Қурәйіштер – кезінде Мекке мен Қағбаны бақылауларында ұстаған арабтардың көне тайпасы. Олардың құрамында Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) болды. Қурәйіш сүресінде – қурәйіштерге арналған жақсы өсиет жазып қалдырылған.
Қурәиштың бейбітшілігі үшін, Олардың қысы-жазы көшу бейбітшілігі ,
Қурәйіш 106:1-2
Юнус сүресінде Мұхамбет пайғамбардың (ғ.с.) Алланың хабарын жеткізу үшін, қурәйіштерге қалай келгені туралы айтылады.
Іштерінен бір кісіге: «Адамдарды қорқыт! Иман келтіргендерді Раббыларының қасында олар үшін жоғары орын барлығын сүйіншіле!»,- деп уахи қылғанымызға бұл адамдар таңырқай ма? Кәпірлер: «Шынында бұл ашық жады» деді .
Юнус 10:2
Қамар сүресінде Жаратқан Иенің сөзінен бас тартқан жеңіліс табады деп қурәйіштерді ескертеді…
Сендердің қасарысуларың олардан артық па? Немесе сендер үшін кітаптарда бір ақтама бар ма? Не олар: “Біз өш алушы бір топпыз” дей ме? Ол топ, таяуда жеңіліске ұшырап, арттарына бұрылып қашады. Әлбетте оларға уәде етілген қиямет, ол; үрейлі, тым ащы бір мезгіл .
Қамар 54:43-46
Сондай-ақ сүреде хабармен келген пайғамбарларды жиі тыңдамағандар туралы да айтылған (қурәйіштердің Мұхамбет пайғамбарды (ғ.с.) елемей қойғаны секілді). Бірақ бір ғана пайғамбарды – Жүністі (ғ.с.) тыңдаған.
Юныс (Ғ.С.) тың ғана елінен басқа (азаптың келгенін көріп) иман келтірген әрі имандары пайда берген бір кент болмаған. Олар иман келтірген заманда, өздерінен дүние тіршілігіндегі қорлықты айықтырдық та, оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық .
Юнус 10:98
Жүніс пайғамбар (ғ.с.) уағыздау үшін, пұтқа табынушы халықтарға Құдайдың Өзі жібереді. Ал пайғамбар болса Тәңірдің еркіне қарсы шығып басқа жаққа қашады, бірақ оны бір алып балық жұтып қояды. Қалам сүресінде Жүніс пайғамбар (ғ.с.) балықтың ішінде отырып тәубеге келгені және пайғамбарлық құқын қайта иеленгені туралы жазылған.
Ендеше Раббыңның үкімі бойынша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынған болатын. Егер оған Раббынан бір нығмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді. Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті .
Қалам 68:48-50
Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) секілді Иса Мәсіхті де (ғ.с.) өз елдері сиқырлықпен айналысып жүр деп жала жауып қабылдамады. Сонда Иса Мәсіх ғ.с.) куәлік ретінде Жүніс пайғамбардың (ғ.с.) нышан-белгісі туралы айтты. Ол қандай нышан-белгі?
Иса Мәсіхтің (ғ.с.) елі оның билігіне күмән келтірді
Інжіл кітабында Иса Мәсіхтің (ғ.с.) уағыздары, жасаған кереметтері, нышан белгілері және билікпен адамдарды сауықтырғандары жазылғанын білеміз. Ол күн сайын адамдарды (соның ішінде біз де бар) өз сөзін қабылдауға шақырды. Ол бізге «тірі су» сыйлағысы, күнәкарларға рақымдылық еткісі келеді және құрып кеткендерді іздеп жүр. Және сонымен бірге кіргісі келетін барлық адамдарды Құдай Патшалығына шақырады.
Яһуди дін басшылары (қазіргі имамдар секілді) оның беделіне күдікпен қарап, ілімдерін қабылдамады. Адасқандарға қандай билікпен кешірім уәде етті? Бәрі де Құдай Патшалығына кіре алулары үшін, бүкіл адамзаттың күнәсі үшін Құдайдың атынан құрбандық беруге құқы болды ма? Дін қызметкерлері одан нышан-белгі талап етті. Ол туралы Інжілде былай баяндайды:
Жүніс пайғамбардың (ғ.с.) нышан-белгісі туралы Исаның айтқаны
Кейбір дін мұғалімдері мен парызшылдар сонда Исаға: — Ұстаз, билігіңізді дәлелдейтін бір кереметті көрсек деп едік, — деген өтініш жасады. Бірақ Оның жауабы мынау болды: — Жаман, опасыз ұрпақ билігімді дәлелдейтін керемет көрсетуімді талап етеді. Бірақ оған Жүніс пайғамбардың кереметінен басқасы көрсетілмейді: Жүністің үш күн, үш түн дәу балықтың ішінде жатқаны сияқты, көктен келген Билеуші де жер қойнында үш күн, үш түн жататын болады. Ниневи тұрғындары қиямет кезінде осы ұрпақтың адамдарымен бірге сот алдында тұрып, олардың қиқарлығын әшкерелейді: ниневиліктер Жүніс уағыздағанда теріс жолдарынан қайтты. Ал мұнда Жүніс пайғамбардан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер теріс жолдарыңнан қайтудан бас тартасыңдар!.
Матай 12:38-41
Жүніс пайғамбардың тарихы
Дін басшыларына жауап бергенде Иса Мәсіх (ғ.с.) Жүніс пайғамбар (ғ.с.) туралы айтты. Уақыт сызбасында көрсетілгендей Жүніс пайғамбар (ғ.с.) Иса Мәсіх дүниеге келгенге дейін 800 жыл бұрын өмір сүрген.
Құрандағы Жүніс пайғамбар (ғ.с.)
Жүніс пайғамбар (ғ.с.) пайғамбарлар жазбалары құрамына енген кітап жазды. Оның қысқаша мазмұны Құранда былай көрсетілген:
Күдіксіз Юныс (Жүніс) (Ғ.С.) елшілерден еді. Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. Шар салғанда ол, жеңіліске ұшырады. Сонда оны балық жұтты. Ол, айыпталған еді. Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді, Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді .
Саффат 37:139-144
Жүніс пайғамбарға (ғ.с.) Ниневи (қазіргі Ирак жеріндегі Мосул маңы) тұрғындарын тәубеге шақыру тапсырмасы жүктелді. Бірақ ол Құдайдан қашып кетпекші болды да, оны бір үлкен балық жұтып қояды. Осы аят туралы ислам ілімінің ғалым-теологы Жүсіп Али былай жазады:
Біздің алдымызда мына нәрсе тұр. Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) үшін киттің іші табыт немесе жерлеу көрі сияқты болды. Егер ол тәубе етпегенде қайта тірілу уақыты, яғни өлгендер қабірлерінен шыққанға дейін ол сол балықтың ішінде болар еді. .
Құранға сілтеме Жүсіп Али 4125
Жүніс пайғамбардың (ғ.с.) алып балықтың ішінде болуы – өлгендер қайта тірілетін уақытқа дейін болатын, өлім жазасымен бірдей болып тұр.
Өз кітабындағы Жүніс пайғамбар (ғ.с.)
Жүніс пайғамбар (ғ.с.) кітабында балықтың ішінде болған жағдайды егжей-тегжейлі баяндайды. Онда былай делінген:
Жаратқан Иенің бұйрығымен бір үлкен балық Жүністі жұтып қойды. Ол соның ішінде үш күн, үш түн бойы жатты. Жүніс балық ішінен Құдай Иесіне сиынып былай деп мінажат етті: «Қиын-қыстау кезімде, уа, Жаратқан Ием, Саған сиындым, жауап бердің де Сен. Сонда тұңғиықтың терең түкпірінен Көмек сұрап саған жалбарынған ем, Шақырған даусыма құлақ салдың да Сен. Мені тұңғиыққа, терең теңіздің Түбіне Сен лақтырған едің, Айналам түгел тек ағыстар болған, Соққылап қарқынды толқындарыңның Барлығы да өтті мына басымнан. Былай деп те айтқан болатынмын: Аластатылсам да көз алдыңнан, Киелі үйіңе қарамақпын қайтадан. Су басып, теңіз тартып құшағына Қорқытты, балдырлар оралып басыма. Су асты, тау түбіне түсіп қалдым, Сол жерге мәңгі қамалғандай болдым. Бірақ Сен, Жаратқан Ие, Құдайым, Жанымды тұңғиықтан алып қалдың. Көңілім құлазып, үміт өшкенде, Уа, Тәңір Ием, Сені алдым есіме, Мінажатым құлағыңа жетті де Сенің көктегі киелі үйіңде. Жарамсыз да жалған тәңірлерге Табынушылар безеді өздеріне Рақым көрсетпек болған Құдайынан. Ал мен Саған әнмен шүкірлік айтам, Сый-тарту ұсынып, антымда тұрам. Құтқарылу келеді тек Жаратқаннан!».
Жүніс 2:1-10
Жүністің нышан-белгісі деген не?
Әдетте біреудің беделіне күмән келтірсе Иса Мәсіх (ғ.с.) дәл солай болды, онда сол адам билігін немесе күшін көрсету үшін қандай-да бір керемет істеуді өтінеді. Бірақ Иса Мәсіх (ғ.с.) балықтың ішінде отырған Жүніс пайғамбардың (ғ.с.) кереметінен басқа ештеңе көрсетілмейді деді. Үш күн бойы Жүніс пайғамбар (ғ.с.) Құдайдың көзінен таса жерде яғни балықтың ішінде болды. Қандай қызық салыстыру! Жүніс пайғамбар (ғ.с.) үш күн өлім құшағында отырды. Үш күн бойы Құдайдың көзінен таса тас қапаста жатты. Иса Мәсіх (ғ.с.) осы жағдайды не үшін нышан-белгі ретінде айтып отыр? Ол оның билігі барын дәлелдей ала ма?
Әлсіздік пен өлім нышан ретінде бірінші рет қана айтылып тұрған жоқ. Ишая пайғамбарда (ғ.с.) болашақта келетін қызметші туралы пайғамбарлық жазба бар. Онда Құдайдың қызметшісі «адамдардан аластатылып» «бас тартылады» делінген. Біз оны «Құдайдың қарғысына ұшыраған» деп ойладық, «жердегі тірілерден бөлектенеді», «зираты қарақшылар арасында белгіленген». Одан да қызық айтылған сөз, «Құдайдың еркімен ол өлім құшты». Осы айтылғандар Жүніс пайғамбардың (ғ.с.) басынан өткен жағдайға ұқсайды. Дәл осы ұқсастыққа Иса Мәсіх (ғ.с.) нұсқап тұр.
Осы жұмбақтардың кілті балық ішінде отырған Жүніс пайғамбардың (ғ.с.): «Құтқарылу келеді тек Жаратқаннан!» -деген соңғы дұғасында тұрған тәрізді. Біз бұрын айтқанымыздай, Иса деген есім – болашақта келетін Өскінге қойылатынын айтқанбыз. Дегенмен Иса деген есім нені білдіреді? Еврей тілінде «Құдай құтқарады» – дегенді көрсетеді. Жүніс пайғамбар (ғ.с.) өз дұғасында біздің құтқарушыға мұқтаж екенімізді айтып отыр. Жүніс пайғамбар (ғ.с.) дұғасында біз бәріміз құтқарылуға мұқтажбыз, ал оның қайнар көзі Жаратқан Ие делінген. Иса Мәсіх (ғ.с.) (еврейше Ешуа) есімі дәл сол Жүніс балық ішінде отырып айтқан дұғасындағы Құдай құтқарады деген сөзбен бірдей.
Әңгімесінің соңын Иса Мәсіх (ғ.с.) Жүніс пайғамбардың (ғ.с.) уағызын естіген Ниневия тұрғындары оған сеніп тәубе етті, ал Иса Мәсіхті (ғ.с.) естіген дін мұғалімдері сенбеді деп аяқтады. Олар өздерінің құтқарылу қажеттігін мойындамады. Біз әр қайсымыз жүрегімізді, ниневиялық сияқты сеніп тәубе ете ме, әлде дін мұғалімдері секілді құтқарылуды қажет етпей ме деп тексергеніміз дұрыс. Ал сіз не дейсіз?
Ары қарай Иса Мәсіхтің (ғ.с.) келесі оқиғасын оқу арқылы, Жүніс пайғамбардың (ғ.с.) нышан-белгісі қалай орындалғанын және Исаның жердегі өмірінің ең соңында Жаратқан Иенің Өз халқын қалай құтқарғанын көреміз.