Home » Құран Киелі кітапты ауыстыру үшін түсірілген бе? Ол туралы Құран не дейді?

Құран Киелі кітапты ауыстыру үшін түсірілген бе? Ол туралы Құран не дейді?

  • by

Киелі кітап (Таурат, Забур және Інжіл) бізге дейін өзгеріске түспей және бұрмаланбай жеткенін Құран Кәрім мен Сунаның растағанын көрдік (осы жерден және осы жерден қара). Ал Құран Киелі кітапты ауыстырды ма деген сұрақ әлі де ашық қалып отыр. Шынында да Құран түсірлгеннен кейін Киелі кітап қажетсіз болып қалды ма? Осы туралы Құранның өзі не дейді? 

(Мұхаммед Ғ.С.) саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді (Мәида 5:48)

  Құраннан бұрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мұса (Ғ.С.) ның кітабы бар еді. Міне осы Құран зұлымдық қылғандарға ескерту, жақсылық істеушілерді қуанту үшін арап тіліндегі растаушы бір Кітап Ахқаф 46:12. 

Бұл (Құран) кенттердің анасы Меккеліктерді, маңындағы адамдарды үгіттеуің үшін біз саған түсірген өзінен бұрынғыны растаушы құтты бір Кітап. Сондай ақыретке сенгендер, бұған сенеді де, олар намаздарына сақтық істейді Әнам 6:92.

  (Мұхаммед Ғ.С.) сондай саған біз уахи еткен Құран, ол хақ. Алдынғыны растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы

Фатыр 35:31.

 Осы аяттардың бәрі Киелі кітаптың бұрынғы ілімдерін ешкім өзгертпеген және бұрмаламағанын  растап отыр. Басқадай айтқанда сенушілер бұрынғы аяндардан бас тартып, тек жаңа түскендерді қолдансын деген сөз жоқ. Керісінше сенушілер жаңа ашылғандарды зерттеп оқығандары сияқты бұрынғы ілімдерді де ұстануға тиіс деп жазылған. 

Осы жайлы яғни, алдында түскендер мен жаңа түскен ілімдер арасында ешқандай айырмашылық жоқ екенін растайтын аяттар бар. Міне соның екеуі: 

Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүміндер де барлығы: Аллаға, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді. «Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бой ұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың» деді .

Бақара 2:285

 Және оларға: «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға әрі Ыбырайым, Ысмайыл, Ысхақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ға берілген нәрселерге сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. (Бәріне де сенеміз) және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз» деңдер. (Бақара 2:136)

 Бірінші аятта пайғамбарлар арасында айырмашылықтар жоқ – олардың бәрі біздің құрмет етуімізге лайықты делінген. Екінші аятта пайғамбарлық аяндар арасында айырмашылықтар жоқ – олардың бәрін бірдей қабылдауымыз керек дейді. Өздеріңіз көріп отырғандай бұл жерде бұрынғы аяндар жаңа іліммен ауыссын деген бірде-бір сөз жоқ, немесе осы себептен одан бас тартыңдар да делінбеген. 

Осылардың бәрі Иса Мәсіхтің (ғ.с.) істегендері және айтқан ілімдерімен біртұтас болып тұр. Ол да Таурат пен Забур ілімдері ендігі жерде жарамайды деп үйреткен жоқ. Тіпті керісінше – Ол олардың ілімдерінің өзектілігі жаңарған үстіне жаңара береді дейді. Інжілде Мұса пайғамбар (ғ.с.) жазған Таурат туралы Оның қандай құрмет және ілтипат көрсеткені жазылған: 

  Мені Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбаларының күшін жою үшін келді деп ойламаңдар: Мен оларды жою үшін емес, қайта, толық мағынасында жүзеге асыру үшін келдім. Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше, Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады. Сондықтан кімде-кім ондағы өсиеттердің тіпті ең кішкентайын болса да бұзып, басқаларды соған үйретсе, Құдай Патшалығындағы адамдардың арасында оның жолы ең кішкентай болады. Ал өсиеттерді орындап, жұртты соған үйреткендердің Құдай Патшалығындағы жолы үлкен болады. Сендерге айтамын: егер Құдайдың әділ еркін дін мұғалімдері мен парызшылдардан  артық орындамасаңдар, Оның Патшалығына еш кіре алмайсыңдар!

Матай 5:17-20

Сонымен бірге Ол өз сөздерін дұрыс түсіне алуы үшін, алдымен Таурат және Забур ілімдерін мұқият зерттеу керектігін айқындады. Осыған байланысты Ол шәкірттеріне былай деді:

 Оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді.

Лұқа 24:27


 Содан кейін Мәсіх Иса: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, — деп,

Лұқа 24:44

Иса Мәсіх (ғ.с.) алдындағы ілімдердің күшін жоймады. Керісінше Оның ілімдері Таурат пен Забур ілімдеріне негізделіп отырды. Мін сондықтан да біз Оның үйреткенімен жүріп және өз ілімімізді Таураттың бірінші беттерінен бастағанымыз дұрыс – өйткені бізде де Інжілді түсіне алатын қабылет негізі болу керек.   

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *