысуды тіптен үйренбейді.

Ишая 2:4

Барлық соғыстар тоқтайды! Бүгінгі әлем одан әлі алыс. Сонымен бірге пайғамбарлық сөз әлемдік бейбітшілік қана емес экологияның да жақсы болатынын айтады. 

 Сол заманда қасқыр қозымен тату-тәтті тұрып, қабылан лақпен бірге тынығады. Бұзау, мықты жас арыстан және бордақы өгіз де қатарласып бірге жататын болады. Бәрін бір жас бала айдап, баға алады. Сиыр мен аю қатар жайылып, бұзаулары мен қонжықтары бірге тынығып, арыстан өгіз сияқты сабан, шөп жейді. Сәбилер сұр жыланның інінің қасында ойнап, балдырғандар зәрлі жыланның ұясына қолын емін-еркін тығатын болады. «Бүкіл қасиетті тауымда ешқандай зұлымдық пен қиянат жасалмайтын болады», — дейді Жаратқан Ие. Себебі теңіздің суға толы болатынындай, жер де Жаратқан Иені жақыннан танып, қастерлеген адамдарға солай толы болады!

Ишая 11:6-9


  Әзірше біз осындай еш нәрсе көріп тұрғамыз жоқ. Тағы: пайғамбарлық сөзде өмір жасының ұзақтылығы мен жеке қауіпсіздік туралы да айтып тұр. 

  Санаулы күн ғана өмір сүріп шетінеген сәбилер, жасына жетпей өлетін кәрілер одан табылмайды. Жүз жасап қайтыс болған жас деп, ал жүзге жетпей өлген қарғысқа ұшыраған күнәкар деп саналады. Халқым үй салса, сонда өзі тұратын, жүзімдік отырғызса, соның жемісін өзі жейтін болады. Енді қайтып олардың үйлерін бөтен кісілер иемденіп тұрмайды, жүзімдіктерінің жемісін де жаулары жемейді. Халқым мықты ағаш сияқты ұзақ өмір сүретін болады. Менің таңдап алғандарым жұмыстарының өнімдерін ұзақ уақыт пайдаланып, бейнеттерінің зейнетін көреді. Олар бекерге еңбек етпейді де, апатқа ұшырайтын балалар тумайды да. Себебі өздері мен ұрпақтары Өзім, Жаратқан Ие, жарылқаған үрім-бұтақ болады. Маған сиынбастан бұрын Мен оларға жауап беремін, олар әлі сөйлеп жатқанда-ақ Мен өтініштеріне құлақ саламын. Қасқыр мен қозы бірге бейбіт жайылып, арыстан сиырдай сабан жеп, жыланға топырақ жем болады.  Бұдан былай ешкім де Өзіме арналған бүкіл Сион тауында жамандық жасап, зияндық келтірмейді.  — Жаратқан Ие осыны нық айтады .

Ишая 65:20-25

Қауіпсіздік, бейбітшілік, Маған сиынбастан бұрын Мен оларға жауап беремін… Әрине осы пайғамбарлық сөздер әлі орындалған жоқ. Бірақ олар айтылды және жазылып қалдырылды! Көп адамдар осы үміт беретін пайғамбарлықта қате кеткен шығар деп ойлайды. Бірақ бір сәтке ойланыңызшы: пәк қыздан туатын ұл туралы нышан-белгі толық орындалды емес пе, сонда басқа айтылған пайғамбарлық сөздер де толық орындалады деген сенімділік бермей ме?  

Құдай Патшалығы

Егер кішкене ойлансақ, осы пайғамбарлық сөздердің неге әлі де орындалмай жатқаны түсінікті болады. Олар Құдай Патшалығы контексте берілген – адамдардың өмірінде және істерінде Құдайдың билігі болуы керек делінген. Болашақта келетін Патшалық туралы тағы бір пайғамбарлық сөзді оқыңыз.

          Уа, Ием, бар істерің даңқыңды шығарсын, Адал адамдарың да Сені мадақтасын! Патшалығыңның даңқын олар асырады, Құдіретті істерің туралы айтады, Осылай адамзатқа құдіретіңді ұқтырсын Әрі Патшалығыңның даңқты ұлылығын. Патшалығың Сенің мәңгілік болмақ,

Ұрпақтан ұрпаққа билігің ұласпақ. Жаратқан бар сөздерін іске асырады,

Оның күллі істері де шапағатты. Сүрініп жатқандарды Жаратқан сүйейді,

Еңкейіп жүргендерді көтеріп демейді .

Забур 144:10-14

  Патша әрі пайғамбар Дәуіт (ғ.с.) бұл ілімі, б.з.д. 1000 жыл бұрын жазылған (Дәуіт және басқа Забур пайғамбарлар өмір сүрген уақыт сызбасын көру үшін сілтемені осы жерден қара). Пайғамбарлық сөз Құдай Патшалығы күшіне енетін күнді болжап тұр. Ол ұлы және даңқты Патшалық болмақ, бірақ адамдардың патшалығынан айырмашылығы ол мәңгілік орнайды. Әзірше ол Патшалық жер бетінде жоқ, сондықтан бейбітшілік және мол жарылқау бәрі болашақтың шаруасы. Құдай Патшалығының толық орнауы мен бірге жер бетіне бейбітшілік келеді. 

Даниел (ғ.с.) – Забурдың тағы бір пайғамбары, б.з.д. 550 жылдары өмір сүрген, дәл сол уақыттарда исраил халқы уәделі жерден қуылған еді. Осы Патшалық қалай орнайтыны туралы ол өте көп пайғамбарлық сөздер айтқан. 

Забурдағы басқа пайғамбарлармен салыстырғандағы Даниял пайғамбардың өмір сүрген уақыты. 

Бірде Даниел (ғ.с.) Алла Тағала бабыл патшасына жіберген түсті жорып береді. Ол түсте жер бетінде қандай мықты патшалықтардың ауысатыны суреттелген. Даниел пайғамбар (ғ.с) түсті былай жорыды: 

  Сіз, уа, патша ағзам, көптеген патшалардың патшасысыз. Көктегі Құдай сізге патшалық билік, күш-қуат пен атақ-даңқ сыйлап, үстемдігіңізге әр жердегі адам баласын, даладағы аңдар мен аспандағы құстарды тапсырып, өзіңізді солардың барлығының үстінен билеуші етіп тағайындады. Сондықтан мүсіннің алтын басы өзіңізді білдіреді. Сізден кейін дәрежесі төмендеу екінші бір патшалық, одан кейін бүкіл жер бетін басқаратын қола (іспетті берік) патшалық пайда болады. Содан кейін төртінші, темірдей мықты патшалық шығады. Темір қарудың барлық нәрсені сындырып, талқандай алатыны сияқты, осы патшалық та сол бұрынғы патшалықтарды талқандап күйретеді. Мүсіннің аяғы мен башпайларының жартылай қыштан, жартылай темірден болғанын көрдіңіз ғой. Бұл — сол төртінші патшалықтың екі бөліктен тұратынын бейнелейді. Кейбір бөлімдері темірдей қатты әрі күшті, ал басқалары қыш сияқты морт сынғыш болады. Өзіңіз көрген сол көріністегі темірдің қышпен араласқаны іспетті, сол бөлімдері де бір-бірімен араласады.  Бірақ темірдің қышпен біртұтас бола алмайтынындай, араларында шынайы бірлік болмайды. Алайда сол патшалардың заманында көктегі Құдай бір Патшалықты орнатады. Сол патшалық ешқашан күйремейді, Құдай бөтен халықтың оны жаулап алуына да жол бермейді. Қайта, осы Патшалық басқа барлық патшалықтарды біржола қиратып, өзі мәңгі берік тұрады. Адам баласы емес, басқа біреу жартастан қашап жасаған дәу тасты көрген едіңіз ғой. Оның темір, қола, қыш, күміс және алтынды қиратқаны осыны бейнелейді. Сонымен Ұлы Құдай келешекте не болатыны туралы сізге білдіріп отыр, уа, патша ағзам. Көрген түсіңіз сенімді, түсіндірмесі де дәл

Даниял 2:37-45


  Патшалық кішкентай тастан басталады – бірақ, жоғарыда келтірілген Дәуіт (ғ.с.) пайғамбарлық болжағанындай, ол біртіндеп бүкіл әлемді билейді. Неге Жаратқан Ие Өз Патшалығын өте баяу іске асыруда? Сол үшін неге сонша ұзақ уақыт керек болды? Ол неге әлі келмей жатыр? Егер ойланып көрсек, барлық патшалықтарда ұқсас жайттар бар екен: 

  • Патша немесе билеуші 
  • Халық
  • Конституция немесе заң
  • Табиғат

Мысалы мен Канада да өмір сүремін. Бұл да патшалық. Канадада өзінің билеушісі бар – ол сайланған премьер-министр Джастин Трюдо. Канада да өзінің халқы бар мен соның бірімін; өз конституциясы мен заңы бар, онда барлық азаматтардың құқығы мен міндеттері көрсетілген. Канада да өзіндік әсем табиғаты бар. Мемлекет әлемдік аймақта өз орынын тауып орналасқан, онда жер көлемі, ауа-райы, табиғи байлықтары т.с.с көрсетілген. Әлемдегі барлық елдер бұрын да және қазір де осы төрт элементтен тұрады. 

Біз сізбен бірге осы Патшалыққа шақырылғанбыз

Құдай Патшалығында да осы төрт элемент бар. Пайғамбарлық сөздерден білетініміз онда өзінің ерекше табиғаты (ешқашан жойылмайды және сондай әсем) және Конституциясы (бейбітшілік, әділдік, қоршаған ортамен үйлесім т.с.с.) болады. Бірақ осы Патшалық үшін басты екі нәрсе болуы шарт – Патша және халқы. Келесі мақалада Патша туралы әңгіме қозғалады. Әзірше, өзіңізге сұрақ қойыңыз: Құдай Патшалығына кіргіңіз келе ме? Ишая пайғамбар (ғ.с.) барлық адамдарды соған кіруге былай шақырып тұр: 

  «Ей, шөлдегендер, бәрің су көздеріне келіңдер! Ақшасы жоқтар да, келіп, тамақ алып жеңдер! Иә, келіп, шырын  мен сүтті ақша төлемей-ақ тегін алыңдар! Нәрсіз тамақ үшін неге ақша төлейсіңдер? Өздеріңді қанағат қылмайтын нәрселер үшін неге еңбек етесіңдер? Мені мұқият тыңдап, рухани нәрді қабылдаңдар, ағыл-тегіл жақсылықтан жан рақатын табыңдар! Маған жақындап, айтқандарыма құлақ түріңдер! Сонда шынайы өмірге ие боласыңдар. Сендермен мәңгілік Келісім жасамақпын. Кезінде Дәуітке уәде еткен мызғымас рақымымды енді өздеріңе көрсетпекпін.  Әлі кеш болмай тұрғанда Жаратқан Иеге бет бұрып, мойынсұныңдар! Иеміз құлақ салуға дайын тұрған осы кезде Оған сиынып жалбарыныңдар! .

Ишая 55:1-3, 6


  Алла Тағала барлық шөліркегендерді Патшалыққа кіруге шақырып тұр, сонда бұрынғы патша Дәуіт (ғ.с.) уәде етілген сүйіспеншілікті, ұлы Патшаның халқы болған әркім иелене алады. Егер сізді бір жерге шақырса, онда сіз әлі онда емессіз. Құдайдың бізді Өз Патшалығына шақырып тұрғаны ақиқат, сонымен бірге біз Оның қасында болып, мәңгі тыныштық алғанымызды қалайды. Бүгінгі күнге қалып отырған сұрақ, ол қашан және қай жерде іске асады. Біз ол туралы Забурдың келесі мақалаларында қарастырамыз.  Ал қазір мына маңызды сұраққа жауап беру керек: «Осы Патшалыққа кіргіңіз келе ме?» 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *