Skip to content
Home » Киелі кітап қалай аударылған?

Киелі кітап қалай аударылған?

  • by

Әдетте Киелі кітапты түпұсқалық (иврит немесе грек) тілінде оқымайды. Ол сол тілдерде оқу мүмкін емес дегенді білдірмейді. Ол тілдер қол жетімді және ғалымдар Киелі кітпаты түпнұсқалық тілдерде оқи алулары үшін университетте иврит және грек тілдерін үйренеді. Теолог-ғалым болғысы келетіндер Киелі кітапты дәл осы әдіспен оқиды. Бірақ көптеген сенушілер иврит және грек тілдерін білмейді, сондықтан олар Киелі кітапты өз ана тілдеріне аударылған нұсқаларын оқиды. Содан болар, Киелі кітаптың түпнұсқалық нұсқасын ешқашан көрмейміз десек те болады сондықтан, Киелі кітаптың түпнұсқасы жоғалған, ал оның аудармаларының мағынасы өзгерген деген ойлар да қоса жүреді. Сондай қорытынды шығармай тұрып, Киелі кітаптың аудару үрдісі туралы көбірек білуге тырысайық. Біз оны осы мақалада қарастырамыз. 

Аудару және  транслитерация

Алдымен аударудың негізгі тәсілдерінің бірімен танысайық. Аудармашылар кейде сөзді басқа тілге аударғанда мағынасын емес, транслитерация қолданады, ол әсіресе атау мен лауазымдарға байланысты.   Осы әдіс транслитерация деп аталады. Төменде берілген сызбада мағынасы мен транслитерациялық аударудың айырмашылығы көрсетілген. «Бог» сөзін араб тілінен орыс тіліне аударудың екі тәсілі бар. Біріншісі – мағынасы бойынша «Бог», екіншісі транслитерация бойынша «Аллах». 

Осы мысалда «Құдай» сөзінің бір тілден екінші тілге мағынасы және транслитерация бойынша аудармалары көрсетілген. 

Соңғы жылдары араб пен орыс тілі арасындағы өзара әрекеттесуі артқаны сонша, «Аллах» термині орыс тілінде Құдайды білдіретін атау болып сіңіп кетті. Есімге немесе лауазымға байланысты мағынасы мен транслитерация бойынша аудармалардың қатып қалған ережелері жоқ. Аудармашының таңдауы жаңа атау аудару тіліне қалай қабылданатынын негізге алады.  

Септуагинта

Киелі кітаптың алғашқы аудармасы б.з.д 250 жыл бұрын аударылған, онда Көне келісім (Таурат пен Забур) иврит тілінен грек тіліне аударылды. Осы аударма Септуагинта (немесе LXX) атауын иеленді және жалпыға ортақ қабылданды. Жаңа келісім кейін грек тілінде жазылғандықтан, оның авторлары грек тіліндегі Септуагинта сөзін өзгеріссіз қалдырды.  

Септуагинтадағы аудару және транслитерация

Төменде берілген сызбадағы тік төртбұрыштардың көмегімен аударма кезіндегі қазіргі Киелі кітап мәтіндері қалай көрінетінін байқауға болады. 

Киелі кітапты қазіргі тілдерге аудару үрдісі 

Иврит тілінегі Көне келісім (Таурат пен Забур) түпнұсқасы 1-ші тік төртбұрышта орналасқан; біздің заманымызда олар Масореттік мәтін және Өлі теңіз маңынан табылған орама қолжазба. Септуагинта иврит тілінен грек тіліне аударма болғандықтан, 1-ші және 2-ші тіктөртбұрыштар арасындағы көрсеткілермен белгіленген. Жаңа келісім ең алғаш грек тілінде жазылған, сондықтан 2-ші тік төртбұрышта Көне және Жаңа келісімдер орналасқан.  

Төменгі екі тік төртбұрышта қазіргі тілдерге аударылған Киелі кітап нұсқасы (біздің жағдайымызда орыс тілі) көрсетілген. Сонымен бірге, Көне келісім иврит тілінен аударылса (1 -> 3), ал Жаңа келісім – грек тілінен (2 -> 3) аударылған. Дегенмен жоғарыда қарастырғанымыздай, есімдер мен лауазымдарға байланысты аудармашылар, мағынасы немесе айтылуы (транслитерация) бойынша таңдап аудара алады. Олар аудару және транслитерация деген жазулармен жасыл көрсеткілермен белгіленген; ал аудармышылар осы екі әдістің кез-келгенін қолдана алады. 

Киелі кітап бұрмаланды деген сұраққа Септуагинтаның куәлігі

Септуагинта аудармасы иврит тілінен б.з.д. 250 жыл бұрын аударылғандықтан, біз керісінше (грек тілінен иврит тіліне қайтадан аудару арқылы) сол кездегі аудармашының қолында қай қолжазба мәтіні болғанын анықтай аламыз. Екі мәтін де бірдей болып шыққандықтан, б.з.д. 250 жыл бұрынғы Көне келісім өзгеріске түспеді деп нық айта аламыз. Бірнеше жүздеген жылдар бойы Септуагинтаны Орта шығыстағы және Жерортатеңіз маңындағы еврейлер, мәсіхшілер және тіпті басқа ұлт өкілдері де оқыды – ол әлі күнге дейін Орталық шығыста кеңінен пайдаланады. Егер де біреу (еврей, мәсіхші, басқа бір адам), Көне келісім мәтініне өзгеріс енгізсе, онда Септуагинта иврит тіліндегі түпнұсқадан айырмашылығы көрінер еді. Бірақ осы екі мәтінде еш айырмашылық болмады. 

Сол сияқты егер біреу, мысалы Александрия немесе Мысырда Сепуагинта қолжазбасын өз еркіне сай көшірсе, онда Орта шығыс немесе Жерортатеңіз маңындағы қолжазбалардан айырмашылығы болар еді. Бірақ олар да бірдей болып шықты. Сондықтан осы келтірілген куәліктер, Көне келісім мәтіндері ешқашан өзгеріске түспегенін дәлелдейді. 

Септуагинта және қазіргі аудармалар

Сондай-ақ, Көне келісімді қазіргі тілдерге аудару барысында, Септуагинтке жүгінеді. Аудармашы мамандар, Көне келісімдегі шатастыратын үзінділерді талқылау кезінде күні бүгінге дейін Септуагнита мәтіндерін пайдаланады. Грек тіліндегі аударманы түсіну оңай, сондықтан иврит тіліндегі күрделі түсініксіз сәттерді аударған кезде, осыдан 2250 жыл бұрын аудармашылар осы үзінділерді грек тілінде қалай түсіндіргенін салыстыру үшін Септуагинтке жүгінеді. 

Аударма/транслитерация және Септуагнитаның рөлі, «Христос», «Мессия» және «Мәсіх» терминдерінің қайдан пайда болғанын және олардың Исаға (ғ.с.) қандай қатысы барын түсінуге көмектеседі. Осыны түсініп алмай, Інжіл кітабындағы басты хабарды талқылау қиын болады. Исаның барлық аттарын келесі мақалада қарастырамыз. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *