Home » Әйүп пайғамбар (ғ.с.) кім? Оның хабары неге маңызды?

Әйүп пайғамбар (ғ.с.) кім? Оның хабары неге маңызды?

  • by

Бәйинә сүресінде, кім жақсы адам болып саналады деп жазылған. Онда былай жазылған: 

Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін.   

Бәйинә 98:5

Дәл сол сияқты Аср сүресінде де Құдай алдында лайықты адам қандай болу қажеттілігі туралы жазылады.  

 Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды.

Аср 103:2-3

 Әйүп пайғамбар (ғ.с.) Бәйинә және Аср сүрелерінде келтірілгендей дәл сондай лайықты адам болған. Басқа пайғамбарларға қарағанда Әйүп  пайғамбар (ғ.с.) сондай әйгілі емес. Ол Құранда тек төрт рет атымен аталады. 

(Мұхаммед Ғ.С.) Нұх (Ғ.С.) және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік. Сондай-ақ Ыбырайым, Ысмайыл, Ысхақ, Яғқұп (Ғ.С.), ұрпақтарына және Ғиса, Әйюб, Юныс, Һарұн және Сүлеймен (Ғ.С.) ге де уахи еттік. Әрі Дәуіт (Ғ.С.) ке Зәбұрды бердік.  

Ниса 4:163

 Және оған Ысхақ, Яғқұпты беріп, барлығын тура жолға салдық. Бұрын Нұх (Ғ.С.) ты да тура жолға салып және оның ұрпақтарынан Дәуіт, Сүлеймен, Әйюб, Юсып, Мұса және Һарұн (Ғ.С.) ға да (тура жол көрсеттік). Игілік істеушілерге осындай сыйлық береміз.  

Әнам 6:84

 Әйүп (Ғ.С.) те Раббына: “Маған бір бәле келді. Сен мәрхамет етушілердің абзалысың” деп, жалбарынды Әнбия. 

21:83

 (Мұхаммед Ғ.С.) құлымыз Әйюб (Ғ.С.) ты есіңе ал. Сол уақытта Раббына: “Рас мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты” деп жалбарынды.  

Сад 38:41

Әйүп пайғамбар (ғ.с.) Ыбырайым, Дәуіт және Иса Мәсіх (ғ.с.) қатар бір тізімде тұр, өйткені ол Киелі кітап авторларының бірі. Ол кітап оның өмірі жайлы жазылған. Әйүп пайғамбар (ғ.с.) Нұх пен Ыбырайым ,пайғамбар (ғ.с.) аралығында өмір сүрген. Киелі кітап оны былай суреттейді: 

Бір кезде Ус елінде Әйүп есімді адам өмір сүрді. Ол кінәратсыз да әділ болып, Құдайды терең қастерлеп, жамандықтан аулақ жүретін. Әйүптің жеті ұлы мен үш қызы болды. Жеті мың қой-ешкісі, үш мың түйесі, бес жүз жұп өгізі, бес жүз ұрғашы есегі, сондай-ақ өте көп қызметшілері бар сол кісі шығыс өлкесіндегі ең ауқатты адам болатын. Әйүптің ұлдары кезекпен үйлерінде қонақасы даярлап, соған үш әпке-қарындасын да шақыратын. Қонақасының кезеңі біткенде, Әйүп кісі жіберіп, балалары үшін тазару рәсімін орындайтын. Сол үшін Әйүп ерте тұрып, әр баласы үшін бір малдан құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп Құдайға ұсынатын.

Әйүп 1:1-5

Әйүп Бәйинә және Аср сүрелерінде айтылған барлық қасиеттерге ие еді. Бірақ содан кейін Құдайдың алдына Шайтан келеді. Әйүп кітабында ол әңгіме былай жазылған:  

 Құдайдың нөкерлері бір күні (көкте) Жаратқан Иенің алдында тұруға келгенде әзәзіл шайтан да олармен бірге келді. Жаратқан Ие әзәзілге:

— Қайдан келдің? — деген сұрақ қойды. Ол: — Жер бетін аралап кезіп келдім, — деп жауап берді. Жаратқан Ие: — Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ, — дегенде, әзәзіл: — Әйүп Құдайын бекерге қастерлейді дейсің бе? Оның өзін, үй ішін және бар иелігін айналдыра шарбақпен қоршағандай қорғап жүрген Өзің емессің бе? Оның істегендерін Өзің жарылқап келесің. Содан оның табын-отарлары ел ішінде кеңінен таралуда. Бірақ, кәне, барлық иелігіне қолыңды тигізе көрші. Сонда ол Сені қалайша мадақтар екен, көрейік, — деп жала жапты. Жаратқан Ие: — Мейлі, оның барлық иелігін қолыңа берейін. Тек оның өзіне тиіспе! — деп шешті. Сонда әзәзіл Жаратқан Иенің алдынан шығып кетті.

Әйүптің басына зор апаттар түсіп сыналуы

Біраздан кейін Әйүптің ұл-қыздары оның тұңғыш ұлының үйінде қонақасында отырды. Сол күні бір шабарман Әйүпке жетіп келіп, мына суық хабарды жеткізді: «Қызметшілеріңіз өгіздермен жер жыртып, есектер олардың қастарында жайылып жүрді. Кенеттен сәбалық тонаушылар тап берді! Олар жас жігіттерді қырып, малдарды олжалап, айдап әкетті! Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын». Сол адам осыны әлі де айтып тұрған кезде басқа бір шабарман жетіп келіп, былай деді: «Аспаннан Құдайдың оты түсіп, қой-ешкілеріңіз бен қызметшілеріңізді өртеп жалмап қойды! Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын». Сол адам осыны әлі де айтып тұрған кезде тағы басқа бір шабарман жетіп келіп, былай деді: «Халдейлер үш топ құрып, түйе бағып жүрген қызметшілеріңізге бас салды! Оларды өлтіріп, түйелерді олжалап, айдап алып кетті! Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын». Сол адам осыны әлі де айтып тұрған кезде тағы басқа бір шабарман жетіп келіп, былай деді: «Сіздің ұл-қыздарыңыз өз ағаларының үйінде қонақасында отырған кезде шөл даланың арғы шетінен ғаламат дауыл тұрып, үйдің төрт жағынан соққылай берді. Содан үй құлап, ішіндегі балаларыңызды басып қалды. Тек мен ғана әзер сытылып шығып, ол туралы сізге жеткізе алып тұрмын». Сонда Әйүп орнынан тұрды да, қатты қайғырып шапанының өңірін жыртып, шашын қырқып алып тастады. Мұнан кейін ол Тәңір Иеге мойынсұнып етпетінен жерге жата кетті. Әйүп былай деді: «Анамның құрсағынан жалаңаш шықтым, дүниеден жалаңаш қайтамын да. Жаратқан Ие сыйлап берді де, Жаратқан Ие қайтарып алды да. Жаратқан Иенің есімі мадақтала берсін!» Осы жағдайдың бәрінде Әйүп күнә жасаған да жоқ, еркінсіп Құдайды айыптаған да жоқ.

Әйүп 1:6-22

Шайтан онымен тоқтамады, Әйүпті Құдайға тіл тіигізуге итермелеп, артынан екінші сынақтарын жіберді: 

  Құдайдың нөкерлері тағы бір күні Жаратқан Иенің алдында тұруға келгенде әзәзіл шайтан да олармен бірге Оның алдында тұруға келді. Жаратқан Ие әзәзілге: — Қайдан келдің? — деген сұрақ қойды. Ол:

— Жер бетін аралап кезіп келдім, — деп жауап берді. Жаратқан Ие: — Менің қызметшім Әйүпке көңіл бөлдің бе? Жер бетінде ол сияқты кінәратсыз да әділ, Құдайын терең қастерлейтін, жамандықтан аулақ жүретін ешбір жан жоқ. Оны еш себепсіз құрту үшін Мені қанша түрткілесең де, ол өзінің кінәратсыздығын сақтап келеді, — дегенде, әзәзіл: — «Теріні терімен айырбастар» деген. Адам өз басын аман сақтау үшін қолындағының бәрін де сарп етер! — деп қарсылық білдірді. — Оның еті мен сүйегіне қолыңды созып, тигізе көрші. Сонда ол Сені қалай мадақтар екен, көрейік, — деп жала да жапты. Жаратқан Ие: — Мейлі, ол енді сенің қолыңда. Тек оның өмірін сақта! — деп шешті. Сонда әзәзіл Жаратқан Иенің алдынан шығып кетті.

Қатты ауырып қиналған Әйүптің нық сенімі

Біраздан кейін әзәзіл шайтан Әйүптің денесін басынан аяғына дейін түгелдей жаралы шиқандармен қаптатты. Қатты қайғырып күл үйіндісінің үстінде отырған Әйүп қолына қыш құмыраның бір сынығын алып, сонымен терісін қасыды. Әйелі оған: — Әлі де кінәратсыздығыңды ұстанып отырсың ба? Одан да Құдайды балағаттап, (азабыңнан құтылып) өле қал, — деп ақыл айтты. Бірақ Әйүп: — Ақымақ та арсыз әйелдей сөйлеп тұрсың. Құдай жақсылық жіберсе, соны қабылдау, ал ауыртпалық жіберсе, содан бас тарту дұрыс па өзі? — деп жауап қатты. Осы жағдайдың бәрінде Әйүп айтқан сөздерімен күнә жасаған жоқ.

Әйүп 2:1-10

Міне сондықтан Әнбйинә сүресінде Әйүптің өз бақытсыздығы үшін жылғанын суреттесе, ал Сад сүресі тек жамандық істеуші шайтан оған шабуылдағанын түсіндіреді. Әйүптің үш досы оны жұбатуға келеді. 

 Әйүптің темандық Елипаз, шуахтық Билдад, нағамалық Сопар есімді үш досы бар болатын. Олар Әйүптің басына түскен ауыртпалықтар туралы естіген соң, оның көңілін сұрап, жұбатпақ болып өзара келісті. Содан үшеуі тұрып жатқан мекендерінен сапарлап келіп, оның қасына жиналды. Алайда үш досы Әйүпті алыстан көріп, алғашқыда танымай қалды. Сонда олар дауыстап жылап, шапандарының өңірін жыртты. Аспанға қарай күл-тозаң шашып, оны бастарына да септі. Үш досы Әйүппен бірге жеті күн, жеті түн жерде отырды. Оның соншалықты қатты қиналып жатқанын көргендіктен, олар оған ештеңе айтпай үндемеді.

Әйүп 2:11-13

Әйүп кітабында пайғамбардың неліктен сонша азап пен ауыртпалықтар басына бірден түсті, деген достарының пікірлері келтірілген. Сол талқылаулар бірнеше таруларға созылған. Соңында достары адам басына сонша қиындықтар Құдай алдында күні жасағандардың басына түседі деген қорытындыға келіп, Әйүп елден жасырып бір күнә істеген шығар деп ойлады. Егер ол тәубе етіп, күнәсін мойындаса, онда кешірімге ие болатын шығар деді. Бірақ Әйүп, өзінің еш күнә жасамағанын және Құдай алдында дұрыспын деп тұрып алды. Ол басына түскен қиындықтардың неге болып жатқанын түсіндіре алмады. Біз Әйүптің достарымен жасаған барлық әңгімесін келтіре алмаймыз, бірақ сол әңгіменің ортасында Әйүп былай деді: 

 Ал мен Құтқарушымның тірі екенін білемін! Ақырында Ол осы (өткінші) жерде (мені ақтап) тұратын болады! Денемнің күллі терісі шіріп, құрып кетсе де, соңында мен денемде Құдайды көретін боламын! Оны мен өзім көремін! Оны көретін басқаның емес, менің өз көздерім болады. Сол үшін де жүрегім кеудемде қатты толқып тұр!.
         

Әйүп 19:25-27

Өзінің басына сонша бақытсыздықтың не үшін келгенін түсінбеген Әйүп, жер бетіне күнә үшін қажетті құн төлей алатын – Құтқарушы келетінін білді. Әйүп құтқарушыны, «менің Құтқарушым» – деп атады, яғни Құтқарушы өзі үшін келетінін білді. Әйүптің терісі түсіп қалғанда (яғни өлгенде), ол «денесінде» Құдайды көреді.  

Әйүп қиямет күнін асыға күтуде, өйткені оның Құтқарушысы тірі және ол Құдайды өз көзімен көретініне нық сенімді. 

Мәариж сүресінде де қиямет күніндегі Құтқарушы туралы сөз болады. Бірақ онда дәл сол күні Құтқарушыны ашуланып, жанталаса іздеген іздеп жүрген ақымақ адам келтірілген. 

Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді; Әйелін де туысын да; Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де. Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді.

Мәариж 70:11-14

  Мәариж сүресіндегі адам, қиямет күнінде өз азаптарын мойнына ала алатын құтқарушысын іздегені көрсетілген. Жұбайы, балалары, туыстары яғни жер бетіндегі бірде-бір адам біреудің азабын бөлісе алмайды, өйткені ол өз күнәсі үшін жауап беруі керек. 

Әйіп мінсіз адам болды, соның өзінде қиямет күні Құтқарушы керек екенін түсінді. Сондай қиын жағдайға душар болып отырса да, ол Құтқарушыны иеленетінін білді. Таурат күнәнің құны өлім деп біржақты растайды, яғни құтқарушы күнә үшін өз жанын құрбан етуі керек. Өзінің Құтқарушысы ең соңында жер бетінде тұратыны Әйүпке белгілі болды. Сонда Әйүптің Құтқарушысы кім? Өліп, өлімнен қайта тіріліп, жер бетінде нық басып жүрген бір ғана адам бар, ол Иса Мәсіх (ғ.с.). Біздің күнәларымыздың құнын төлеу тек соның ғана қолынан келеді. 

Егер сондай әділ өмір сүрген Әйүп Құтқарушыға мәжбүр болса, онда қиямет күні әр қайсымызды құтқара алатын адамға біз қаншалықты мұқтажбыз? Егер Бәйинә және Аср сүрелерінде келтірілген нәрселерге лайықты адамға құтқарушы керек болса, онда біздің жағдайымыз не болмақ? Қиямет басталғанда құтқарушы іздеп жүгірген Мәариж сүресіндегі ақымақ адамға ұқсап, жағдаймызды қиындатпайық. Әйүп пайғамбар (ғ.с.) алдын ала болжаған, Иса Мәсіх (ғ.с.) әр қайсымызды қалай құтқара алатыны туралы көбірек білуге тырысайық. 

Кітаптың соңында оны одан ары қалай жарылқағаны туралы, Әйүптің Құдаймен сөйлескені келтіріледі. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *