Skip to content
Home » Киелі кітаптың дұрыстығын тексеруге арналған мәтіндік сын әдісі

Киелі кітаптың дұрыстығын тексеруге арналған мәтіндік сын әдісі

  • by

          «Мен үшін Киелі кітапқа назар аударудың қандай мағынасы бар? Олар өте ерте заманда жазылды, қанша түзетулер мен аудармаларға тап болды; алғашқы түпнұсқаның көлеңкесі де қалмады деген пікірлер бар». Киелі кітапты құрайтын Таурат, Забур және Інжіл Шариф туралы осы сияқты сөздерді мен көп естідім. 

Бізге белгілі болған Киелі кітаптың дұрыстығы туралы сұрақ өте маңызды. Ол шынында да осыдан 2000 жыл бұрын жазылған. Осы мыңжылдықтардың көп бөлігінде баспа станогы, көшірме аппараты және баспаханалар болмады. Сондықтан түпнұсқа ұрпақтан ұрпаққа қолмен көшіру арқылы жазылып отырды; уақыт ағымында бір тілдер жойылып, басқа тілдер пайда болса, патшалықтар да өзгеріп, билікке басқа күштер келіп жатты. Түпнұсқалар біздің заманымызға жетпегендіктен, қазіргі Киелі кітап ең алғашқы автордың қаламынан шыққан қалпын сақтады деп біз қалай айта аламыз? Киелі кітаптың қазіргі заманауи мәтіндері қандай да бір өзгеріске түспегенін дәлелдейтін, діни көзқарастан басқа, ғылыми және рационалды куәліктер бар ма? 

Мәтіндік сынның негізгі қағидалары

Киелі кітаптың сенімділігі туралы сұраққа «мәтіндік сын» – деп аталатын ғылыми тәртіп көмектесе алады. Ол әдісті кез-келген көне шығармаға немесе құжатқа қолдануға болады. Киелі кітаптық мәтіндерге байланысты мәтіндік сынның екі негізгі қағидасын қарастырайық. 

Көне құжаттарды сақтау үрдісі

Мысал ретінде б.з.д 500 жыл бұрынғы шығарма алынды. Түпнұсқа ұзақ жылдар бойы сақталып тұруы мүмкін емес, сондықтан ол бүліну, жоғалу немесе жойылғанға дейін, қолмен көшірілді (1-ші көшірме жасалды).  Еңбектерді қолмен көшіріп жазу үшін арнайы адамдар (жазушылар) оқытылып дайындалды. Уақыт өте келе сол көшірмеден тағы да қолмен жазбаша жазу арқылы көшірме жасалды (2-ші және 3-ші көшірме). Оның қандай да бір көшірмесі сақталып, бүгінгі күнге жетті (3-ші көшірме). Біз ұсынған суреттегі құжат б.з.д. 500 жыл бұрын пайда болған. Бұл дегеніміз құжаттың бізге жеткен көшірмесі б.з. 500 жылдары болды дегенді көрсетеді. Яғни б.з.д. 500 жыл мен б.з. 500 жылдар арасында (диаграммада х әрпімен белгіленген) – көшірменің дұрыс болғанын біле алмаймыз, өйткені сол аралықта басқа бірде-бір көшірме сақталмаған. Мысалы 1-ші көшірмеден, 2-шіге көшіргенде, қате кетті ме, жоқ па білмейміз, өйткені оларды салыстыратын басқа құжат жоқ. Сондықтан құжаттың пайда болған дәуірі мен қазіргі кездегі көшірме арасы (х диаграмма)– көшіру барысында кеткен қате болса, мәтін жағынан анықталмаған деп аталады. Мәтін сынның бірінші қағидасы бойынша, сол кезең неғұрлым қысқа болса, бізге жеткен құжат дұрыстығы соғұрлым жоғары болмақ, өйткені арасындағы көшіру уақыты өте қысқа. 

Әрине, әдетте көне құжат бір дана болып қана қазіргі заманға жетеді. Енді біз қолымызда бізге жеткен екі көне құжат бар делік. Сол екі құжатта төменде берілген суреттегідей бір жерінде екі түрлі сөздер жазылса: 

 Түпнұсқаны жазған автор қол немесе жол деп жазды ма, көшірген кезде қате кеткен. Негізгі сұрақ осында жатыр – осы екі қолжазбаның қайсысында қате кеткен? Қолда бар екі ғана құжат арқылы шындықты анықтау өте қиын. 

Енді сол құжаттың тағы да екі көшірмесі болсын дейік. Төменде берілген суретті қараңыз: 

Енді қай көшірмеде қате кеткенін табу оңай. Бір қатенің үш рет қайталануы мүмкін емес, сондықтан №2-ші көшірмеде бір ғана қате болғаны анық, автор бұл жерде жол емес қол жайлы жазған. 

Осы қарапайым мысал, мәтіндік сын қағидасының екінші үрдісі –қолжазбалар саны көп болған сайын, көшіру барысында жіберген қатені табу оңай, ол түпнұсқа мазмұнын дәл анықтауға көмектеседі.  

Тарихи кітаптардың мәтіндік сыны

Жоғарыда көне құжаттардың мәтіндік дұрыстығын анықтау үшін екі қағида қарастырдық: 1) түпнұсқа жазылған уақыттан бастап, сақталған көне қолжазба көшірме арасындағы уақыт өлшемі және 2) түпнұсқаның сақталған қолжазба көшірмелер саны. Осы қағиданы тек Киелі кітапқа ғана емес, осы сияқты кез келген көне құжаттарға пайдалануға болады – төменде берілген кестені қараңыз: (1):

АвторЖазылу мерзіміКөне көшірмеУақыт аралығы (жыл)Көшірме саны
Цезарьб.з.д. 50 ж.б.з. 900 ж.95010
Платонб.з.д. 350 ж.б.з. 900 ж.12507
Аристотель*б.з.д. 300 ж.б.з. 1100 ж.14005
Фукидидб.з.д. 400 ж.б.з. 900 ж.13008
Геродотб.з.д. 400 ж.б.з. 900 ж.13008
Софоклб.з.д. 400 ж.б.з. 1000 ж.1400100
Тацитб.з. 100 ж.б.з. 1100 ж.100020
Плинийб.з. 100 ж.б.з. 850 ж.7507

* кез келген еңбек үшін

Бұлар ежелгі дәуірдің ұлы жазушылары – олардың еңбектерін Батыс өркениеті анықтады. Олар түпнұсқа жазылғаннан кейін 1000 жылдар бойы біздің заманымызға дейін орта есеппен, 10-100 дана қолжазба көшіріме түрінде жетті. 

Киелі кітапқа арналған мәтіндік сын

Келесі кестеде жоғарыда көрсетілген тәсілмен, Киелі кітаптық қолжазбалар (Інжіл Шариф немесе Жаңа келісім) салыстырылады. (2).   

АтауыЖазылған мерзіміКөне көшірмесіУақыт аралығы (жыл)
Джон Райландтың қолжазбасыб.з. 90 ж.б.з.130 ж.40
Бодмердің папирусыб.з. 90 ж.б.з.150-200 ж.110
Честер Биттидің папирустары б.з. 60 ж.б.з. *80 ж.20
Ватикан кодексіб.з. 60-90 ж.б.з. 325 ж.265
Синай кодексіб.з. 60-90 ж.б.з. 350 ж.290

* Дәстүр бойынша 200 ж. бірақ соңғы зерттеулер б.з. 80 жылдары болған. 

Киелі кітапты мәтіндік сын арқылы қорытындылау

Жаңа келісімнің көшірме санының көптігі сондай, оны осы кестеге сиғызу мүмкін емес. Ос тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген бір ғалым (3) былай дейді: 

«Бүгінгі таңда Жаңа келісімнің үзінділері жазылған 24000 мыңнан астам көшірмелері бар. Көне құжаттардың еш қайсысы да бұндай сан мен танымалдыққа мүлде жақындай алмайды. Салыстыру үшін Гомердің «Илиадасын» қарастырайық, ол 643 дана сақталған қолжазбалар көшірмесіне ие болып екінші орында тұр».  

Британдық мұражайдың жетекші ғалымы (4) былай деген: 

«Ғалымдар ұлы грек және рим авторлардың сол бір бума қолжазба еңбектеріне сүйеніп, түпнұсқалық дерлік қолжазбалар бар деп қанағаттанып жүр… ал Жаңа келісім қолжазба көшірмелерін мыңдап санауға болады». 

          МендеЖаңа келісімніңкөне құжаттары туралы кітап бар. Ол былай басталады: 

«Осы кітапта Жаңа келісімнің 2-ші ғасыр мен 4-ші ғасырдың басында (б.з. 100-300 ж.ж.) жазылған 69 көне қолжазбалар транскрипцисі жинақталған.  Онда Жаңа келісімнің 2/3 бөлігінің мәтіндері бар» (5). 

Басқадай айтқанда олардың көбі көне қолжазба көшірмелерін құрайды, яғни Жаңа келісім жазылған түпнұсқадан кейін 100 жылдар шамасында пайда болған. 

Бұл маңызды, өйткені олар рим императоры Константин (шамамен б.з. 325 жылдары) билік басына келгенге дейін болған, яғни Католик қауымның ықпалына дейін; өйткені олардың екеуін Киелі кітап мәтіндерін өзгертті деп жиі айыптайды. Біз осы айтылғандарды тексеріп, Константин билік басына келгенге дейін мәтін мен одан кейінгі мәтіндерді салыстырып, өзгеріс бар жоғын анықтайық. Біз салыстыру нәтижесінде мәтіндердің толық сәйкес екенін көреміз. 

Б.з. 200 жылдардағы хаттар мәтіні мен б.з. 1200 жылдарда жазылған хаттар мәтіндері бірдей. Католиктік қауым да, император Константин де Киелі кітап мәтіндерін өзгертпеген. Бұл жай діни наным емес, ол ғылыми фактілер негізінде дәлелденген. 

Бұдан қандай қорытынды шығады? Осы уақыт аралығы мен көшірме санына байланысты объективті өлшей аламыз, (түпнұсқа мен ең ерте жазылған қолжазба көшірмелерді), барлық басқа классикалық еңбектермен салыстырғанда, Жаңа келісім өте үлкен дәрежеде тексеруден өтті. Барлық куәліктер әкелген қорытынды жайлы келесі дәйексөзде көрсетілген (6):

«Жаңа келісімнің қорытынды мәтіндеріне күдікпен қарау, барлық басқа классикалық көне құжаттарды қараңғылыққа батырғанмен бірдей, өйткені олардың мәтіндері Жаңа келісім мәтіндері сияқты жан-жақты аса мұқияттылықпен тексерілген жоқ». 

Бұл жерде автор бізді дәйекті болуға шақырады, өйткені егер біз Киелі кітап мәтіндерінің көне көшірмелеріне күдікпен қарасақ, онда барлық басқа классикалық тарихи құжаттардың ақиқаттығына да күдік ұялайды, ал ондайға бірде-бір білімді тарихшы жол бере алмайды. Түпнұсқа жазылғаннан кейін 1300 жыл өткен және 8 ғана көшірмесі бар Геродоттың еңбегін неге сенімді деп қабылдаймыз, ал түпнұсқа жазылғаннан кейін 100 жыл ғана өткен және 24000 көне көшірмесі бар Киелі кітап мәтіндерін неге өзгерген деп санауымыз керек? Біз осылай өзімізге-өзіміз қарсы шығып отырмыз. 

Киелі кітаптық мәтіндердің уақыт пен биліктер өзгерісіне қарамастан өзгеріске түспегені бізге мәлім, өйткені көне қолжазба көшірмелері осы оқиғалардан бұрын болған. Мысалы бірде-бір ортағасырлық тақуа Иса Мәсіхті кереметтеріне байланысты Киелі кітап мәтініне еш өзгеріс кіргізбегенін біз білеміз, себебі сақталған қолжазба көшірмелер орта ғасырдан бұрын сақталған және сол кереметтер сонда жазылған.  

Төменде берілген суретте Жаңа келісім қолжазбалардың жазылу хронологиясы көрсетілген:

Қорытындылайық: Бізге жетпеген Киелі кітаптың алғашқы қолжазбалары уақыттың өзгеруіне және мәсіхші көсемдерінің еркіне байланысты мәтіндері өзгеріске немесе бұрмалануға түспеген. Қазіргі Киелі кітап баяғыда авторлармен жазылғандарды дәлме-дәл жеткізді деп сеніммен айта аламыз. Мәтіндік сын әдісі, Киелі кітап мәтіндері өзгермегенін растап отыр.   

Әдебиеттер тізімі:

  1. Taken from McDowell, J. Evidence That Demands a Verdict. 1979. стр. 42-48
  2. Comfort, P.W. The Origin of the Bible, 1992. стр. 193
  3. McDowell, J. Evidence That Demands a Verdict. 1979. стр. 40
  4. Kenyon, F.G. (Британ мұражайының бұрынғы директоры) Our Bible and the Ancient Manuscripts. 1941 стр.23
  5. Comfort, P.W. “The Text of the Earliest New Testament Greek Manuscripts”. стр. 17. 2001
  6. Montgomery, History and Christianity. 1971. стр.29

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *