Skip to content
Home » Жалпы сұрақтар

Жалпы сұрақтар

Құдай үшін кешіріңіз, бұл әрине жақсы хабар емес. Шындығына келсек бұл дегеніміз, сіз әділдік құқығынан айырылған жансыз (оның ішінде мен де бармын, өйткені менде де осы мәселе бар). Әділдік өте маңызды, өйткені ол жұмаққа, яғни Құдай Патшалығына кіргізетін негіз. Жұмақ – біздің бір-бірімізбен қарым қатынасымыздың (өтірік айтпаймыз, ұрламаймыз, кісі өлтірмейміз, пұтқа табынбаймыз т.с.с.) және Алла Тағаланы қаншалықты қастерлейетініміздің  жемісі. Міне сондықтан Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) Забур жырында айтқанындай, кім әділ болса, тек сол ғана Киелі Патшалыққа кіре алады. Тек қана сондай адамдар ғана Киелі Патшалыққа кіре алады, сол себепті де ол жұмақ деп аталады. 

 Уа, Жаратқан, Сенің тұрағыңда кім тұра алады,

Киелі тауыңда кімнің тұруына болады?

Сондай адам мінсіз жүріп әділдік істейді,

Шын жүректен ақиқатты ғана сөйлейді,

Ешкімді уытты тілмен өсектемейді,

Жолдасына ешбір зұлымдық істемейді,

Жақынының арына дақ түсірмейді.

Арамза адамдарды ол еш жақтырмайды,

Ал Иемізді қастерлейтінді ардақтайды,

Өзіне қиын болса да, сөзін орындайды,

Мұқтажға қарыз бергенде өсімін алмайды,

  Пара алып жазықсыз жанды қараламайды

Забур 14:1-5

Күнә дегенміз не?

Үнемі осы жырда айтылғандай істей алмағандықтан, Құдайдың барлық Өсиеттерін орындай алмаймыз – біз күнәкарларымыз.  Күнә дегеніміз не? Көне келісімдегі Таураттан кейінгі кітапта, оның не екенін түсінуге көмектесетін бейне бар. Ол аятта былай делінген:  

Олардың арасында жеті жүз таңдаулы адам солақай болатын. Бұлардың әрқайсысы сақпанмен атқан тасы тимей қоймайтын қас мергендер еді .

Билер 20:16

Біз бұл жерде сақпанмен ататын мергендер туралы оқимыз, олардың атқан тастары тимей қоймайды. Таурат пен Көне келісім пайғамбарлар арқылы көне иврит тілінде жазылған. «Тимей қоймады» деп аударылған көне иврит тіліндегі сөз:  יַחֲטִֽא׃  ( хо-то) деп оқылады, оның мағынасы еврей тілінен аударғанда күнә дегенді білдіреді. Мысалы ол сөз Мысыр еліне құлдыққа сатылып кеткен және сол жерде өзін зина жасауға шақырған Потифардың әйеліне көнбеген Жүсіпке байланысты «күнә» деген мағынада жазылған (Ол туралы Құрандағы Юсуф сүресі 12:22-29 аяттарынан оқи аласыз).

 Бұл үйде ешкім менен артық күшті емес. Қожайыным өзіңізден басқа ештеңені де билігімнен айырған жоқ. Ал сіз оның жұбайысыз ғой! Сонда мен қалайша сондай ауыр қылмыс жасап, Құдайдың көз алдында күнәға батпақпын?! — дейді.

Жаратылыстың басталуы 39:9

Тауратта Он өсиеттен кейін бірден былай делінген: 

Мұса халыққа:— Қорықпаңдар! Құдай сендерді (Өзінің араларыңда болуына) үйрету үшін осында келді. Бұдан былай Оны әрдайым шын жүректен қастерлейтін болыңдар! Бұларың сендерді күнә жасаудан сақтайтын болады, — деді .

Мысырдан шығу 20:20

   Екі үзіндіде де «күнә» деп аударылатын יַחֲטִֽא׃ еврей сөзі қолданған. Яғни адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста өздерін қалай ұстау керек, сонымен бірге «күнә» сөзі «тимей қоймайды» деп пайдаланғанда да, Алла Тағала бізге күнәнің мағынасын түсінуіміз үшін тамаша мүмкіндік жасап тұр. Жауынгер нысанаға тигізу үшін тас алып сақпан көмегімен атады. Егер тигізе алмаса тасы нысанадан қиыс кетті деген сөз. Сол сияқты Алла Тағала да бізді – Өзіне мойынсұнсын және адамдарға сүйіспеншілік көрсетсін деген бір мақсатпен жаратты.   «Күнә жасау» – біз жаратылған мақсаттан қиыс кеткенімізді көрсетеді. Өсиеттің барлық нүктесін орындай алмағанда біз сол күйге түсеміз. Біз Құдай жаратқан мақсаттан қисық кетіп жатырмыз. 

Тауратқа сәйкес күнәнің салдары – өлім.

Қиыс кеткеннің нәтижесі қандай? Бірінші нұсқау Адам ата нышан-белгісінде берілді. Адам ата бір ғана өсиетті бұзды және Құдай оны бірден өлетін етті. Басқадай айтқанда енді ол өлетін болды. Нұхтың нышан-белгісінде ол ары қарайғы жалғасын тапты. Алла Тағала бүкіл адамзатқа топан сумен өлім жазасын кесті. Келесі кезең Лұттың нышан-белгісінде жалғасты, күнә үшін тағы да өлім орын алды. Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұлы құрбандық шалатын орында өлуі тиіс болды. Құтқарылу мейрамындағы оныншы жазада Мысырдағы барлық тұңғыш ұлдар өлтірілді. Біз Алланың Мұса пайғамбар (ғ.с.) айтқан сөзінде сол үлгінің қайталанғанын көреміз. Жаратқан Ие Он өсиетті тас бетіне қашап берер алдында, былай деді: 

 Содан Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:

— Халыққа бар да, оларды бүгін-ертең Маған бағышталып, күнәдан таза болуға шақыр. Бәрі киім-кешектерін жуып тазартып, бүрсігүнге дайын болсын! Сол күні Мен — Жаратқан Ие бүкіл халықтың көз алдында Синай тауына түсемін. Халыққа арнап тауды айналдыра шекара белгілеп қой! Оларға былай де: «Тауға көтерілуден әрі оның айналасындағы шекараға аяқ-қолдарыңды тигізуден сақ болыңдар! Тауға аяқ-қолын тигізген әркім өлтірлуге тиіс! .

Мысырдан шығу 19:10-12


          Біз Таурат беттерінен бір көріністі қайталап көріп отырмыз. Исраилдіктер Алла Тағаланың барлық заңдарын орындамады, сонымен бірге киелі жерге кіруге ұмтылды. Олар өздерінің ұқыпсыздықтарының нәтижесін көргенде қандай қорқыныш ұялағанына қараңызшы.  

 Ал исраилдіктер Мұсаға: «Біз өлеміз, құрып бара жатырмыз! Бәріміз де құрып бара жатырмыз-ау! Тіпті Жаратқан Иенің киелі шатырына таяп келетін адам да өлім құшады екен! Осылай бәріміз де құрып кетер ме екенбіз?» — деп қатты уайымдады.

Руларды санау 17:12-13


           Һаронның екі ұлы Жаратқан Иенің алдына оттың (Ол бұйырмаған бөтен түрін алып) келіп, өлгеннен кейін Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып 

былай деді:— Ағаң Һаронға мынаны ескерт: Һаронның шымылдықтың арт жағындағы ең қасиетті бөлменің ішіне және онда орналасқан Келісім сандығының үстіндегі қақпақтың алдына өзі қалаған кезінде келуіне болмайды. Әйтпесе ол өледі. Өйткені күнәнің арамдығынан тазару рәсімі орындалатын сол қақпақтың үстіндегі бұлт ішінде Мен боламын .

Леуліктерге 16:1-2

Һаронға (ғ.с.) ең киелі орынға қалай кіруге болатыны туралы нақты ереже берілді. Құдай дін қызметкерлеріне мынадай нұсқау берді: 

  Ал құрбандық үстеліне және Киелі шатырдағы шымылдықтың артындағы (ең киелі орынға) байланысты қызметтерді тек сен және ұрпақтарың ғана орындайтын боласыңдар. Мен діни қызметкер болып сол міндетті атқаруды сендерге сыйлап отырмын. Ал киелі шатырдағы қызметті орындау үшін жақындап келген әрбір бөтен адам өлім құшады» .

Руларды санау 18:7

Біршама уақыт өткеннен кейін Мұса пайғамбарға (ғ.с.) ағалары жоқ қыздар келіп, әкелерінің қалай өлгенін айтып мұралыққа жер сұрады. Олардың әкелері қандай себеппен қайтыс болды?  

  «Әкеміз иен далада көз жұмған еді. Соңынан ұл қалмады. Ол Жаратқан Иеге қарсы шыққан Қорахтың сыбайластар тобына қосылған жоқ, (өзге пенделер іспетті) өз күнәсі үшін өлді .

Руларды санау 27:3

Сонымен біз мынадай нақты байланыс көріп тұрмыз, Таураттың соңы мына сөздермен қорытындыланды:    

   Не балаларының істері үшін әкелерін, не әкелерінің істері үшін балаларын өлімге кесуге болмайды. Әркім тек өз қылмысы үшін ғана өлімге кесіледі.

Заңды қайталау 24:16

Алла Тағала исраил халқына және бізге күнәнің құны – өлім екенін көрсетті. 

Құдайдың рақымдылығы

Бірақ, Құдайдың мейірімділігі бар. Алла Тағаладан біз рақымдылық көрдік пе? Қажетті сабақтар ала алдық па? Иә! Әрине! Әділеттіліктен құр қалған біз секілді күнәхар пенделерге Жаратқан Иенің рақымдылағына сүйену өте маңызды. Біз рақымдылық жайлы айтылған, бірнеше Нышан-белгі туралы әңгіме көтердік. Ал енді біз Рақымдылықтың жарқын бейнесі бола алатын– бір баспақ және екі теке туралы айтылатын Һаронның нышан-белгісіне назар аударайық.  

Құттықтаймын! Қиямет күні қорықпасаңыз да болады, өйткені сіз Заңның барлық талаптарын орындап жүрсіз, сондықтан Алла Тағаланың көз алдында әділ болып саналасыз. Мен өз басым Заңның бар талабын толық мүлтіксіз орындап жүрген адамды кездестірмедім, сондықтан бұл үлкен жетістік! Дегенмен қол жеткен жетістікпен тоқтап қалмаңыз! Себебі тура жолмен өмір бойы жүру керек. 

Алдында айтқанымдай, Он Заңды әлі ешкім күшінен жойған жоқ, өйткені ол– жалғыз Құдайға табыну, некеге адал болу, ұрлық жасамау, киелілікті ұстану т.с.с. әділ өмірдің негізгі қағидалары боп саналады. Кейінгі пайғамбарлар осы өсиеттердің мән-мағынасын түсіндірді. Мысалы Иса Мәсіх (ғ.с.) Он өсиетті орындау туралы Інжіл Шарифта қалай деді. Ол Өз тәлімінде парызшылдар туралы айтты. Өз заманында парызшылдар заң мұғалімдері болатын. Бүгінгі таңда оларды дін сұрақтарын жетік білетін имамдармен салыстыруға болады. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) Он өсиет жайлы айтқандары  

 Сендерге айтамын: егер Құдайдың әділ еркін дін мұғалімдері мен парызшылдардан  артық орындамасаңдар, Оның Патшалығына еш кіре алмайсыңдар!

Кісі өлтіру, жек көру және татуласу туралы

Ежелгі адамдарға: «Кісі өлтірме! Кісі өлтірген әркім сотталуға тиіс» деп бұйырылғанын естідіңдер.Ал Мен сендерге былай деймін: кімде-кім басқа адамға кәрін төксе, сол сотталмақ. Басқаны «Сенен еш пайда жоқ!» деп балағаттайтын әркім Жоғарғы кеңес алдында жауап бермек, ал «Құдайдан безген ақымақ!» деп жамандайтындар тозақ отына түседі.

Сонымен сен Құдайға арнаған сый-тартуыңды ғибадатханадағы құрбандық үстеліне алып барғанда, бауырласыңның өзіңе өкпелеп жүргені сонда есіңе түссе, алып келгеніңді сол жерде қалдыр да, бауырласыңа барып, онымен татулас! Бұдан кейін қайтып келіп, сый-тартуыңды Құдайға бағыштап ұсын.Біреу саған қарсы дау көтерсе, оған еріп сотқа бара жатқанда онымен тезірек татуласуға тырыс! Олай етпесең, қарсыласың сені сот алдына апарады, ал сот сақшыға ұстап беріп, сақшы сені түрмеге қамайды. Саған шындығын айтамын: сен берешегіңді соңғы тиынына дейін төлемейінше, сол жерден шыға алмайсың!

Неке адалдығы әрі сөзінде тұру жайында

«Неке адалдығын бұзба!» деген өсиетті де естідіңдер.

Ал Мен сендерге былай деймін: кім бір әйелге құмарта қараса, оның өз жүрегінде сол әйелмен неке адалдығын бұзғаны

(Иса сөзін жалғастырып, астарлап былай деді:) Егер оң көзің (секілді өте құнды нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «ойып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын. Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді. Яки оң қолың (сияқты өте қажетті нәрсең) сені күнәға азғырса, ол сен үшін «шауып алып, лақтырып тасталған» сияқты жоқ болсын! Бүкіл денеңнің тозаққа лақтырылғанынан гөрі бір мүшесінен айырылғаның артық болар еді

Матай 5:20-30


          Сонымен бірге Иса Мәсіхтің (ғ.с.) елшілері, пұтқа табыну туралы уағыз айтты. Олар пұтқа табынуды жәй ғана тас мүсінге сыйыну емес, Құдаймен қатар қойып сыйынатын кез-келген дүние болатынын ескертті. Мысалы, ақшаға. Сондықтан өздеріңіз байқағандай, олар сараң адамның ақшаға Құдаймен бірдей сыйынатынын пұтқа табынушылық деді. 

 Ал енді, күнәкар дүниеге жататын қылықтарыңды біржола тоқтатыңдар:

  неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық, нәпсіқұмарлық және арам пиғылдан аулақ жүріңдер; ашкөздікке де салынбаңдар, ол жалған тәңірлерге табынумен бірдей! 

Құдайға мойынсұнбайтындарға осындай күнәлары үшін Оның қаһарлы соты төніп тұр (Қолостықтарға 3:5-6). Сендерге әдепсіздік жасау, ақымақ сөз бен тұрпайы қалжың айту емес, шүкірлік ету жарасымды. Мынаны біліп қойыңдар: неке адалдығын бұзатындар, ұятсыздар және ашкөз адамдар — жалған тәңірлерге табынушылар. Мұндайлардың ешқайсысына да Мәсіхтің және Құдайдың Патшалығында орын жоқ. Ешкім де сендерді өтірік сөздерімен алдамасын! Себебі Құдайға мойынсұнбайтындарға осы күнәлары үшін Оның қаһарлы соты төніп тұр

Ефестіктерге 5:4-6

Он өсиетке қатысты осы түсіндірмелер бізге тек сырт бейнеміз ғана емес, сонымен қатар тек Алла Тағалаға ғана аян ішкі жан-дүниемізді көруге де көмектеседі. Осы арқылы жоғарыда айтылған Заңды толық орындау жүгі одан сайын ауырлағанын көреміз. 

Тағы бір рет ойланып көріңіз, Заңды толық орындай алып жүрсіз бе? Райыңыздан қайтуға әлі де кеш емес. Егер сіз Заңның бәрін толық орындап жүрсеңіз онда сізге Інжіл Шариф керек емес. Онда Алланың нышан-белгілері мен Інжіл Шарифты түсінуге ұмтылудың сізге еш қажеті жоқ. Інжіл Шариф Заңды орындай алатындарға емес, тек Заңды орындай алмайтындарға ғана арналған. Иса Мәсіх (ғ.с.) ол туралы былай деген: 

  Кейін Иса Матайдың үйінде дастарқан басында отырды. Көптеген салық жинаушылар және өзге де күнәкарлар сонда келіп, Исамен және шәкірттерімен дастарқандас болды. Ал мұны көргенде парызшылдар

  Оның шәкірттеріне:

— Ұстаздарың неге салықшылармен және басқа күнәкарлармен бірге тамақ ішіп отыр? — деп наразылық білдірді. 

Иса мұны естіп, оларға былай деп жауап берді:

— Дәрігер дені сауға емес, ауру адамға қажет. Сендер Жаратқан Иенің: «Мен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын» деген сөзінің мағынасын ұғынып алыңдар! Мен «әділдерді» емес, күнәкарларды (теріс жолдан қайтуға) шақыру үшін келдім.

Матай 9:10-13

Мәсіхтің өлімнен қайта тірілуі – тарихтағы ең үлкен шындық?

  • by

The Мәсіхтің өлімі ақыры емес еді, өйткені ол өлгеннен қайта тірілді және оның қайта тірілуі христиандық сенімнің негізін қалады. Қайта тірілу арқылы өлімді жеңіп, шайтанды жеңген жалғыз… Read More »Мәсіхтің өлімнен қайта тірілуі – тарихтағы ең үлкен шындық?

Мәсіхтің айқыштағы өлімі және оның қайта тірілуі: олар фактілер немесе өнертабыстар ма?

  • by

Христиандар Пасха мерекесінде жыл сайын Иса Мәсіхтің айқышта өліп, қайта тірілгенін тойлайды. Құрметті оқырман, сіз Мәсіхтің адамзатты құтқару үшін не істегені туралы айтатын және миллиондаған… Read More »Мәсіхтің айқыштағы өлімі және оның қайта тірілуі: олар фактілер немесе өнертабыстар ма?

Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) – ол кім? Бізге қандай нышан-белгі қалдырды?

  • by

Юсуф сүресінде Жүсіп пайғамбардың (ғ.с.) оқиғасы туралы жазылған. Ол Жақып пайғамбардың (ғ.с.) ұлы, Ал Жақып Ысқақтың ұлы, ал Ысқақ Ыбырайым пайғамбар (ғ.с.) ұлы. Жақыптың 12… Read More »Жүсіп пайғамбар (ғ.с.) – ол кім? Бізге қандай нышан-белгі қалдырды?

Әйүп пайғамбар (ғ.с.) кім? Оның хабары неге маңызды?

  • by

Бәйинә сүресінде, кім жақсы адам болып саналады деп жазылған. Онда былай жазылған:  Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет… Read More »Әйүп пайғамбар (ғ.с.) кім? Оның хабары неге маңызды?

Құран және тарих: Иса Мәсіх (ғ.с.)

  • by

Біз бұл мәселені түсіндіру үшін Қара тастың Қағбадан жоғалып кетуін (хижраның 318 жылы) пайдалана отырып, бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастырамыз. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышта өлгенін жоққа… Read More »Құран және тарих: Иса Мәсіх (ғ.с.)

Ілияс пайғамбар – кім ол? Ол біздің жолымызды қалай бағыттай алады?

  • by

Ілияс пайғамбардың (ғ.с.) Әнам және Саффат сүрелерінде үш рет аты аталады. Оларда былай делінген:  Және Зәкерия, Яхия, Ғиса және Ілияс барлығы жақсылардан.   Әнам 6:85… Read More »Ілияс пайғамбар – кім ол? Ол біздің жолымызды қалай бағыттай алады?

Құдыретті түн, Даңқты күн және Пайғамбарлардың сөзі

  • by

Қадр сүресінде Құдыретті түнді, яғни Құран түскен түнді былай суреттейді:   Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (Мұхаммед Ғ.С.) Қадыр түнінің не екенін білесің бе? Қадыр түні… Read More »Құдыретті түн, Даңқты күн және Пайғамбарлардың сөзі

Адамның екі жағында отырған періштелер қиямет күні бізге көмектесе ме?

  • by

Хаққа сүресінде кернейдің үні шыққанда басталатын қиямет күні туралы жазылған.   Сонда бір рет Сұр үрілген сәтте, Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте, Міне сол… Read More »Адамның екі жағында отырған періштелер қиямет күні бізге көмектесе ме?