Home » Пайғамбар туралы Таураттың нышан-белгісі

Пайғамбар туралы Таураттың нышан-белгісі

  • by

Мұса пайғамбар (ғ.с.) мен Һарон пайғамбар (ғ.с.) 40 жыл бойы исраил халқының көсемдері болды. Олар Өсиет жазды және құрбандық шалу ережелерін белгіледі, сонымен бірге Тауратта көптеген нышан-белгілер қалтырды. Кейін сол қос пайғамбардың осы дүниемен қоштасатын уақыттары да келді. Таураттың соңғы бөлігін қарастырмас бұрын, Таураттың орналасу заңдылығына шолу жасайық.   

Сонымен Таураттың нышан-белгісінде қандай заңдылық бар? 

Таураттағы құрбандық шалу 

Құрбандық шалудың маңыздылығы мен жиілігіне назар аударыңызшы. Біз қарастыратын келесі заттар жөнінде ойланып көріңіз: 

Барлық осы құрбандықтар таза мінсіз – қой, ешкі немесе бұқалар болды. Олардың бәрі баспақтан басқасы ер жынысты болды. 

Құрбандықтар сол құрбандықтарды әкелген адамдардың күнәларын жабу үшін қолданды. Адамның күнәсі мен ұяты жабылу үшін қолданған осы құрбандықтар, оларға кепіл сияқты еді. Бұның бәрі теріден тігілген киім ретінде Алла Тағаладан қабылдаған рақымдылықтан бастау алды. Жалаңаш тәнді жабуға арналған сол терілер малдың өлімін талап етті. Маңызды сұрақ: Неге қазір құрбандық шалынып, ұсынылмайды? Оның жауабын кейін қарастырамыз. 

Таураттағы әділдік

«Әділдік» сөзін үнемі кездестіріп отырдық. Біз оны алғаш рет «Әділдік киім бәрінен де жақсы» – деген Жаратқан Иенің сөзін Адам ата оқиғасында кездестірдік. Болашақта ұлды боласың деген уәдеге сенім артқан Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) «әділ» деп саналды. Заң өсиеттерін орындай алған исраилдік әділ деп есептелді, бірақ олар оны толық түрде өмір бойы орындауға тиіс болды. 

Таураттағы жазалау

Біз сондай-ақ Өсиетті орындамағандарға Алла Тағала тарапынан жазалау келіп отырғанын да көрдік. Ол Адам атадан басталды, ол тек бір рет қана  мойынсұнбаған үшін жазаланды. Жазалау үнемі өлімге әкелді. Өлім жазаға кесілген адамға немесе құрбандыққа шалынған малға орындалып отырды. Мыналар жайлы ойланыңызшы: 

  • Адам атаға байланысты, терілері үшін жануарлар өлтірілді. 
  • Әбілге байланысты, құрбандыққа ұсынған тоқты өлтірілді. 
  • Нұх пайғамбар (ғ.с.) байланысты, топан су кезінде адамдар өлтірілді. Артынан Нұх құрбандыққа шалған малдар өлтірілді. 
  • Лұт пайғамбар (ғ.с.) байланысты, Содом мен Гомора қала тұрғындары және Лұттың әйелі өлтірілді.  
  • Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) байланысты, оның ұлы өлуі керек еді, бірақ оның орнына тоқты өлтірілді. 
  • Құтқарылу мейрамына (Песах) байланысты, Мысырдағы барлық тұңғыш ұлдар (Перғауынның ұлын қоса алғанда) немесе ұлдың орнына қаны есік жақтауына жағылған тоқтылар өлтірілді.    
  • Заң өсиеттеріне сәйкес Тазару күні не кінәлі адам немесе теке өлтірілді. 

Бұл нені білдіреді? Оны ары қарай көреміз. Ал қазір Мұса пайғамбар (ғ.с.) мен Һарон пайғамбар (ғ.с.) Тауратты аяқтайын деп тұр. Олар оны Құдайдан тікелей келген екі маңызды мәліметпен аяқтайды, осы екі хабар да өте маңызды өйткені олар болашақта келетін – Пайғамбар, Апат және Рақымдылық жайлы болмақ. Пайғамбарды осы жерден қарайық. 

Болашақта келетін Пайғамбар

Жаратқан Ие Синай тауында Мұса пайғамбар (ғ.с) тасқа қашалған Он өсиет бергенде, Өзінің орасан зор құдіретті күшімен келді. Таурат тасқа қашалған жазу берер алдындағы көріністі былай суреттейді: 

 Үшінші күні таң ата күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, ғаламат қатты керней даусы естілді. Қоныстағы халықтың бәрі де қорыққаннан дірілдеп қоя берді. Мұса оларды Құдаймен кездестіру үшін қоныстарынан алып шығып, олар таудың етегіне барып тұрды. Жаратқан Ие тау басына от жалынына оранып  түскендіктен, Синай тауын түгел түтін жапты. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін шығып, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды .

Мысырдан шығу 19:16-18


          Адамдар өте қатты үрейленді. Оны Таурат былай суреттейді: 

 Бүкіл халық найзағайдың жарқылдап, түтіннің тауды қаптағанын көріп, күннің күркіреп, кернейдің қатты дауыстағанын естіп тұрды. Содан олар зәрелері ұша дірілдеп кетті. Халық алыстан тұрып, Мұсадан:

— Бізбен өзіңіз сөйлесіңіз, ал біз тыңдайтын боламыз. Құдай бізбен тікелей тілдесе көрмесін, әйтпесе құрып кетерміз, — деп өтінді. 

Мысырдан шығу 20:18-19

Бұл оқиға Мұса пайғамбар (ғ.с.) халыққа билігін жүргізген 40 жылдарының басында болды. Соңында Жаратқан Ие, адамдарға бастарынан өткен қорқыныштарын естеріне салып және болашақтарына уәде беретіні туралы Мұса пайғамбармен (ғ.с.) сөйлесті. Мұса пайғамбар (ғ.с.) ол жағдайды Тауратта былай жазып қалтырды: 

15 Құдай Иелерің сендерге мен сияқты бір пайғамбарды бауырларыңның арасынан шығарады. Соның айтқандарын тыңдаңдар! 

16 Себебі сендер Хориб тауының етегінде жиналған кезде: «Құдай Иеміздің дауысын әрі қарай естімейік, осы жалындаған зор отты тағы да көрмейік, әйтпесе өліп қалармыз!» деген кезде Құдай Иеден осыны өтінген едіңдер.

17 Сонда Жаратқан Ие маған былай деді: «Олардың айтқандары дұрыс. 

18 Мен бауырларыңның арасынан сен сияқты пайғамбарды шығарып, сөздерімді соның аузына салып отырамын. Ол Менің өзіне бұйырғандарымның бәрін соларға жеткізетін болады. 

19 Осы пайғамбардың Менің атымнан айтқан сөздерін тыңдамайтын әрбір адамнан Өзім жауап алатын боламын.

20 Бірақ бір пайғамбар Өзім оған айтуға бұйрық бермеген хабарды халыққа Менің атымнан жеткізсе, немесе бөтен тәңірлердің атынан сөйлесе, ондай (жалған) пайғамбарды өлтіруге тиіссіңдер».

21Сендер іштей: «Жаратқан Ие айтпаған сөзді қалай білеміз?» деулерің мүмкін. 

22 (Мынаны ұмытпаңдар): егер осы пайғамбардың Жаратқан Иенің атымен айтқаны рас болмай жүзеге аспаса, онда бұл хабар Жаратқан Иеден емес. Қайта, бұл пайғамбардың асқақтықпен айтқан өз сөзі. Ондайдан қорықпаңдар.

Заңды қайталау 18:15-22


  Алла Тағала адамдар арасында қарапайым сыйластық болғанынқалады, сондықтан Ол тасқа қашалып жазылған Өсиеттерді бергенде, адамдарды қатты үрей биледі. Ал қазір Ол болашаққа қарап, исраил халқының арасынан Мұса пайғамбар (ғ.с.) тәрізді пайғамбар шығатыны туралы халыққа уәде берді.    

Содан кейін екі нұсқаулық беріліп тұр: 

  1. Егер олар келетін пайғамбарға назар аудармаса, онда Алланың Өзі оларды жауапкершілікке тартады. 
  2. Пайғамбар арқылы Алла былай дейді, пайғамбарлық сөз болашақты көрсетеді және шындық (орындалуы) болуы керек. 

Бірінші нұсқаулықта Мұса пайғамбардан кейін келетін бір пайғамбарды айтып тұрған жоқ, ол келетін пайғамбар ерекше болмақ және ол «Менің Сөзім» болғандықтан бәрі де оны тыңдауы керек делінген. Болашақты тек Құдай ғана біледі – бір де  бір адам болашақты болжай алмайды – сондықтан екінші нұсқаулықта пайғамбарлық сөз Құдайдан ба, жоқ па анықтап алғаны дұрыс делінген. Ары қарай біз Мұса пайғамбар (ғ.с.) екінші нұсқаулықты пайдаланып, болашақта исраил халқының басына түсетін Апат пен Батаны болжап, Тауратты аяқтайды.  

Сонымен болашақта келетін Пайғамбар кім? Кейбір діни ғалымдар ол Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) дегенді ұстанады. Бірақ пайғамбарлық сөзде «Бір пайғамбарды бауырларыңның (яғни еврей) арасынан шығарады» деп жазылғанына назар аударыңызшы. Сондықтан бұл оған арналмаған. Басқа ғалымдар ол мүмкін Иса Мәсіхке (ғ.с.) арналған шығар деп болжады. Ол еврей ұлтынан және Оның тәлімдері Алланың Өз аузынан шығып жатқандай құдіретті. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) келуі Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) құрбандық шалуы арқылы, Құтқарылу мейрамы (Песах) арқылы және  «сөздерімді соның аузына салып отырамын» деген пайғамбарлық сөзі арқылы да болжанған.   

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *