Home » Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) үшінші нышан-белгісі: Құрбандық.

Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) үшінші нышан-белгісі: Құрбандық.

  • by

Алдындағы нышан-белгілерде оқығанымыздай ұлы пайғамбар Ыбырайымға (ғ.с.)  ұл уәде етілді. Және Алла Тағала Өз уәдесін орындады. Тауратта Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) екі ұлы болды деп жазылған. Біз (Жаратылыстың басталуы 16 тарауда) Ыбырайымның Ажардан Ысмағұл, содан кейін (Жаратылыстың басталуы 21 тарауда) он төрт жыл өткеннен кейін Сарадан Ысқақ атты ұлдары туғанын оқи аламыз. Өкінішке орай бұл жағдай Ыбырайымның екі әйелінің арасында келіспеушілік тудырды да, пайғамбарға үйінен екінші әйелі Ажарды баласымен қуып жіберуге мәжбүр етеді. Ол оқиғаның қалай өрбігені және Жаратқан Иенің Ажар мен Ысмағұлға бата бергені туралы осы жерден оқи аласыз.  

Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) құрбандығы: Ид аль-адха (құрбан-айт) мейрамның негізі болды

Енді Ыбырайымның үйінде бір ұлы ғана қалғанда, пайғамбар ұлы сынаққа душар болды, және дәл сол сынақ бізге Тура жолды меңзейді. Тауратта және Құран кәрімде Ыбырайымның өз ұлын қалай құрбандыққа ұсынғаны туралы оқиғаны осы жерден оқи аласыз. Ид аль-адха (құрбан-айт) мейрамын тойлау  дәл сол себептен бастау алған. Біздің алдымызда ол тек тарихи дәрежеде ғана орын алған оқиға емес. Бұл құрбандықтың астарында әлде қайда терең мағына жатыр. 

Киелі Жазбаларда осы жағдай Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) сенімі сынаққа түскен оқиға ретінде қарастырылады. Негізінде ол осы оқиғаның бір аспектісі ғана. Ыбырайым пайғамбар және осы нәрсе бізге арналған нышан-белгі, өйткені Жаратқан Иенің бізге арналған сүйіспеншілігін көрдік. Бұл қандай нышан-белгі? Ыбырайымның Ысқақты құрбандыққа шалуға әкелген орынды қалай атағанына назар аударыңызшы. Сіз дәл қазір оқи алуыңыз үшін, Таураттағы сол оқиғаны суреттейтін тұсы төменде берілген. 

«Ыбырайым төңірегіне көз тастағанда, қалың бұтаның ішінде мүйізінен шырмалып қалған қошқарды көрді. Ол барып, қошқарды әкелді де, оны ұлының орнына құрбандыққа шалып, өртеп жіберді. Осы жерге Ыбырайым «Жаратқан Ие қажетіңді береді»  деген ат қойды. Сондықтан да күні бүгінге дейін жұрт: «Жаратқан Ие қажетіңді өз тауында береді», — дейді..

Жаратылыстың басталуы 22:13-14

Ыбырайымның сол жерді қалай атағанына мән беріңіз – «Жаратқан Ие қажетіңді өз тауында береді». Осы пайғамбарлық сөз қай шақта айтылып тұр: өткен шақ, осы шақ немесе келер шақ па? Келер шақта айтылып тұр. Сол мәселені аяғына дейін нақтылау үшін, Мұса пайғамбар (ғ.с.), 500 жыл өткен соң Тауратты жазып отырғанда да, сол «береді» деген сөзді қайталап келтірді. Тағы да келер шақ. Бұл үзіндіні көп жағдайда Ыбырайым Ысқақтың орнына құрбан болған мүйізінен шырмалып қалған қошқарды меңзеп айтты дейді. Мына нәрсеге мән беріңізші, Ыбырайым сол жерге ат қойып тұрғанда, қошқар бауыздалып өртеліп кетті емес пе. Егер Ыбырайым қошқарды меңзеп айтса «Тәңір берді» – деп өткен шақта сөйлер еді ғой. Егер шынында да Ысқақтың орнына берілген қошқар жайлы болса, Мұса пайғамбар (ғ.с.) да: «Жаратқан Ие қажетіңді өз тауында берді»,  – деп жазушы еді. Бірақ екі пайғамбар да сол жерге ат қойғанда келер шақты пайдаланып тұр. Яғни әңгіме, құрбандыққа шалынып, өртеліп кеткен қошқар жайлы емес. 

Сонда кім туралы айтылып тұр? Нұсқауға назар аударыңыз: Алла Тағала Ыбырайымға аян бергенде оны қай жерге жұмсады? 

  «Құдай: «Сен өзіңнің жақсы көретін жалғыз ұлың Ысқақты ертіп алып, Мория жеріне бар. Оны сол жерде Мен саған көрсететін тауға апарып, құрбандыққа шалып, өртеп жібер! — деп бұйырды» .

2 аят


  Сонымен бәрі Мория жерінде орын алды. Қайда ол жер? Ыбырайымның заманында (б.з.д. 2000 жылдары) ол жер бос дала болды, алайда содан кейін атақты Дәуіт патша (б.з.д. 1000 жылдары) сол жерге Иерусалим қаласын тұрғызды,  ал оның ұлы Сүлеймен патша, дәл сол жерге ғибадатхана салғызды. Біз Забурда мына жолдарды оқи аламыз: 

  «Сонымен Сүлеймен Иерусалимдегі Мория  төбесінде Жаратқан Иенің киелі үйінің құрылысына кірісті. Бұрын ебустік Орнанның астық бастыратын қырманы болған сол жерде Дәуітке Жаратқан Ие аян берген еді. Содан Дәуіт бұл орынды ғибадатхана салуға дайындап қойған болатын» . 

Шежірелер 2, 3:1

Басқадай айтқанда Мория тауы Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) (артынан Мұса пайғамбар) заманында бос жатқан жердегі жалғыз тау болды. Артынан 1000 жыл өткен соң Дәуіт пен Сүлеймен пайғамбарлар сол тауға Исраил патшалығының астанасы Иерусалимді, артынан Жаратқан Иеге арналған ғибадатхана тұрғызады. Осы орын күні бүгінге дейін яһудилер үшін киелі болып саналады. 

Мория тауын Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) емес, Құдайдың Өзі таңдап отыр. Джин сүресінде былай түсіндіріледі: 

Шын мәнінде мешіттер, Аллаға тән. Ендеше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар .

Джин 72:18

          Құлшылық ететін орынды Тәңірдің Өзі таңдайды. Ол Мория тауын не үшін таңдағанын білейік. 

Мәрейім ұлы Ғайса Мәсіх (ғ.с.)

Біз бұл жерден Мәрейім ұлы Ғайса Мәсіх (ғ.с.) және Інжіл Шарифпен тікелей байланыс табамыз. Біз Мәрейім ұлы Ғайса Мәсіхтің (ғ.с.) тағы бір атын білгенде, осы байланыс анық көрінеді. Мәрейім ұлы Ғайса Мәсіхтің  (ғ.с.) көп аттары болды. Оның ең көп танымал болған аты Мәсіх (Христос) шығар. Оның аз танымал бірақ өте маңызды тағы бір есімі бар. Ол туралы Інжіл Шарифте, атап айтқанда Жохан жазған Ізгі хабарда, Жақия пайғамбар (Шомылдырушы Жақия) былай дейді:  

29.Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп:

— Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»!

 Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды. 

30.«Менен кейін Біреу келе жатыр, Оның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын» дегенімде, Сол туралы айтқан едім.

Жохан жазған Ізгі хабар 1:29-30


          Жақия Мәрейім ұлы Ғайса Мәсіхті (ғ.с.) аз танымал болған басқа есіммен атап тұр: Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»! Бұл есімнің мағынасы шынымен де өте маңызды. Мәрейім ұлы Ғайса Мәсіх (ғ.с.) өмірі қалай үзілгенін есіңізге түсіріңіз. Ол қай жерде тұтқындалып, жазаға кесілді? Иерусалимде (яғни Мори тауында). Оның тұтқындалуы жайлы былай деп анық жазылған: 

 «Осылай Исаның Ирод (Антипас)  билеген Ғалилея аймағынан екенін білген соң, Пилат Исаны сол кісіге жіберді. Өйткені Ирод та бұл күндері Иерусалимде жүрген еді» .

Лұқа жазған Ізгі хабар 23:7


          Басқадай айтқанда Мәрейім ұлы Ғайса Мәсіхті (ғ.с.) тұтқандаған, жауап алған және жазалаған жері, Иерусалимде орын алды, (Мори тауы).

Енді Ыбырайым пайғамбарға (ғ.с.) оралайық. Ол осы жерде болатын жайды неге келер шақпен айтты: «Тауда Тәңір қажетіңді береді»? Ол пайғамбар болғандықтан келешекте сол жерде Құдайдың бір нәрсе істейтінін білді. Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) ұлы ең соңғы сәтте өлімнен құтқарылды және оның орнына тоқты құрбандыққа шалынып өртелді. Екі мың жыл өткен соң дәл сол жерде Құдайдың құрбандық Тоқтысы, Мәрейім ұлы Ғайса Мәсіх (ғ.с.), тұтқындалып, жазаға тартылды!

Ыбырайым пайғамбарды (ғ.с.) өлімнен құтқарған құрбандық

Осының бізге қатысы бар ма? Мен Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) соңғы нышан-белгісіне назар аудардым. Қасиетті Құран кәрімнің 107 сүресінде Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) туралы мынадай аят бар: 

«Біз оның (ұлын) үлкен құрбандықпен ауыстырдық».

Бұл жердегі «ауыстырдық» сөзі құнын өтеді дегенді білдіреді. Біреудің құнын өтеу, тұтқын бостандық алуы үшін оның құны төленеді. Егер Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) құны төленсе, онда ол біреудің құлы немесе тұтқында болды дегенді білдіреді (сондай ұлы пайғамар құлдықта болуы мүмкін бе?!). Оны кім тұтқындауы мүмкін? Осы жайлы Ысқақты құрбандыққа ұсыну оқиғасы баяндайды. Ол өлімнің тұтқынында болды. Ол ұлы пайғамбар болса да өлімнің тұтқыныда еді. Біз Адам ата нышан-белгісі арқылы білетініміз, барлық Адам ата ұрпағы өледі (ішінде пайғамбарлар да бар). Олар – өлім тұтқындары. Алайда құрбандық тоқтысы арқылы Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) «құны өтелді», ол тұтқыннан босады. Егер біз жоғарыда айтып өткен, (Адам ата, Қабыл мен Әбіл, Нұх, Ыбырайым) нышан-белгілерін ретімен талдап қарастырса, барлық пайғамбарлар ерте заманнан құрбандық шалып өртеп отырғанын көреміз. Біз біле бермейтін нәрсені олар білгенге ұқсайды. Сонымен бірге Ысқақтың құрбандыққа шалынуы болашаққа яғни Иса Мәсіхке Құдайдың құрбандық Тоқтысына мезгесе, онда құтқарылу қалай-да Онымен байланысты деген сөз. 

Құрбандық: бізге арналған бата

Мори тауында құрбандыққа шалынған тоқтының, сіз бен бізге қатысты үлкен мағынасы бар. Әңгіменің соңында Алла Тағала Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) мынаны жариялады: 

«Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады. Себебі сен Менің тілімді алып жүрдің».

Жарат. баст. 22:18

Егер сіз «жер бетіндегі барлық ұлттың» бірі болсаңыз (ол дәл солай!), онда осы уәде тікелей сізге де арналып тұр –сізге Құдайдың Өзі бата берем деп уәде етті! Бұл керемет емес пе?! Бірақ Ыбырайым пайғамбар мен Иса Мәсіх арасындағы байланыс қалай бізге бата болып қонады? Неге? Алдымен Ыбырайым пайғамбар «құтқарылды» және ол бізге берілген аян. Осы аянсыз сұрағымыздың жауабы күңгірт болып қалады. Сондықтан Мұса пайғамбардың нышан-белгісіне өтейік (оған екі нышан-белгі берілген) және солар осы жағдайды анықтап береді.

Ал әзірше «ұрпақ» – деген сөз жекеше беріліп тұрғанына назар аударыңыз. Әңгіме көп ұрпақтар туралы емес. Уәде Ыбырайым пайғамбардың (ғ.с.) тек жалғыз ұрпағы арқылы келмек. Яғни, көп адам емес, ер жынысты жалғыз кісі туралы сөз болып тұр. Мұса пайғамбардың (ғ.с.) Құтқарылу нышан-белгісі бәрін де анықтауға көмектеседі. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *