Home » Құран және тарих: Иса Мәсіх (ғ.с.)

Құран және тарих: Иса Мәсіх (ғ.с.)

  • by

Біз бұл мәселені түсіндіру үшін Қара тастың Қағбадан жоғалып кетуін (хижраның 318 жылы) пайдалана отырып, бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастырамыз. Иса Мәсіхтің (ғ.с.) айқышта өлгенін жоққа шығаратындар, әдетте Ниса сүресінің 157 аятына сілтеме жасап айтады. 

  Тағы да; Алланың елшісі, Мәриям ұлы Ғиса Мәсихты өлтірдік!,- дегендіктері негізінде олар оны өлтірмеді де, аспады. Бірақ оларға ұқсатылды (Олар Ғисаға ұқсатылған біреуді өлтірді.) Расында, ол жайында қайшылықтағылар, әрине одан күдіктенуде. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Бірақ күмәннің ғана соңында. Олар оны анық өлтірмеді.

Ниса 4:157

Иса Мәсіх (ғ.с.) өлтірілді ме?

Назар аударыңыз бұл жерде Иса Мәсіх (ғ.с.) өлмеді деген сөз жоқ. Ол жерде оны яһудилер өлтірмеді дейді, ол мүлде басқа нәрсе. Інжілде Мәсіхті яһудилердің тұтқындағаны және бас діни қызметкер Қаяфаның одан жауап алғаны жазылған. 

   Таң сәріде яһуди дінбасылары Исаны Қаяфаның сарайынан римдік әміршінің сарайына алып барды .

Жохан 18:28

  Пилат рим әміршісі болды. Яһудилер рим патшалығы қол астында болғандықтан өлім жазасын кесуге құқылары болмады. Пилат артынан Иса Мәсіхті (ғ.с.) сарбаздарының қолына тапсырды. 

 Сонда Пилат олардың дегеніне көніп, Исаны айқышқа шегелеп өлтіруге бұйырды.

Жохан 19:16

Сондықтан оны яһудилер емес, рим өкіметі мен рим әскері айқышқа шегелеп өлтірді. Исаның (ғ.с.) шәкірттері яһуди басшыларын рим өкіметіне ұстап бергені үшін айптады.

  Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайы, яғни біздің ата-бабаларымыздың сиынған Құдайы, Өзінің Қызметшісі Исаны ұлылыққа бөледі. Соны Пилат босатып жібермекші болған еді. Бірақ сендер опасыздық жасап, Пилаттың алдында Одан танып бас тарттыңдар .

Елшілердің істері 3:13


    Яһудилер оны римдіктерге берді, ол олар оны айқышқа шегеледі. Ол айқышта өлгеннен кейін, оның денесі қабірге қойылды.  

  Исаны айқышқа шегелеп өлтірген жердің маңында бір бақ болатын. Бақтың ішінде әлі ешкім қойылмаған бос қабір бар еді. Яһуди мейрамының қарсаңы болғандықтан және қабір жақын тұрған соң, олар Исаның сүйегін соның ішіне апарып қойды .
 

Жохан 19:41-42

Ниса сүресіндегі 157 аятта Иса Мәсіхті (ғ.с.) яһудилердің өздері айқышқа шегелемегені жазылған. Оны римдіктер айқышқа шегелеп өлтірген.  

Мәриям сүресі және пайғамбардың өлімі

Мәриям сүресі Иса Мәсіх (ғ.с.) өлген-өлмегенін түсіндіреді:

“Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады.” Міне осы: Олар шүбәланған Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С) жайындағы Алланың хақ сөзі.

Мәриям 19:33-34

Бұл аяттар Иса Мәсіх (ғ.с.) өзінің өліп, қайта тірілетінін алдын-ала Інжілде айтқанымен бердей екенін көрсетеді.   

Иса Мәсіхтің (ғ.с.) орнына Яһуда өлтірілді деген сөз жайлы

Яһуда Иса Мәсіх (ғ.с.) келбетіне айналып өзгерді деген кең тараған әңгіме бар. Ол әңгімеде Исаның келбетіндегі Яһуданы яһудилер тұтқындады, римдіктерге тапсырды және айқышқа шегеледі мыс. Осы әңгіменің жалғасында Иса Мәсіх (ғ.с.) өлімге душар болмай, бірден көкке көтеріліп кетті.  Не Құранда не Інжілде осындай тұжырым болмаса да, осы жалған мәлімет кең тарап кеткен. Олай болса осы кең тараған дүниені қарастырайық. 

Тарихи жазбалардағы Иса Мәсіх (ғ.с.)

Қазіргі тарих беттерінде Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өлімі туралы бірнеше сілтемелер келтірілген. Рим тарихшысы Тацит, б.з. 65 жылдары рим императоры Нейрон мәсіхшілерді қудалағаны туралы жазғанда, Иса Мәсіх (ғ.с.) туралы да тарихи деректер келтірген. Тацид былай жазады:   

«Нейрон, өздерін мәсіхшіміз деп атайтын адамдарды азаптаудың ең сұмдық жолдарын тауып азаптады. Осы қозғалыстың негізін қалушы Иса есімді адам, Тиберия өлкесінде билік құрған Понти Пилат әміршінің тұсында айқышқа шегеленіп өлтірілді; бірақ біраз қуғын көрген зиянды діншілдер, бұзақылық пайда болған Яһудея аймағы ғана емес, Рим қаласы бойынша да қайта өрбіді».

  Тацид. Tacitus. Жылнама XV. 44

Тацид Иса Мәсіхтің өмір сүргенін растайды: 

  • 1) Тарихи тұлға;
  • 2) Понти Пилат өлтірген;
  • 3) Оның ізбасарлары Иса Мәсіх (ғ.с.) өлгеннен кейін мәсіхшілік қозғалысты яһуди жерінде бастады. 
  • 4) б.з. 65 жылдары сол қозғалыс рим жеріне тарай бастады, сондықтан Нейрон император соны тоқтатуға тырысты. 

Иосиф Флавия бірінші ғасырдағы еврей тарихы туралы жазған тарихшы әрі әскер қолбасшысы. Ол өз жазбасында Иса Мәсіхтің (ғ.с.) өмірін былай қамтыды: 

«Осы кезде бір жақсы адам өмір сүрді, оның аты Иса және ол өте ізгі болды. Оның яһудилер және басқа ұлттардан шыққан көптеген шәкірттері болды. Пилат оны айқышқа шегелеп өлтіруге бұйрық шығарды. Оның шәкірттері үш күннен кейін Иса өлімнен қайта тірілді және ол тірі деген куәліктер айтып жүрді». 

 Иосиф. Б.з.90 ж. Ежелгі заттар xviii. 33

Иосиф та оны растап отыр: 

  • 1) Иса Мәсіх (ғ.с.) өмір сүрді,   
  • 2) Ол діни ұстаз болған,    
  • 3) Рим әміршісі Понти Пилат оны өлтірді, 
  • 4) Оның шәкірттері өлімнен қайта тірілгенін бірден жариялады. 

Осы тарихи жазбаларға қарап, пайғамбардың қайтыс болғаны және оның өлімнен қайта тірілгенін шәкірттері рим өлкесіне таратқанын анық көруге болады.  

Киелі кітаптан алынған тарихи деректер

Иса Мәсіх (ғ.с.) шәкірттері Иерусалим ғибадатханасында оның өлімнен қайта тірілгенін ашық жариялағанда қандай оқиға орын алғаны туралы Елшілердің істері кітабында былай баяндалған: 

   Петір мен Жохан жиналған жұртқа әлі де сөйлеп тұрған кезде оларға діни қызметкерлер, ғибадатхана сақшыларының басшысы және өзге саддукейлер де келді. Олар екеуінің халыққа тәлім беріп, «Иса өлімнен қайта тірілді» деп жариялап жүргендеріне наразы болды. Содан олар Петір мен Жоханды тұтқындап, келесі күнгі таңертеңге дейін түрмеде ұстады. Себебі мезгіл кеш болып қалған еді. Петірдің уағызын тыңдағандардың көбі сенімді қабылдап, қауымдағы ер адамдардың саны бес мың шамасында болды. Келесі күні таңертең яһудилердің басшылары, рубасылары және дін мұғалімдері Иерусалимде жиналды. Бас діни қызметкер Ханна әрі Қаяфа, Жохан, Ескендір және басты діни қызметкер әулетінің тағы басқа кісілері де түгел сол жерде болды. Олар екі елшіні ортаға шығарып: — Сендер мұны қандай күшпен, кімнің атынан істедіңдер? — деген сұрақ қойды. Киелі Рухқа ерекше кенелген Петір оларға былай жауап берді: – Халықты басқарушылар мен рубасылары! Біз бүгін: «Ол кім арқылы сауықты?» деп, ауруға жасаған жақсылығымыз үшін тергелмек болып жатырмыз. Ендеше бәріңіз де біліп алыңыздар, бүкіл Исраил халқына да мәлім болсын: сіздер айқышқа шегелетіп өлтірткен, ал Құдай өлімнен қайта тірілткен назареттік Иса Мәсіхтің атынан мына кісі сауығып, қарсы алдарыңызда тұр. Иса — құрылысшылар, яғни сіздер, менсінбей бас тартқан Тас. Ол «енді үйдің басты іргетасына айналды!» Исадан басқа ешкім де бізді (Құдайдың қаһарынан) құтқара алмайды! Аспан астында бізді құтқаратын басқа ешкімнің есімі адамдарға бұйырылмаған! Кеңес мүшелері Петір мен Жоханның батылдығын көріп, олардың арнайы діни даярлықтан өтпеген қарапайым адамдар екенін байқағанда таңғалды. Сондай-ақ, олар екеуінің Исаның шәкірті болғанын білді. Алайда қастарында тұрған сауыққан кісіні көріп, қарсы ештеңе айта алмады. Оларға: «Жоғарғы кеңестен шығыңдар!» — деп бұйырды да, өзара ақылдасып: «Мына кісілерге не істесек екен? Олар арқылы бір кереметтің жасалғаны анық, бұл Иерусалимде тұрып жатқандардың бәріне белгілі, онымен таласа алмаймыз. Дегенмен бұл іс халыққа одан бетер тарап кетпес үшін, бұдан былай сол Есімді атап ешкімге сөйлемеңдер, олай етпеген күнде жазаға тартамыз деп қатаң тыйым салайық», — десті.

Елшілердің істері 4:1-17

  Сол кезде бас діни қызметкер мен оның жақтастарының бәрі, яғни саддукейлер тобының мүшелері, елшілерді қызғаныштан көре алмай, іштері күйді. Оларды тұтқындатып, мемлекеттік түрмеге қаматты. Ал Жаратқан Иенің бір періштесі түнде түрменің қақпаларын ашып, оларды шығарды да: «Ғибадатханаға барып, халыққа осы Жаңа өмір жайлы Ізгі хабарды түгел жариялаңдар!» — деді. Елшілер оның айтқанына құлақ асып, таң ата ғибадатханаға барып, халыққа тәлім берді. Осы екі арада жақтастарын ертіп келген бас діни қызметкер Жоғарғы кеңесті, яғни Исраилдің басшыларының бүкіл мәжілісін, жинап алды. Содан олар елшілерді алып келуге түрмеге адамдарын жіберді. Қызметшілер оларды түрмеден таппай, қайта оралды. «Біз түрменің мұқият бекітілгенін, күзетшілердің қақпалардың алдында тұрғанын анықтадық. Бірақ ашқанда ішінен ешкімді таппадық», — деп баяндады. Ғибадатхана сақшыларының бастығы және басты діни қызметкерлер мұны естігенде оның немен аяқталарын білмей, аң-таң болды. Ал біреу келіп: «Сіздер түрмеге жапқан кісілер ғибадатханада халыққа тәлім беріп тұр!» — деп мәлімдеді. Сақшылардың бастығы қасындағы адамдарымен сол жерге барып, елшілерді алып келді. Бірақ зорлық болған жоқ, себебі олар тас лақтырып өлтірер деп халықтан қорықты. Келіп, Жоғарғы кеңестің алдында тұрған елшілерді бас діни қызметкер тергеуге алды. — Біз сендерге сол Адамның атынан тәлім беруге қатаң тыйым салған жоқпыз ба? Алайда сендер ілімдеріңді бүкіл Иерусалимге таратыпсыңдар. Осылайша сол Адамның қанын біздің мойнымызға артпақсыңдар, — деді ол. Петір мен өзге елшілер былай деп жауап берді: — Адамдарды емес, Құдайды көбірек тыңдау керек қой! Ата-бабаларымыздың сиынатын Құдайы сіздер ағашқа іліп өлтірген Исаны қайта тірілтіп алды. Құдай Оны көкке көтеріп, Көсем және Құтқарушы ретінде Өзінің оң жағындағы ең құрметті орынға көтеріп жайғастырды. Осылай Ол Исраилдің бетін теріс жолдан қайтарып, күнәларын кешірмек. Біз де, Киелі Рух та бұл оқиғаларға куәміз. Құдай осы Киелі Рухын Өзіне бой ұсынғандарға сыйға береді. Жоғарғы кеңес осыны естігенде жарылып кетердей ашуланып, елшілерді өлтірмекші болды. Алайда араларындағы Гамалиел есімді бір парызшыл адам орнынан тұрды. Ол бүкіл халық сыйлаған заң мұғалімі болатын. Гамалиел елшілерді біраз уақытқа ғимараттан шығаруға бұйырып, сөз сөйлей бастады: — Қадірлі исраилдіктер, елдестерім! Мына кісілерге не істегілерің келетінін жақсылап ойланыңыздаршы! Өздеріңіз білетіндей, біраз жыл бұрын Теуда ел алдына шығып, өзін ұлы көсеммін деп жариялап, оған төрт жүзге жуық адам қосылды. Бірақ ол өлтіріліп, оған ергендер шашырап, жоқ болып кетті. Одан кейін халық санағы кезінде ғалилеялық Яһуда ел алдына шығып, соңынан көп халық ертіп, көтеріліске шығарды. Оның да көзі құртылып, оған ергендер қуылып, тарап кетті. Ал енді сіздерге айтатыным мынау: бұл кісілерге тимеңіздер, босатып жіберіңіздер. Себебі егер бұл әрекет адам бастаған іс болса, ол өзінен-өзі құриды, бірақ Құдайдан болса, оны құрта алмайсыздар, тіпті Құдайға қарсы күресетін боласыздар. Гамалиелдің сөзі қошталды. Содан олар елшілерді шақыртып, қамшылап соқтырды. Оларға бұдан былай Исаның атынан уағыз айтуға қатты тыйым салып, босатып жіберді. Жоғарғы кеңестен шыққан елшілер Иеміз Исаның аты үшін қорлық көруге лайық деп саналғандарына қуанды .

Елшілердің істері 5:17-41

Яһуди басшыларының Ізгі хабарды тоқтатуға қанша күш салып жатқанына назар аударыңыз. Бүгінгі таңдағы жаңа қозғалыстардан қорқатын өкімет адамдарына ұқсап, олар да ізгі хабарды тоқтатуға тырысып, шәкірттерді қорқытып, тұтқындап ұрып, соғып тіпті кейбірін өлтірді. Шәкірттер бірнеше апта бұрын ғана Исаға ұқсас болған адам өлтіріліп жерленген Иерусалим қаласында өздерінің ізгі хабарларын ешкімнен қорықпай жариялап жүрді. Сонда өлім жазасына шынымен кім кесілді? Пайғамбар ма? Немесе оған ұқсас кейіпке енген Яһуда ма? 

Баламаларды салыстырып қайсысы шындыққа жақын екенін көрейік. 

Иса Мәсіх (ғ.с.) қабірі және жерленген дене

Қабірге байланысты тек екі тұжырым бар. Қабір бос немесе онда Исаға ұқсас адамның сүйегі жатыр. Басқадай болу мүмкін емес.      

Иса Мәсіх (ғ.с.) ұқсас адам айқышқа шегеленіп, артынан өлген денесі қабірге қойылды дегенді қарастырайық. Енді өзіміз білетін тарихта болған оқиғалар жайлы ойланып көрейік. Иосиф, Тацид және Елшілердің істеріндегі жазба бойынша шәкірттер Иерусалимде және Рим патшалығы жерінде ізгі хабар таратты және басшылар осы ағымды тоқтату үшін бар күштерін салып қарсылық жасады, осы оқиғаның бәрі Исаға ұқсас болған Яһуда (біз осы тұжырымды алғандықтан) айқышқа шегеленгеннен кейін орын алды. Бірақ бұл тұжырым Яһуда өлген күйінде қалды дейді. Осы тұжырымға сәйкес өлген дене қабірде қалды. Сонда шәкірттер, өкімет басшылары, Тацид, Иосиф Флави – бәрі осы дене пайғамбардың денесі деп қате ойлап қалды, ал шынында ол Исаға ұқсаған Яһуданың өлі денесі болған.

Онда мынадай сұрақ шығады.  Онда неге рим және яһуди басшылары, өлімнен қайта тірілу туралы хабарды тоқтату үшін сонша күш салып әуре болды, олар қабірде жатқан денені көрсетсе болды жетіп жатыр емес ме? Егер Исаға ұқсаған Яһуданың денесі әлі де қабірде болса, онда өкімет басшылары сол денені бәріне көрсетіп, оларды түрмеге жауып қинамай, шәкірттер өтірік куәлік келтіріп жүр деп айтса жетер еді. Бірақ олардың солай істей алмаған себебі онда ешкімнің де денесі болмады – қабір бос жатты. 

Мысал ретінде Қара тас, Қағба және Мекке мен Мединадағы мешіттер 

Б.з 930 жылы (Хижра жал санауы бойынша 318ж.) сол кездегі Абасуд билеушілеріне қарсы шыққан шейіттер тобы Мекке қалсаында орналасқан Қағбадағы Қара тасты ұрлап кетеді. Сол тасты Қағбаға қайтарғанға дейін 23 жыл уақыт өтті. Яғни Қара тас жоғалып кетуі мүмкін. 

Мынадай жағдайды көз алдыңызға елестетіп көріңізші, Меккедегі ең үлкен мешітке көп адам жиналғанда, бір топ адам халық алдына шығып, ресми түрде: «Қағбаның шығыс бөлігінде тұратын Қара тас енді жоқ» – деп жариялайды. Олардың мәлімдемесінің сенімділігі сондай мешітке қажылыққа келген кейбір адамдар Қара тастың жоғалып кеткеніне сене бастайды. Сол екі киелі мешіттің сақтаушылары осындай хабарға қалай қарсы тұра алар еді? Егер хабар жалған болып, Қара тас әлі Қағаба да болса, онда сақтаушылар еш уайымдамас еді, Қара тастың орнында екенін көпшілікке көрсетіп жұртты тыныштандырар еді. Сонда ол мәселе бірден жойылып бәрі дұрыс болады. Қағбаның мешітке жақын болғаны осыған толық мүмкіндік береді. Ал егер сақтаушылар Қара тастың орнында екенін көрсете алмаса, онда ол шынымен де жоғалғанның дәлелі болады. 

Егер сол топ Қара тастың жоғалғанын Қағбадан 450 шақырым жердегі Медина қаласындағы мешітте жарияласа, онда қасиетті сақтаушылар үшін қиынырақ болады. Мешіттегілер оны жоққа шығарса, сондай алыстағы Қағбаның ішін дәлел ретінде көрсете алмайды. 

Киелі нысанның жақында болуы, даулы нәрсені не растауға, не жоққа шығаруға оңай, өйткені жақын жердегі затты рас немесе өтірігін тексеруге болады.  

Қайта тірілуге байланысты қарсы шыққан яһуди басшылары, оны денеге байланысты жоққа шығара алмады

Осы қағиданы Иса/Яһуда денеге ыңғайлы болады. Исаның (ғ.с.) қорғаныстары батылдықпен ол тіріліп кетті деп жариялаған ғибадатхана, Яһуда жерленген қабірден бірнеше метр өте жаақын жерде болды. Яһуди басшылары қабырге барып Яһуданың денесін көрсетіп, олардың айтып жүргені өтірік деуіне толық мүмкіндік болды. Қайта тірілу туралы хабардың (мәні әлі қабірде екені жоққа шығарылған) қабірдің жанынан шыққан шындық, олындағы дәлелдерді барлығы көре алады. Яһуди басшылығы осы нәрсені істеген алмаған қабірде дене шынымен де мүмкін емес

Иерусалимдегі мыңдаған адамдар Исаның қайта тірілгеніне сенді

Сол кезде Иса Мәсіхтің (ғ.с.) денеде өлімнен қайта тірілгеніне Иерусалимдегі мыңдаған адамдар сенді. Егер сіз Петір уағыз айтып тұрғанда сол жердегі көптің бірі болып тыңдап тұрсаңыз және оның тірілгені рас па, жоқ па деген күмәніңіз болса, түскі үзіліс кезінде болсын, уақыт тауып қабірге барып, дене бар ма жоқ па тексеруіңізге мүмкіндігіңіз бар. Егер Мәсіхке ұқсаған Яһуданың денесі әлі де қабірде жатса, шәкірттердің ол қайта тірілді дегеніне ешкім де сенбес еді. Бірақ Иерусалимде ғана Исаның (ғ.с.) соңынан мыңдаған ерушілер болғанына тарих куәлік етеді. Исаға (ғ.с.) ұқсас Яһуданың денесі әлі де Иерусалимде болса, ондай оқиға мүлде болмас еді. Яһуданың денесі қабірде қалуы мүлде қиыспайтын дүние. Оның еш мағынасы да жоқ. 

Яһуда болды деген жорамалға бос қабір қарсы дәлел

Егер Иса Мәсіх (ғ.с.) бейнесіне ұқсаған Яһуда айқышқа шегеленіп, артынан жерленсе, онда оның өмірі сол қабірде қалар еді. Бірақ, бос жатқан қабір шәкірттердің бірнеше апта ішінде, елуінші күні пайғамбардың өлімнен қайта тірілуі негіз болған қозғалысы, сол жазаланған қалада басталып отыр.    

Бұл оқиғаның тек екі шешімі бар, біріншісі Яһуданың өлі денесі қабірде жатуы, немесе Иса Мәсіх (ғ.с.) шын мәнінде өлімнен қайта тірілді. Егер қабірде өлі дене жатқаны қиыспайтын дүние болса, онда қабірдің бос болуы, сол арқылы бәрімізге мәңгілік өмір сыйлау үшін Иса Мәсіх (ғ.с.) римдіктердің қолынан қаза тапты жерленді және қабірді бос ақалдырып өлімнен қайта тірілді. 

    Осы мәселені зерттеуді жалғастыра отырып, зерттеуші Камминг сүннит әдебиетін дінбасылар мен ғалымдардың түсіндірулеріне талдау жасайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *