Skip to content
Home » Інжіл бұрмаланған! Хадистер не дейді?

Інжіл бұрмаланған! Хадистер не дейді?

  • by

Біз Киелі кітаптың құрамы болған Таурат, Забур және Інжіл кітаптары бұрмаланбағандепҚұранныңрастағанынкөрдік. Інжіл Шарифты ұстанушылар, б.з. 600 жылдары Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) заманында Жазбаны Алла Тағаладан алды деп, Құран анық айтып тұр; бұл Інжіл Шариф сол заманға дейін өзгеріске  түспеді деген сөз. Інжіл хабарлары шындық онда былай делінген дейді Құран: 

1. Алланың Сөзі.

2. Оның Сөздері ешқашан өзгермейді. 

Егер осы екі тұжырым анық болса, онда Киелі кітап (Таурат, Забур және Інжіл) сөздерін адамдар еш өзгерте алмайды. 

Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) және Киелі кітап 

Хадистер мен Суна осы тақырып жайлы не дейтінін қарастырайық.  Келтірілген хадистер Мұхамбет пайғамбардың (ғ.с.) заманында Тауратты және Інжілді пайдаланғанын растап тұрғанына мән беріңіз: 

«Содан кейін Қадиша үйінен шықты және өзімен бірге немере бауыры Варакьені ерте келді… ол джахили заманында мәсіхшілікті қабылдап, Алланың разылығы үшін яһуди жазбаларын пайдаланып, Інжіл Шарифтен қажетті үзінділерді жазып алып жүрді» Сахих аль-Бухари хадистері 1- том, 1-ші кітап, №3. 

Абу Хурайрдің айтқаны: Жазба адамдары Тораны иврит тілінде оқып, мұсылмандарға араб тілінде түсіндіріп отырған. «Содан кейін Алланың елшісі былай деді: «Жазбаның адамдарына сенбеңдер, оларға былай деңдер: «Біз Аллаға сенеміз және түсірілгеннің бәріне иман келтірдік» Сахих аль-Бухари хадистері 9- том, 93-ші кітап, №632.  

Еврейлер Алланың Елшісіне келіп, өздерінің арасында зина жасаған еркек пен әйел ұсталғанын айтты. Алланың Елшісі оларға сұрақ қойып: «Торадан заңды жаза Ар-Раджм (тас атып өлтіру) таптыңдар ма?» Олар былай жауап қатты: «Біз олардың қылмыстарына үкім шығардық және дүреге жықтық». Абдулла бин Салам былай деді: «Сендер өтірік айтасыңдар; Торада  Раджм тәртібі бар». Раджм аяты онда жазылған. Олар: «Мұхамбет ақиқатты айтты, Торада Раджм (тас атып өлтіру) аяты бар» – деді.Сахих аль-Бухари хадистері 4- том, 56-ші кітап, №832.   

  Абдулла ибн Омар: «Бір топ еврейлер келіп, Алланың Елшісін (ғ.с.) Қағбаға шақырып былай деді: «Әбілқасым, біздің бір адамымыз әйелмен зина жасады, сондықтан оның үкімін шығар». Олар Алланың Елшісі отыру үшін астына жастық төседі. Ол жастыққа отырған соң: «Тораны әкеліңдер» – деді. Оған кітапты әкелгенде, ол астынан жастықты шығарып, соның үстіне Тораны қойып былай деді: «Мен саған және сені ашып Көрсеткенге сенемін» Абу Дәуіттің Суннасы, 38 кітап, №4434. 

 Абу Хурайрдың айтқаны: “Алланың Елшісі: «Жұмада таңның атқаны ең жақсы күн; сол күні Адам ата жаратылған…»  – деді. Ка’б айтты: «Сол күн жылына бір рет келеді». Мен былай жауап бердім: «Ол күн әр жұма сайын болады». Ка’б Тораны оқып: «Алланың Елшісі ақиқатын айтты»

  Абу Дәуіт Суннасы 3 кітап, № 1041

Бұл теңдесі жоқ хадистер бізге Мұхамбет пайғамбардың (ғ.с.) өз өмірінде Киелі кітапты қалай құрметтегенін көрсетіп тұр. Бірінші хадис, Пайғамбардың қызметі барысында, Інжіл бар әрі қолжетімді болғанын хабарлайды. Екінші хадис, мұсылмандықтың алғашқы дәуірінде еврейлер Тауратты иврит тілінде оқығанын көрсетеді. Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) олардың мәтіні туралы пікір айтпады, бірақ оның араб тіліндегі түсіндірмесіне немқұрайлық танытты.  

Содан кейінгі екі хадис, Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) шешім шығарарда, Таурат сол заманда қандай күйде болса, оны сол күйінде пайдаланғаны туралы баяндайды. Соңғы хадис, Мұхамбет пайғамбардың (ғ.с.) өзі, сол заманда адамзаттың қай күні (жұмада) жаратылғанын растау үшін, Тауратты пайдаланғанын көрсетеді. Мұхамбет пайғамбардың (ғ.с.) өзі, ілімнің дұрыстығына көз жеткізу үшін Тауратқа жүгінуі, оның осындай дүниеге пайдалануға жарайтын шынайы әрі ақиқат болғанын дәлелдейді. Осы хадистердің еш қайсысынан Киелі кітап өзгертілді немесе бұрмаланды деген бірде-бір емеурін де таппаймыз. 

Інжілдің (Жаңа келісім) ең көне қолжазбалары

Менің қолымда Інжілдің (Жаңа келісім) ең көне құжаттары туралы жазылған кітап бар. Оның кіріспесі былай басталады: 

«Осы кітапта 2-ші ғасырдың басы мен 4-ші ғасырдың басы (б.з.100-300 ж.ж.) арасында жазылған, Жаңа келісімнің 69 көне қолжазбасы жинақталған… онда Жаңа келісім мәтіндерінің 2/3 бөлігі бар». 

(Comfort, P.W. “The Text of the Earliest New Testament Greek

Manuscripts”, 17 бет, 2001

Бұл қолжазбалардың маңыздылығы сол, кейбір адамдардың Киелі кітап мәтінін өзгертті дейтін, (б.з.325 ж.) Рим императоры Константиннің билік басына келгеніне дейін бар болғанын дәлелдейді. Егер Константин Киелі кітап мәтіндерін өзгертсе, онда біз оның билік басына келгеннен кейінгі мәтіндерді, оған дейінгі мәтіндермен салыстырып анықтайтын едік. Бірақ, ешқандай айырмашылықтар болмады. 

Сол сияқты Киелі кітап мәтін көшірмелері, Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) келгенге дейін жасалған, яғни мыңдаған басқа көне қолжазбалар б.з. 600 жылдары бар еді және ол біздің қолымызға жер бетінің әр түкпірінен жиналып алынды. Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) б.з. 600 жылдары Киелі кітап мәтіндерін ақиқат шындық ретінде пайдаланды; сонымен бірге біздің қолымызда бүгінгі таңдары Мұхамбет пайғамбарға (ғ.с.) дейін жүздеген жылдар бұрын  жасалған Киелі кітаптың көптеген көшірмелері бар, олар – біз қолданып жүрген қазіргі Киелі кітаппен бірдей. Осының бәрі Киелі кітап мәтіндері ешқандай өзгеріске ұшырап бұрмаланмағанына нық дәлел бола алады. 

Мәсіхшілер Киелі кітап мәтіндерін өзгертті деген тұжырымдары,  еш ақылға сыймайды. Әлемнің әр түкпіріндегі сонша көп адамдардың Киелі Жазбалар мәтіндерін өзгертейік деп бірдей келісім жасауы мүмкін емес дүние. Тіпті егер Араб елінің тұрғыны мәтінді өзгертсе, онда Сирия немесе Еуропада тұратын бауырластардың жасаған көшірмелерінде айырмашылықтар бірден анықталар еді. Алайда, қолжазба көшірмелері бүкіл әлем бойынша, бұрын қандай болса бүгін де дәл сондай болып, еш өзгеріссіз сақталған. Құран Кәрім мен хадистер б.з. 600 жылдары інжілдік мәтіндердің бар болғанын растап отыр. Киелі кітап мәтіндері сол заманнан да бұрын пайда болғандықтан, қазіргі Киелі кітап мәтіндері өзгеріске түсіп бұрмалануы мүлде мүмкін емес. Төменде берілген уақыт сызбасы, Киелі кітаптың негізгі түпнұсқа көшірмелері б.з. 600 жылдарға дейін бар болғанын көрсетеді.   

Таурат пен Забурдың көне қолжазба көшірмелері одан да ерте заманда пайда болған. Өлі теңіз ормасы деген атпен әйгілі, орамалар жиынтығы 1948 жылы Өлі теңіз маңында табылған. Ол қолжазба ормалары негізінен Таурат пен Забур жырлары мәтіндерін құрайды және жазылу уақыты шамамен б.з.д. 200-100 жылдарға келеді. Бұл дегенміз, екі пайғамбар Иса Мәсіх (ғ.с.) және Мұхамбет пайғамбар (ғ.с.) дүниеге келмей тұрған кездерде сол жазбалар болды деген сөз. Олардың екеуі де өз замандарында Таурат пен Забурды әйгілеп әрі қолдай отырып пайдаланды, сондықтан пайғамбарлар қолданған алғашқы кітаптар еш өзгеріске түсіп бұрмаланған жоқ. Киелі кітаптқа ғылыми көзқараспен қарағанда да дұрыстығын көрсететін жерін осы мақалада қарастырғанмын. 

Мұхамбет пайғамбардың (ғ.с.) хадистердегі куәліктері, Киелі кітап мәтіндері өзгеріске түсіп бұрмаланбаған деген – Құранның Киелі кітапқа байланысты жасаған қорытындысына нұсқайды. 

Ежелгі заманнан бері бізге дейінгі Киелі кітап қолжазбалары 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *